Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Министр қорғаныс өнеркәсіп кәсіпорнындарына барды

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі С.Ахметов Петропавлда орналасқан  қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарын аралады.

С.Ахметов «Ауыр машина жасау Петропавл зауыты», «С.М.Киров атындағы зауытта» және «Мұнаймаш» зауытына барып, кәсіпорындарындардың өндірістік-технологиялық мүмкіндіктерімен, шығарылатын өнімдер желілерімен танысты.

Министрге зауыт өкілдері өз өнімдерін ү.ж. 22-25 мамырда Астана қ. өтетін үшінші халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді.

С.Ахметов ҚР Қарулы Күштерін одан әрі жетілдіру және қайта қару-жарақтандыруда, армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті мәселелерін шешуде қорғаныс-өнеркәсіп кешендерін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
570

Жауынгерлік даярлық бойынша экспресс-тестілеу өтеді

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері бөлімшелерінің арасында жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған жарыс басталды. 15-22 мамыр аралығында өтетін жауынгерлік жарысқа 25 команда қатысады. Бұл Аэроұтқыр әскерлері және «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлері атынан сынға түстетін 600-ден астам адам. Жыл сайын өткізіліп тұратын шара барысында оған қатысушы әскери қызметшілерге атыс қаруының әр түрінен, жаяу әскер жауынгерлік машинасының қаруынан, танк және артиллерия қару-жарағынан бақылау ату жаттығулары бойынша тапсырмаларды орындауға тура келеді. Алыс қашықтыққа ату жарысы бойынша әскери қызметшілер өздерінің ату қаруын игерудегі кәсби біліктіліктерін дәлелдеуі керек. Жауынгерлік жарыстың экспресс-тестілеу қорытындысы бойынша оған…

0
0
673

Ұшқыштар құрамымен кездесу

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі С.Ахметов 7 мамырда «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындық және оны өткізу барысы аясында Қарағанды гарнизонында болды.

Министр Қарағанды маңында шоғырланған авиациялық бөлімде болды. С.Ахметов жеке құраммен кездесуде оларға Астанада өтетін әскери парадта кәсіби шеберліктері мен жоғары деңгейдегі үйлесімділік көрсету туралы тапсырма қойды.

Ол, сондай-ақ, белгіленген ұшу сағаттарын орындаған ұшқыштарды сыныптық біліктілікпен марапаттады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
420

Алғашқы әскери дайындық мәселесіне – баса назар аударылды

Қазақстан Республикасының Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесі жанындағы Республикалық жас армияшылар бірлестігінің кезекті төртінші отырысында мектептердегі алғашқы әскери дайындық сұрақтары талқыланды. Республика аймағы бойынша бейнеконференция тәсілімен өткен іс-шараға Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының білім беру саласының басшылары қатысты. Жиналысты ашқан ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары полковник М.Таласов мектептердегі алғашқы әскери дайындық бағдарламасын жүзеге асыруда бұл шараның маңызы бар екендігін атап өтті. Ол өз сөзінде мектептегі әскери дайындықты ұйымдастыруға бақылау жасайтын өкілетті орган ретінде Қорғаныс министрлігі мен Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарыны…

0
0
691

«Танк биатлоны» бойынша іріктеу жарыстары өтті

Аягөз гарнизонының «Майлино» оқу орталығында ҚР ҚМ Құрлық әскерлері танк экипаждары арасында «Танк биатлоны» бойынша іріктеу жарысы өтті. Оған «Оңтүстік», Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарынан және Аэроұтқыр әскерлерінің танк экипаждары қатысып, шеберліктерін көрсетті. Әскери қызметшілер алдында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник С.Жасұзақов аталған шараның маңыздылығына тоқталып, оның жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін тексеруге және шілде-тамыз айларында халықаралық жарысқа қатысатын ең үздік экипажды іріктеуге мүмкіндік жасайтындығын айтып, жарысқа қатысушыларға ақ жол тіледі Экипаждар жеке жарыста Т-72 танкісімен 12 шақырымдық күрделі маршрутты жүріп өтті. Жол бойына қойылған бөгеттер, өткелдер, танкілерге қарсы қойылған орлар…

0
0
463

Әріптестік мақсаттары талқыланды

ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдерінің Астанадағы жұмыс кездесуінің басты тақырыбы 2014-2015 жылдарғы әріптестік мақсаттарды іске асыру мәселелері болды. НАТО-ның «Жоспарлау және талдау» бағдарламасын орындау шеңберінде өткен кездесуде ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін дайындықтарға, оқу-жаттығуларға, сондай-ақ, көпұлтты контингент құрамында бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ операцияларына қатысуға дайындау мәселелері талқыланды. НАТО-ның 2014-2015 жылдарғы бағдарламасының жаңа циклына бітімгершілік контингенттерін БҰҰ мен НАТО стандарттары бойынша дайындау және жарақтандыру, қорғаныстық жоспарлауды зерделеу, штаб офицерлерін оқыту, киберқауіпсіздік мәселелері кіреді. Ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің…

0
0
323

«Жасыл ел» акциясы батыс өңірінде

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Қоғамдық кеңес өткізген «Жасыл ел» акциясы шеңберінде Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов Атырау гарнизонында болды. Өңірге жұмыс сапары барысында полковник М. Таласов Қоғамдық кеңестің XVII пленарлық отырысына және «Жасыл ел» еңбек маусымының ашылуына қатысты. Полковник М. Таласов Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ. Дүйсембаевпен кездесіп, жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі бірлескен іс-шараларды іске асыру мәселелерін талқылады. Ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының штабында болып, қолбасшы басқармасының және әскери бөлімдердің офицерлерімен, сержанттармен, Атырау қаласындағы жалпы білім беретін және арнайы оқу орын…

0
0
740

ҚР Әскери әуе күштеріндегі жаттығу ұшулары

Астана қаласында ү.ж. 7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында ҚР Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана және Қарағанды авиабазаларына көшірілді. Авиация техникасын көшіру Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Н.Орманбетовтің басшылығымен жүзеге асырылды. Мұнда ұшу құрамы жаттығу ұшуларының элементтерін пысықтайтын болады. Кәсіби шеберлік, тәртіп пен бірлесе жұмыс істей білу мәселелеріне айрықша назар аударылады. Авиация генерал-майоры Н.Орманбетов: - Қазіргі уақытта біз жұп болып және буындар құрамында ұшуды пысықтау үстіндеміз. Біздің ұшқыштар жоғары деңгейде даярланған, олар өз шеберліктерін ұдайы жетілдіріп, шыңдап отырады. Олар мемлекеттік маңызы бар міндетті үздік атқарып шығады деп санаймын, - деп атап өтті. Шерулік саптың жалпы ұшу ре…

0
0
296

Әскери-техникалық саланы өзара дамыту

Бүгін Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзірбайжанға ресми сапары барысында қорғаныс өнеркәсібінің министрі Явер Джамаловпен кездесті.

Кездесу барысында екі тарап әскери саланы одан әрі өзара дамыту жөнінде келіссөздер жүргізді.

«Біз әскери-техника саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде жұмыс тобын құру мәселесін қарастыруға дайынбыз», - деп атап өтті С.Ахметов.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
413

Бакудегі кездесулер

Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзербайжанға ресми сапары шеңберінде Премьер-Министр Артур Раси-Задемен кездесті.

Тараптар екіжақты қазақ-әзербайжан, оның ішінде әскери-техникалық саладағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Бүгін С. Ахметов Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

Кездесу барысында С. Ахметов Әзербайжан көшбасшысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемі мен игі тілегін жеткізді.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
323