Мазмұнға өту

Жаңа

Кеңес үкіметінің қазаққа қарсы саясаты

Астана. 31 наурыз. Baq.kz-«Алашорда» партиясы екi мақсатты көздедi. Бiрiншiсi - қазақ халқын отаршылдық қамытынан босату. Екiншiсi - қазақ қоғамын өркениеттi халықаралық қауымдастыққа қосу. Алаш бағдарламасының жобасында «барша халық тегiн бiлiм алуы керек» деп көрсетiлген. "Қазақ", "Айқап" басылымдарында олар қазақ өмiрiнiң мәселелерi, қазақ қоғамын реформалау туралы мәселе көтерiп, Ресей империясының отарлық саясатының жағымсыз тұстарын ашық сынады. Мәдениет пен бiлiмді дамытуға көп еңбек сiңiрдi.


Қазақ қоғамындағы ұлт-азаттық қозғалыс негiзiнде екi нәрсе жатыр: бiрiншiсi - жер мәселесi, екiншiсi - мемлекет ретiнде өзiн-өзi басқару мәселесi. Қазақстандағы қозғалыстар таптық мазмұнда емес, ұлттық мазмұнда болды. Байтұрсынов 1919 жылы Ленинге жазған хатында: "Қазақстандағы ұлт мәселесiне қатысты большевиктердiң нақты бағдарламасы, iс-қимыл жоспары жоқ", - деп ашық айтқан. Бiрақ Ленин де Байтұрсыновтың ұсыныстарын қабыл алмады. Большевиктер осылайша аз ұлттарды мемлекеттiк дербестiкке байланысты толық табиғи құқынан айырды. Оның орнына зорлықпен сырты қызыл, тапшыл, интернационалшыл, ал iшкi мазмұны жағынан орыстық, ақ империялық жолға түстi.
1918 жылдың көктемінде Алашорда үкiметiнiң тапсырмасымен Кеңес өкiметiнiң басшыларына Екiншi қазақ съезiнiң шешiмдерiн жеткiзу үшiн Оралдан Мәскеуге Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер барады. Азамат соғысының алдында тұрған большевиктерге қазақ автономиясымен ымыраға келу аса маңызды едi. Сондықтан Ленин мен Сталин Алашорда өкiлдерiн қуана қарсы алды. Лениннiң тапсырмасы бойынша Сталин 19 наурызда Алашорда үкiметiмен келiссөз жүргiздi. Кеңес өкiметiнiң атынан сөйлеген ол екiншi қазақ құрылтайының шешiмi мен "Ресей халықтарының құқығы" туралы декларациясы үндес деп мәлiмдедi.
Алашорда үкiметi Кеңес өкiметiн тану туралы Сталин ұсынысын талқылап, Ресейдегi барлық автономиялардың кiндiк үкiметi екенiн мойындайтынын бiлдiрдi. Жалпықазақ құрылтайының қаулысы бойынша, Алаш автономиясын жариялады. Алашорда кеңесi Алаш автономиясына кiретiн уездер мен облыстарды көрсетедi. "Кеңес өкiметi бiзге шекарамызды белгiлеп бердi деген пiкiр - түбегейлi қате. Шындықты бұрмалау. Бұл жаңсақ пiкiрдi қалыптастырған кеңес өкiметi. Шын мәнiнде, шекарамыз "Алашорда" кеңесiнде белгiленген болатын",– дейдi М. Қойгелдi.
Оның пiкiрiнше, кеңес өкiметi қазақ автономиясын жариялауға мәжбүр болған. Азамат соғысы жағдайында оларға бұдан басқа жол жоқ едi.
Алашорда тек қана қазақ ұлтының ғана емес, бүкiл қазақстандықтардың үкiметi болатынын, оның құрамына қазақтардан басқа ұлттардан мүшелерi кiретiнiн, Алаш автономиясында заң шығаратын Һәм ел билейтiн үкiмет Алашорда болатынын, құрылтай жиналысы шақырылып, билiктiң сын-сипаты анықталғанға дейiн советтер тек қана Алашордаға жәрдемшi ретiнде мiндет атқаратыны ашық айтылды.
"Кеңес одағы Алашорданың бұл ұстанымдарына түсiнiстiкпен қараған сыңай танытқанымен, iс жүзiнде қабыл алған жоқ. Өйткенi, "Алашорданың" бұл ұсыныстарын қабыл алу - қазақ елiнiң ұлттық мемлекеттiлiк құқығын мойындаумен бiрдей деген сөз", - дейді тарихшы.
