Тікелей эфир

Алматы көшелері: Сырбай Мәуленов

Мәуленов көшесі Жетісу және Алмалы аудандарында орналасқан. Ол қаланы солтүстіктен оңтүстікке қарай Мақатаев, Гоголь, Қабанбай батыр, Шевченко, Құрманғазы көшелерін қиып өтіп, Абай даңғылына дейін созылып жатыр. Негізі көше ХІХ ғасырдың соңында пайда болған. Бұрынғы атаулары: Солдат, Интернационал. Көшенің ұзындығы 2850 метр.

Ақын Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында, қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ақын өзінің балалық шағы туралы бір естеліктерінде: «Менің кіндік қаным тамып, кең дүниеге көзімді ашып қараған жерім Қызылжыңғыл да, нәресте ойым да бала қиялым тербеген бесігім, табиғаттың таза ауасын, жазық даласын, өзен суын алдыма тосқан, алғаш маған өмір есігін ашқан, білім босағасын аттаттырған, бүкіл жаратылысымен қаныма құйылып, жанымда ойнаған қасиетті шаңырағым — Торғай бойы, Тосын тоғайы», — дей келе, өзінің есіміне байланысты «...Сол жылы жоқшылық айдап, біздің үй Торғайдан толқындай төңкеріліп, Қызылжыңғылға құлаған екен. Атымды, сыр бойында туды деп Сырбай қойыпты. Шілдеханамда Торғайдан Сарысу өзенін жекжаттарын сығалап келген Тосынбайдың Әлиі деген ауыл ақыны батырлар жырын толғапты. Сөйтіп менің құлағым өлеңнің азанымен ашылыпты. Келесі жылы жазғытұрым біздің үй қайтадан Торғайға көшіп кетіпті. Мені жұрттың біресе Сырдыкі, біресе Қырдікі деп айтуы осындай жағдайлардың салдары себеп болса керек. Сократ айтқандай, «адамға қайда туса да, бүкіл әлемнің азаматы болуы мұрат» деген екен.

Өзінің туған жерінде орта білім алған Сырбай, 1938 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Екінші курс оқып жүрген уақытында 1940 жылы оны әскерге шақырады. Дондағы Ростовта әскери қызметін өтеп жүріп сырқатқа шалдығады. Содан ауруына байланысты әскерден босатылады. Алайда 1941 жылыдың 22 маусымында неміс фашизмі Кеңестер Одағына соғыс ашқан уақытында еліне оралған жас ақын өзі сұранып майданға аттанады.
Сөйтіп 1942 жылы ол Волхов майданына лейтенант шенінде соғысқа кіріп, ротаның саяси жетекшісінің орынбасары болады. 1943 жылы Ленинград блокадасын бұзу уақытында Сырбай Мәуленов ауыр жараланып, алты айдай госпитальда жатады, емделіп шыққаннан кейін соғысқа жарамсыз деп табылып, ауылына оралады.

Майданнан келгеннен кейін 1943 жылдан 1950 жылдар аралығында Сырбай Мәуленов Қостанай облыстық радиокомитетінде редактор, «Большевиктік жол» газетінде редактордың орынбасары болып қызмет атқарып жүріп, өлең өнерімен беріле шұғылдануына мүмкіндігі мол Алматыға аттанады. Алматыға келіп 1951-1955 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957-1961 жылдары Жазушылар Одағында әдеби кеңесші, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторының орынбасары болып, 1964-1971 жылдары «Жұлдыз» журналының, 1971-1977 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып қызмет еткен.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1937 жылы Жамбыл облысының «Колхозшы» газетінде жарық көрсе, «Өлеңдер» деп аталатын алғашқы жинағы 1948 жылы жарыққа шыққан. Одан кейін 1958 жылы «Таңдаулы өлеңдер» атты таңдамалысы, 1966 жылы «Шаңқай түс» жинағы жарыққа шығады. Ақын бүгінгі күні елуден астам жыр кітаптарының авторы.
Сондай-ақ 1966 жылы «Жер нәрі» атты әдеби портреттер мен очерктер жинағы, 1971 жылы Абай, Ыбырай, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қасымдардың өмір жолдары көркем бейнеленген «Үркер төбеде тұр» кітабы, естеліктер мен портреттер, этюдтер кітабы жарық көрді.






















Сырбай Мәуленовтың 1961 жылы балаларға арнап жазған «Барлаушы бала», 1963 жылы «Құлыншақ», «Бала жолбарыс», 1966 жылы Амангелді Имановтың балалық шағы туралы «Қорқақ торпақ» сынды көптеген өлеңдер мен әңгімелері жарық көрген.

1972 жылы ақынның 2 томдық «Таңдамалылары», 1982-1984 жылдары үш томдық шығармалар жинағы басылып шыққан. Оның «Жаңа көктем» (1956), «Дала таңы» (1957), «Көгілдір таулар» (1964), «Жер нәрі» (1970), «Апрель жапырақтары» (1972), «Таңдамалы лирикалары» (1972), «Жапырақтар жанады» (1972) өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. Ақын өлеңдері орыс тілі арқылы әлемнің өзге көптеген тілдеріне аударылған. А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Некрасов, М.Ломоносов, Д.Байрон, В.Маяковскидің әдеби шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Сырбай Мәуленов "Апрель жаңбыры«(1967), «Қызыл арша» (1969) атты жыр жинақтары үшін ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970), Қазақстанның Халық жазушысы, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Қазақ әдебиетінің классик ақыны, халық сүйген ардагер, ұлт мақтанышы Сырбай Мәуленов 1993 жылы ұзаққа созылған ауыр науқастан 13 ақпан күні дүниеден озды.
Бүгінгі күні ақынның атында Алматы, Астана, Қостанай, Арқалық, Қызылорда қалаларында көше аттары мен мектептер аталынады. Алматы қаласында өзі тұрған үйге (Мәуленов көшесі, 129) мемориалды тақта қойылған.



Мәтін: Айнұр Ракишева

Фото: Айжан Кәрібаева

Бұл айдардың барлық материалдары:

Малбағар Меңдіқұлов көшесі

Ораз Жандосов көшесі

Өмірбек Жолдасбеков көшесі

Абдолла Розыбакиев көшесі

Тайыр Жароков көшесі

Жұмағали Сайын көшесі

Досмұхамедов көшесі

Нұрмақов Нығмет көшесі

Бағаутдин Шағабутдинов

Ғани Мұратбаев көшесі

Зейін Шашкин көшесі

Алия Arsik
7 наурыз 2013, 10:25
20107

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

ОоО знакомые строения...
Я жил напротив в общежитии КазАТК как раз напротив дома Мауленова.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 21494
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 4127
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2838
  • 31
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
27 апр. 2017 / 14:09
  • 2374
  • 26
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2370
  • 2
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 2248
  • 16
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 2296
  • 5
Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Мне часто доставались мужчины, поломанные браком. Таких почти сразу видно – у них маска состоявшегося мужчины по швам трещит. И каждый из них реагирует по-своему. Поясню на паре примеров.
Jamiklisa
вчера / 14:21
  • 2362
  • 98
Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Мы живём, возможно, уже совсем в другом обществе, а не в том, к которому привыкли. Не первый год Казахстан периодически потрясают жуткие истории о рабстве.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 9:39
  • 2063
  • 19