Ел болам десең бесігіңді түзе!
Қазір қазақ жастары, Қазақстандық жастар басын батыс мәдениетіне, әсіресе АҚШ мәдениете бұратыны айтпаса да түсінікті. Сөзді сол АҚШ-тан бастасақ. Қазіргі таңда бұл елде жас отбасылар неке қиған күннен бастап 3 жыл көлемінде 70 %-ы отбасылық түсініспеушіліктерге душар болып, ақыр соңында ажырасып тынады екен. Көрші Ресейде де бұл мәселе мәз емес. Ал бізде қалай? Тақырыпқа толық енбес бұрын мына суретке назар аударсақ... (Астана қаласы, Б.Момышұлы көшесі) Көріп тұрғандарыңыздай балаларды дамыту орталығы мен ересектердің эротикалық тауарлар дүкені көрші болатын заманға да жетіппіз. Оқырман қауым мені «тырнақ астынан кір іздеп отыр» деп ойлап қалмасын, бірақ шыдам таусылды. Бұл милионнан бір ғана мысал. Сол «тырнақ астындағы кір» ертең тұтас ұлт бетіндегі «кірге» айналмасына кім кепіл... Нег…