Сол себептi де Сталин қитұрқылық жасап ұлттық мемлекет құруға ұмтылған Алашордадан iргесiн аулақ салып, Әлiби Жангелдинге назар аударды. Ол - қазақ даласындағы кеңес өкiметiнiң комиссары болатын. Кеңес өкiметi Алашорданың жауларымен жақындаса бастайды. Орынбордың кадет корпусын бiтiрген, губернатордың жанында қазақ басылымдары бойынша цензор қызметiн атқарған, сұлтан Мұхамедияр Тұңғачиндi кеңес өкiметi қолдады. Ол төңкерiске дейiн "Айқап" газетiне қарсы адам болатын. Тұңғачин берген ақпарат бойынша Байтұрсынов патша өкiметi тұсында бiрнеше рет түрмеге түскен. Бөкейханов өзiнiң мақаласында отставкаға кеткенiн, орнына "ислам дiнiнен шығып, христиан дiнiн қабылдаған, фамилиясын Степновқа, шапанын кительге айырбастаған Жангелдиннiң келгенiн ашық жазған. Ал Жангелдиннiң мақсаты қайткенде де Алашорданы саясат сахнасынан ығыстырып шығару болды.
Сталин "Үш жүз" атты социал-демократиялық партия құрдым, Алашордаға қарсымын» деген Көлбай Тоғысовты қолдау керек екенiн айтқан. "Сталин ұлттық пассионар тұлғаларды кеудесiнен итерiп, бейiмделгiш адамдарды қолдады. Бұл саясат 1920 жылдары да, Сталин өлгеннен кейiн де жүрдi", - дейдi М.Қойгелдi.
Кеңес өкiметi тұсында Қазақстанды 20 адам басқарды. Соның төртеуi ғана қазақ болды. Соның бiрi - Жұмабай Шаяхметов. М.Қойгелдiнiң пiкiрiнше, Сталин Шаяхметов кандидатурасын мынадай себептермен қолдаған: Жұмабай Шаяхметов - Солтүстiк Қазақстан облысындағы НКВД-ның үшiншi бөлiмiн басқарған адам. НКВД-да он жыл жұмыс iстедi. Партия басшылығына да осы қызметтен келдi. Ол қазақтың көрнектi қайраткерiн жазалауда сан түрлi жаңа азаптау тәсiлдерiн енгiзген. Сталин үшiн Шаяхметов өз адамы едi.
"Сталиннiң тұсында Қазақстанды басқара алатын зиялы, бiлiктi, интеллектуалды тұлғалардың үлкен шоғыры болды. Бiлiм-бiлiгi тұрғысынан Алашорда Кеңес үкiметiнен әлдеқайда жоғары тұрды. Алашорда құрамында арнайы орта бiлiмi бар бiр-ақ адам болды. Ол Ә.Отыншиев едi. Қалғандары түгелдей жоғары оқу орындарын бiтiрген-дi. Сталин бұлардың бiрiн де Қазақстан билiгiне өткiзген жоқ. Қазақстанды басқара алатын адамдардың бәрiн Мәскеуге шақырып алды. Сталин мұнысымен Қазақстандағы национализм өртiн сөндiргiсi келдi, - дейдi М.Қойгелдi.
Сталиннiң қазақ зиялылары мен қайраткерлерiнен хабарсыз болуы мүмкiн емес. Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел, Жаһанша Досмұхамедовтермен түрлi себептер бойынша жүздесiп, кеңестiк ұстанымдағы Рысқұлов, Сейфуллин, Нұрмақов, Асфендияров және Мыңбаев сияқты қайраткерлермен кездесiп, түрлi мәселелерге қатысты пiкiр алысып тұрған. "Қазақтың саяси элитасын Сталин жақсы бiлдi. Қазақ зиялыларында сталиндiк билiкке деген қарсылық өте күштi болды", - дейдi М.Қойгелдi.
НКВД-ның бiр офицерi Голощекин мен Сәдуақасовқа жазған хатында: "Қазақстанда не болып жатқандарын бiлесiздер ме? Қазақ қайраткерлерiнiң үстiнен бақылау қойылды. Олардың қандай пiкiрде екенiн, кiмдермен қарым-қатынаста екенiн, интимдiк мәселесiне дейiн бақылау қойдық. Бұл не деген сұмдық? Бұл қандай билiк? Мұндай нәрсенi тоқтатыңыздар" деп өтiнген. "Мұндай бақылау барлық мұсылман қайраткерлерiнiң үстiнен қойылған болатын", - дейдi тарихшы.
ХХ ғасырда бұрын-соңды тарихта болмаған тоталитарлық диктатуралық режимдер пайда болды. Бiрiн-бiрi бiтiспес жау санағанымен, национал-социализм мен большевизм егiз қозыдай ұқсас болғаны баршаға мәлiм. А.Жандосов қазан төңкерiсiнен кейiн КСРО-да қандай қоғам құрылғаны жайында сөз еттi. "Социализм болды ма? Олай деуге ешкiмнiң де аузы бармас. Сонда бұл қоғамды қалай атауға болады? КСРО-да 30-жылдары мемлекеттiк капитализмнiң, социализмнiң, феодализмнiң, азиялық өндiрiс тәсiлдерiнiң элементтерi болды. Бiр сөзбен айтқанда, қойыртпақ құрылыс орнады. КСРО-да мынадай қоғамның топтары болды. Бiрiншiсi - құлдар - ГУЛАГ тұтқындары. Екiншiсi - басыбайлы шаруалар. Бұлар кеңестiк колхоз бен совхоздың жұмысшылары", - дейдi ол

Дәулетқали Асауов

 
0
0
4551

Қазақша ма әлде орысша ма? Интернационалис пікірінің өзгерілуі

Серікболсын ағам кезінде мені интернационалиспіз деп, арамызда қазақша түсінбейтін бір адам болса да, ол түсіну үшін орысша сөйлеуіміз керек деп үйреткен.
Бүгін, он жыл өткесін арамызда орысша түсінбейтіндер үшін қазақша сөйлеуіміз керек деген пікірге келдім. Неге? Қазақша сөйлемесек, қазақтілділерді шектейміз. Ал орыстілділер үшін дискриминация болмайды. Өйткені он жылдың ішінде кем болғанда "Хабар" жаңалықтарын да тыңдап, тұрмыстағы қазақшаны үйренуге болатын еді. Ал орысша білмейтін шетелден келген отандастар және ауылдың қазақтары үшін, сонымен бірге синхрондық аударма қызметі үшін қыруар ақша жұмсамау үшін, мемлекеттік тілде сөйлегеніміз дұрыс деп ойлаймын.
Сонда да өзімді интернационалиспін деп санаймын. Айтпақшы, "интенационалистің" қазақша баламасы бар ма?

Махамбет Абжан

0
1
628

Қазақстанның Жастар кадрлық резервіне жаңа үміткерлерді тіктеу басталмақ!

2013 жылдың 8 сәуірінде «Жастар кадрлық резерві» жобасының ресми сайтында www.rezerv.kz Республикалық жастар кадрлық резервіне жаңа үміткерлерді тіркеу басталады.

Жоба мақсаты – Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін тиімді қызмет атқаратын жас мамандарды іріктеу және әрі қарай жетілдіру. «Жастар кадрлық резерві» жобасы жас, дарынды және белсенді қазақстандықтар арасынан басқарушы кадрларды таңдауға, іріктеу мен даярлауға және тәрбиелеуге бағытталған.  2013 жылы бұл жоба бесінші рет жүзеге асырылады.

Байқауға 29 жасқа толмаған, қазақстандық немесе шетелдік жоғары білімі бар Қазақстанның барлық аймақтарының ӘРБІР жас азаматы қатыса алады.

2009-2012 жылдар арасында «Жастар кадрлық резерві» жобасына 8 000 астам жастар қатысып, олардың 300-і ашық байқаудан, тестілеуден, білім беру модульдерінен, кәсіби дағдыларының бағалануынан, сондай-ақ, мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, қоғамдық ұйымдарда тәжірибелерден өтіп, мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім беру, БАҚ алдыңғы қатарлы өкілдерімен кездесті.

«Жастар кадрлық резерві» жобасының түлектері – белсенді өмірлік ұстанымы бар, стратегиялық ойлау қабілеттері жоғары және дәстүрлі әдістерден тыс шешімдер қабылдай алатын жастар. Қазіргі таңда резервисттер мемлекеттік қызмет, бизнес және қоғамдық қызмет салаларында қызмет атқарып жүр.

«Жастар кадрлық резерві» жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» ХДП, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.

Жоба туралы толық ақпаратты ресми сайттардан ала аласыздар:

www.rezerv.kz, www.zhasotan.kz.

 
1
0
1577

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде әскери білімнің бүгінгі жай-күйі мен келешекте дамуы сұрақтары бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қорғаныс университетінің, Кадет корпусының және басқа оқу орындары әскери кафедраларының өкілдері қатысты. Шетелден аталмыш шараға Беларусь Республикасы Әскери Академиясы мен Беларусь ұлттық техникалық университеті Әскери-техникалық факультетінің делегациясы қатысты.

Кездесуге келген қонақтарға осы шараны өткізуге мұрындық болған Евразия Ұлттық университетінің әскери кафедрасы туралы деректі фильм көрсетілді. Конференцияға қатысушылар әскери білімге инновациялық педагогикалық технологияны енгізудің өзектілігін, оқу орындарының студенттері мен курсанттарын дайындаудың сондай-ақ, оқытушылардың педагогикалық әдістерінің шеберлігін арттырудың жолдарын талқылады.

– Тақырыптың өзектілігі ортақ күшті жұмылдыру арқылы тәжірибе алмасу, ҚР ҚК әскер білім және ғылымның келешегі туралы тапсырмаларды айқындау арқылы бар проблемаларды шешу,-деді ЕҰУ әскери кафедрасының бастығы генерал-майор Уәли Еламанов.

Конференция жұмысының соңында аталған бағыт бойынша тығыз үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыруға және кадрлар дайындау жүйесінде тәжірибе алмасуға шешім қабылданды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
638

Курсанттар белгілі жазушымен кездесті

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында белгілі жазушы, драматург «Платиналық тарлан» сыйлығының лауреаты Исраил Сапарбаевпен «Махабат – мәңгі ертегі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Оқытушылар мен курсанттар бұл кездесуді асыға күтті, себебі белгілі ақынның шығармалары аталмыш институт жастары арасында  жақсы танымал.

Болашақ офицерлер құрметті қонақ үшін үлкен мәдени бағдарлама әзірледі. Сахнада ақын өлеңінің сөзіне жазылған әндер курсанттардың орындалуында шырқалды. Әсіресе курсанттардың өздері  жазған  өлеңдері  ақын Исраил Сапарбайды  таң қалдырды. Ақын курсанттар қойған сұрақтардың барлығына толыққанды жауап беруге тырысты.
Белгілі жазушы әскери оқу орнының курсанттарына поэзияға деген құштарлықтары үшін алғысын айтып, мұндай шаралардың әскери қызметшілерді патриоттық, рухани және адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы зор екендігін атап өтті. Кездесу соңында ақын курсанттардың өтініші бойынша олардың блокноттарына қолтаңба қалдырып, өлең жинақтарын сыйға тартты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Болашақ офицерлер құрметті қонақ үшін үлкен мәдени бағдарлама әзірледі. Сахнада ақын өлеңінің сөзіне жазылған әндер курсанттардың орындалуында шырқалды. Әсіресе курсанттардың өздері  жазған  өлеңдері  ақын Исраил Сапарбайды  таң қалдырды. Ақын курсанттар қойған сұрақтардың барлығына толыққанды жауап беруге тырысты. Белгілі жазушы әскери оқу орнының курсанттарына поэзияға деген құштарлықтары үшін алғысын айтып, мұндай шаралардың әскери қызметшілерді патриоттық, рухани және адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы зор екендігін атап өтті. Кездесу соңында ақын курсанттардың өтініші бойынша олардың блокноттарына қолтаңба қалдырып, өлең жинақтарын сыйға тартты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
808

Ел болам десең бесігіңді түзе!

Қазір қазақ жастары, Қазақстандық жастар басын батыс мәдениетіне, әсіресе АҚШ мәдениете бұратыны айтпаса да түсінікті. Сөзді сол АҚШ-тан бастасақ. Қазіргі таңда бұл елде жас отбасылар неке қиған күннен бастап 3 жыл көлемінде 70 %-ы отбасылық түсініспеушіліктерге душар болып, ақыр соңында ажырасып тынады екен. Көрші Ресейде де бұл мәселе мәз емес. Ал бізде қалай?

Тақырыпқа толық енбес бұрын мына суретке назар аударсақ...

(Астана қаласы, Б.Момышұлы көшесі)

Көріп тұрғандарыңыздай балаларды дамыту орталығы мен ересектердің эротикалық тауарлар дүкені көрші болатын заманға да жетіппіз. Оқырман қауым мені «тырнақ астынан кір іздеп отыр» деп ойлап қалмасын, бірақ шыдам таусылды. Бұл милионнан бір ғана мысал. Сол «тырнақ астындағы кір» ертең тұтас ұлт бетіндегі «кірге» айналмасына кім кепіл... Неге шенеуніктер осындай ынғайсыз жағдайлар туындамас үшін белгілі бір ережелер шығарып, мұндай екі қайнаса сорпасы қосылмайтын орындардың арасында белгілі бір ара-қашықтық қоймасқа.

Қазіргі таңда біз жастарды бақылауымыздан жіберіп алып отырмыз. Жастар үлкендерді, үлкендер жастарды түсінбейді. Басқаша сөзбен айтқанда ұрпақтар сабақтастығы жойылуда. Егер біз өскелең ұрпақты түсінуге ұмтылмасақ, олар бізді түсінуге өмірлік тәжирибелері жетіспейді. Егер ұрпақ тәрбиесі біз үшін маңызды болса өзіміздің ұрпақтарымыздың жүріс-тұрысын біліп отыруымыз қажет. Қазір қандай ата-ана баласының қандай интернет сайтта, жолдастарымен қандай тақырыпта сөйлесетінен мүлде бейхабар.   «Білмеймін, әйтеуір құрғыр компьютер мен телефоннан басын алмайды» - деп қолымызды бір сілтей саламыз. Ал оның салдары қазіргі кезде жақсы жағдайларға алып келіп жатқан жоқ. Өскелең шақтың тәрбиелілігінің аздығына біз жастарды кінәлап жатамыз. Үлкен қателік! Ата-аналар кінәлі. Қай қоғамда болсын өзінің «опасыздары» мен «жарайсыңдары» болады, бірақ қазақ жастары қазіргі кезде ай санап емес күн санап құлдырауда. Білім бар, тәрбие аз. Ол күн сайын жүріп жатқан үрдіс.

Қазақ қазақты сынап жатса мән бере қоймаймыз, жәй айтылып жатқан сөздер сияқты көреміз, тарих куә. Қандай атақты, ғұлама тұлғаларамыз іштері қыж-қыж қайнап, қанша ұран тастап кетті. Тіпті тура сөзбен «Оян Қазақ!» - деп те шырылдады. Бәрін қойып енді өзгелер сынауда, мүмкін солардың сөзі әсер етер. Мәселен, бәріміз білетін Герольд Бельгер. Танымал публицист, әдебиетші, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов аталарымыздың шығармаларының аудармашысы былай деп сөз түйіндепті: «Менің үйімнің қасында қазақтың таңдаулы мектебі орналасқан. Сабақтан кейін балалар олай-бұлай жүгіріп жүреді. Бірақ олар тек орыс тілінде сөйлейді. Ата-аналары, ата-әжелері келіп, олар да орысша сөйлеседі балаларымен. Бұл мені жабырқатады. Жақында осы Қазақстандық «Х-Факторды» көрдім. Қазақтар сахынаға шығып, ағылшынша, орысша өлеңтер айтады. Бұл батыстық еліктеу, батыстық нақыш. Ұлттық ешнәрсе жоқ. Бұл ұят...Олар шетелде опера арияларды, классикалық музакаларды айтып, скрипкада барынша тырмыңдап ән салады. Мұнымен ешқандай Еуропалықты таң қалдыра алмайсың. Оған оның қажеті жоқ. Сен одан да өз әніңді айт. Тек сол кезде сен басқаға қызықты көрініп, беделге ие боласың.  Олар біреуден асып түскісі келе ма? Мен үнемі айтам: «Қазақ, не істесең де сен американдық бола алмайсың! Орыс та болмайсың! Қазақ болып қала бер. Осында сенің бақытың!». Шындық бар ма? Шындықты қойшы, намыс қайда кетті екен...

Бұл бір ғана тақырып, енді жастардың моральдық тұсына келсек. Кезінде «Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтіреді» деуші еді. Қазір ол пікір де көнерді. Болмай жатса шетелге қашып кететін болдық. Жылқы мінезді, қой көзді ер жігіттер күннен күнге сиреп бара жатқаны қынжылтады.

Ал қыздардың жүріс-тұрысы қалай? Ешкімнің ар-ожданына немесе жеке өміріне деген қол сұғушылық деп түсінілмесін. Бірақ, «ұлы сөздің ұяты жоқ» деп, кішкене ғана статистикаға мән берсек. Еліміздегі 1992-95 жылдары туылған жас қыздар арасында 1988-91 жылдары туылған қыздармен салыстырғанда жыныс аурулары мен ардың бұзылуы 2,5 есе көп екен. Алдыңғы буын өкілдерімен салыстыруға тіпті намысымыз жібермейді. Бұл нені білдіреді, бұл  - уақытпен бірге жастар да бұзылуда екендігін көрсетеді. Осылай жалғаса берсе сол американдық отбасылық статистиканы біз де қайталаймыз.

Сонау өткен ғасырдың 40-жылдары фашисттік Германия КСРО-ға соғыс ашпас бұрын әртүрлі зерттеулер жүргізген екен. Сол зерттеулердің қорытындысының бір есебінде: «Егер нақты, қатал әрі тез шабуылдармен жеңбесек, 21 жасқа дейінгі қыз-келіншектерінің 90 % ар-намысын сақтаған, рухани мықты елді жеңу оңайға түспейді» - деген екен КСРО туралы неміс зерттеушісі.  «Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу» - қаншама мағына жатыр десеңші. Жалғыз қаракөз қыздарымыз емес, жігіттеріміздің тәрбиесі де үлкен назарды қажет етеді. Қазір көшешедегі жастарды тоқтатып:  «Қазақ жігіті қандай болуы керек?», «Қазақ қызы қандай болуы керек?» - деген сұрақ қойып қалсаңыз әр-қайсысы әртүрлі жауап береді. Себеп - ОРТАҚ ИДЕОЛОГИЯ ЖОҚ. Шешеуніктердің бюрократиялық есептері жастары қызықтырмақ түгілі, жастар оларға мән бермейді де. Одан да, ел алдына шығып, ұрандатып, ар-намысты оятып, көз алартып, жастардың бастарынан сипап, қолдарынан алып тәрбиелік сөз сөйлесін. Сол кезде халыққа да, жастарға да жақындайды. Ал қазір біз жастарды уысымыздан, бақылаумыздан шығарып алдық. Жастар бытырап кеткен, ортақ мүдде жоқ. Олардың бастарын біріктіретін де шаралар жоқтың қасы. Тұп қазық мектептен бастау керек. «Әдеп» сабағының маңыздылығын ескере отырып, тіпті жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін арнай сабақ ашсақ қалай болады? Өзімізді өзіміз танып болдық қой...

Қандай мықты елде болмасын «сен өзіңнің кім екеніңді ұмыстпауың керек» деген сияқты нақыл сөздер бар. Сол сөзді біздің жастарға да айтқым келеді. Біз ең бірінші кім екенімізді ұмытпауымыз қажет.

Әрине, қол сілтеп әркім өзі біледі қалай өмір сүретінін деуге де болады. Бірақ сол жастардың ертеңгі ұрпағы Сіздің ұрпағыңызбен, олардың немерелері  Сіздің немерелеріңізбен бірге өмір сүреді. Бәрі бір-біріне тікелей әсер ететін, өзара байланысты құбылыстар.

Әркім өзінің қамын ойлап, эгоисттік көрсететін ұлт  ұзақ өмір сүре алмайды. Тарих төреші. Ал біздің олай өмір сүруімізге құқығымыз жоқ! Бір адам халқын, халық кез-келген азаматын қорғай білуі тиіс. Егер Мәңгілік ел болғымыз келсе, Адай ақын айтпақшы «әр қазақ менің жалғызым!» деп өмір сүруіміз қажет. Сол кезде қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заман болатыны аян.

 

Равиль Нұржанов

 
0
0
5351

Алматы көшелері: Мағазы Масанчи

Бүгін «Екпіннің» «Алматы көшелеріне саяхат» атты айдарында Орта Азия мен Қазақстандағы азамат соғысының батыры, Алматы қаласының тумасы Мағазы Масанчидің құрметіне аталған көше.

Мағазы Масанчи көшесі Байтұрсынов және Амангелді көшелерінің аралығында орналасқан. Қаланың солтүстігінен оңтүстігіне қарай Мақатаев көшесінен басталып, Сәтпаев көшесіне дейін созылып жатыр. Ол Жібек жолы, Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы көшелерін және Абай даңғылын қиып өтеді. Бұрынғы атауы «Дүнген» көшесі. Кезінде бұл көшенің бойында Шығыс Түркістаннан көшіп келген дүнгендер қоныстанған. Олар бау-бақша өсірумен, кірпіш құюмен, жүк тасмалдаумен, ұсақ сауда жасау кәсіптерімен шұғылданған. Қазіргі уақытта Масанчи көшесінің бойында көп қабатты тұрғын үйлер салынып, көгалдандырылған.




















Мағазы Масанчи 1885 жылдың 14 шілдесінде Верный қаласында көп балалы, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінде мал бағып, егістікте жұмыс істеп күн көріп жүрген Мағазыны 1908 жылы патша әскеріне шақырып, сол жылы ол әскерге кетеді. Содан он жылдай әскери қызметте жүреді. 1916 жылы Ташкент запас полкіне жаңадан алынғандар арасында большевиктердің тапсырмасы бойынша соғыс пен патша өкіметіне қарсы үгіт жұмысын жүргізген.

1917 жылы патша өкіметі құлағаннан кейін Масанчи солдаттар комитетіне сайланып, Ташкент жұмысшылары мен солдаттарының қарулы көтерілісіне қатысады. Сөйтіп 1917 жылдың 1 қарашасында Түркістан өлкесінің орталығында Совет өкіметі орнайды. 1918 жылы ол Коммунистік партияға мүшелікке қабылданады. Содан 1919 жылдың қаңтар айында Ташкент қалалық Советіндегі горнизон өкілі болуға жіберіледі. Қаңтардың 18 күні қызыл гвардия отрядының құрамында осипшылардың Совет өкіметіне қарсы бүлігін жоюға белсене қатысқан.

Қызыл гвардияшыл мұсылман отрядтарын бастап басмашылар мен «Қоқан автономияшыларына» қарсы күрескен. 1920 жылдың 5 наурызында Верныйға қайтып келіп, Верный күзет батальонының командирі болып тағайындалады. Наурыз айының аяғында ақгвардияшылардың Прежевальск уезінде болғалы жатқан бүлігін жоюға жіберіледі. 1920 жылы республика басшылығының бұйрығымен Ораз Жандосов, Абдолла Розыбакиев сынды өзінің жақтастарымен Верный қаласында 8-ші қырғыз (қазақ) бригадасын ұйымдастырады.

Кейін Түркістан дүнгендерінің жеке атты әскер полкі құрылып, оны басқару Мағазы Масанчиге тапсырылады. 1921 жылы ол Түркістан АССР ОАК мүшелігіне сайланып, Коминтеридің ІІІ-ші Конгресіне делегат болып қатысып, сол кезде В.И.Ленинмен кездескен. Содан 1922 жылдың наурыз айында партия Мағазыны Верныйға жұмысқа жібереді. Верныйға келіп ол Жетісу облысы әкімшілігі басқармасының бастығы болып тағайындалады. Сол кезде облыс жер бөлімі коллегиясының мүшесі, Жетісу облысы кооперация одағының басқармасы мен «Қосшы» одағы обкомының мүшесі болып сайланады.

1922 жылы Жетісу комсомолының ІІІ съезінде Түркістан Коммунистік Жастар Одағының құрметті мүшесі болып сайланған. Кейінгі уақытта Өзбекстанда біраз уақыт кеңестік органдарда жауапты қызметтер атқарып, 1936 жылы Верный қаласына қайтып келіп Қазақ КСР әкімшілік-шаруашылық басқармасын басқарады. 1937 жылы Мағазы Масанчи Ташкент қаласына іс-сапармен барғанда НКВД тарапынан тұтқындалып, сол жылы «халық жауы» ретінде ату жазасына кесіледі. Оның есімі тек 1957 жылы ақталып шыққан.

Фото: Айжан Кәрібаева

Мәтін: Айнұр Ракишева

Бұл айдардың толық материалдар тізімі:

Малбағар Меңдіқұлов көшесі

Ораз Жандосов көшесі

Өмірбек Жолдасбеков көшесі

Абдолла Розыбакиев көшесі

Тайыр Жароков көшесі

Жұмағали Сайын көшесі

Досмұхамедов көшесі

Нұрмақов Нығмет көшесі

Бағаутдин Шағабутдинов

Ғани Мұратбаев көшесі

Зейін Шашкин көшесі

Сырбай Мәуленов көшесі

4
5
4419

Понтоншылар тәжірибелерін шыңдады

ПантонИнженерлік-саперлік әскерлерінің полигонында екі апта бойы понтонды-көпір батальонының понтонды-көпір батальонының әскери қызметшілері инженерлік қамтамасыз ету сұрақтарын пысықтады.

Офицерлер мерзімді қызметтегі сарбаздарға понтонды өзен өткелі арқылы қалай дұрыс пайдалану керектігін, өзіне бекітілген қарудан атуды, сеніп тапсырылған инженерлік техниканы шебер басқаруды үйретті.Далалық жаттығулар понтонды-көпір батальонының рота мен взвод командирлеріне штаттық техниканы кең түрде тәжірибе жүзінде пайдалану  үшін тапсырмалар қою тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік жасады.

Сержанттар командирлердің берген нұсқауларын қабылдауды және өз бағынысындағыларға  күрделі жағдайда тапсырма беруді үйренді.Батальон басқармасы бөлімшеге тактикалық-арнайы дайындықтың барлық тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындауы үшін тактикалық жағдай туғызды.

Бұл тапсырмаларды  орындау белгіленген нормативтер бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылды.Нормативтер бойынша тапсырмаларды орындау нәтижесінде понтонды құрастыру және жинаудан, қарудан атудан және техника жүргізуден ең үздік есептоптар белгілі болды.– Дала жаттығулары инженерлік-саперлік әскерлерінің офицерлері мен сарбаздарына шеберліктерін шыңдауға, жекелеген есептоптардың өзара іс-қимылын қалыптастыруға септігін тигізеді,-деді  батальон командирі майор Самат Мұқанов.

– Дала жаттығулары кезінде қойылған тапсырмалар толық көлемде орындалды.Понтонды-көпір бөлімшелері әскерлер мен әскери техниканы өзендерден бөгеттерден өткізуді ұйымдастыруға арналған. Понтонды бөлімшелердің көмегімен су бөгеттерінен 20 тоннадан астам жүктерді өткізуге мүмкіндік бар.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі


0
0
262

Нұрлан Қаппаров Әбу-Дабидегі «жасыл» қалашықты аралап көрді

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров биылғы жылдың 24 наурызында Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің қолдауымен Әбу-Дабиде салынып жатқан экологиялық таза «Масдар Сити» «жасыл» қалашығында болды, деп хабарлайды ҚОҚМ баспасөз қызметі.

http://bnews.kz/kk/news/post/130254/

0
0
362