Тікелей эфир

Алматы көшелері: Сайын көшесі

Сайын көшесі Райымбек батыр даңғылынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін созылып жатыр. Көше Төле би, Жандосов, Розыбакиев, Абай даңғылын қиып өтеді.

Бұл көше сонау 60-жылдары қаланың оңтүстік-батыс жағына тұрғын үй құрылысы салынып кеңейуіне байланысты пайда болған. Қазір бұл көше Алматы қаласындағы маңызды автомобиль магистралі болып табылады.

Қазақ совет ақыны Жұмағали Сайын 1912 жылы Көкшетау қаласындағы Арықбалық ауданында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Жұмағали 10 жасынан бастап Көкшетау қаласындағы балалар үйінде тәрбиленеді. Сонда жеті сыныптық білім алып, ауылда мұғалім болып жұмыс істеді. Дәл осы кезеңде оның әдеби шығармашылығы басталады. 1928 жылдары ол ауыл өмірі жайлы қысқа әңгімелер жаза бастайды.

1929-1930 жылдар аралығында Петропавл қаласындағы техникумда, қазіргі Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық колледжінде білім алады. Білімін шыңдау мақсатында 1931 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына келіп түсіп, оны 1932 жылы аяқтайды. Содан кейін Мәскеу институтының "Түрлі-түсті металл және алтын" бөлімінде дайындық курсын аяқтайды.

1932-жылдан бастап 1941-жылға дейін Қарағанды облысында халық ағарту орындарында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар Одағында, қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында қызмет етеді.

Ақынның «Толғау» деп аталатын тұңғыш өлеңі 1932 жылы жарық көреді. Ал тұңғыш өлендер жинағы «Бақыт жыры» деген атаумен 1936 жылы жарық көрген.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда ақын ойланбастан ұлы шайқасқа аттанады. Ол жақта Жұмағали Украинаның оңтүстігінде партизан отрядының комиссары, саяси жетекшісі болады. Шайқастардың бірінде ауыр жараланып екі айдай партизандар оны өздерімен алып жүреді де кейін Михаил Маслов деген кәрі шахтердің үйіне қалдырып кетеді. Қарапайым орыс отбасы оған мейірімділікпен қарап, оны өлім аузынан алып қалады. Дондық шахтер мен оның отбасының бұл игі ісі ақынның жадында ерекше орын алып, артынша оларға бірнеше өлеңдерін арнайды.

1944 жылы елге оралған Жұмағали өзімен бірге майданда болған достары жайлы өлеңдер жазып, оны Қазақстан мемлекеттік баспасынан «Жорық жырлары» деген атаумен басып шығарады.

1944-1947 жылдар аралығында Жұмағали Сайын Қазақ Мемлекеттік филармониясының, Халық творчествосы үйінің директоры болып қызмет атқарса, 1950-1956 жылдар аралығында «Жаңа өмір», қазіргі «Жұлдыз» журналдарында редактордың орынбасары болып қызмет атақарады. Ал 1960-1961 жылдар аралығында Республика көлемінде танымал газет «Қазақ әдебиетінің» бас редакторы болады.

Ақын Ұлы Отан соғысы мен халықтар достығы тақырыбында қалам тербеп жүріп, 1948 жылы «Айғақ» атты жаңа өлеңдер жинағын шығарады. Одан кейінгі жылдары «Алтай», «Таңғы салқын» атты дастандары, өлеңдер мен жырлары жинақталған «Таңдамалы шығармалар», «Жылдар», «Самал», «Таңдамалы» жинағы, «Жолда» жыры мен «Ұмытылмас күндер» деп аталатын әңгімесі жарық көрді.

Жұмағали Сайынның шығармашылығы оның үлкен азаматтығымен ерекшеленеді. Ол М.Ю.Лермонтовтың «Біздің заманның батыры», қырғыздың «Манас» жырының бірнеше бөлімдерін қазақ тіліне аударған болса, өзінің туындылары бірнеше тілдерге аударылып Қазақстаннан тыс газет-журналдардың беттеріне басылып шаққан.

Ақын өзінің өмірбаянында : «Патриотизм дегеніміздің күре тамыры Отанды сүю сезімінде жатқан тәрізді. Өз елін, өз Отанын шын сүймеген адам өз елінін азаматы бола алмайды. Өз елінің азаматы болмаған кісіден батырлық, табандылық та шықпайды. Отан сүю — өз жанынды сол Отан мақсатына түгел арнау, керекті кезеңде өміріңді қию — міне, менімше патриотизм дегеннің толық мағынасы осы» дейді.

Отанын шексіз сүйген азамат, патриот, ақын Жұмағали Сайын 1961 жылдың 28 мамарында ақын, солдат, азаматтың өмір бойы неге ұмтылғандығы туралы жырлап жазып жатқан «Адам» атты дастанын аяқтамастан Алматы қаласында көз жұмады.

Бүгінгі күні Жұмағали Сайын атымен Алматы, Көкшетау қалаларында көше атаулары, Айыртау ауданындағы мектеп аталынады. Алматы қаласында тұрған үйіне (Фурманов көшесі, 120) мемориалды тақта қойылған.

Мәтін: Айнұр Ракишева

Фото: Айжан Кәрібаева

_________________________________________________________________________

Алматы көшелері: Малбағар Меңдіқұлов көшесі

Алматы көшелері: Ораз Жандосов көшесі

Алматы көшелері: Өмірбек Жолдасбеков көшесі

Алматы көшелері: Абдолла Розыбакиев көшесі

Алматы көшелері: Тайыр Жароков көшесі

 
Алия Arsik
29 қараша 2012, 16:39
5569

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Сайын көшесі Алматыдағы кең көшелердің бірі. И.Тасмағамбетов әкім болып келген соң ғана Сайын көшесінің бойындағы түнгі көбелектерге тұсау салынып, тазара бастады... Жалпы Сайын көшесі әдемі көше
Сол Жұмағали Сайын, соның атмен аталған көшенің жағдайын білсе: "жарқыраған көбейлектер" деп қойындар дейтің беді..)
Менің 93-09 жылдары турып өскен көшем. Жетісу Ақсай аулалары өте әдемі.
Жаратқанға сансыз мадақ. Сонша жыл тұрғанымда көбелектерден (көбелек? жарқанат!) сақтап қалды.
Құрметті жазушының фамилиясы Саин емес пе, Есенберлин деген сияқты? Сайын болса, сол кездегі тәртіп бойынша Сайынов болар еді ғой?
негізі әр жерде әр қилы жазылады екен, бірақ біздің журналист материалды кітапханадан алғанын ескерсек, осы нұсқасы дұрыс болар

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Крупнейшая частная школа осознала, что внедрять финскую модель в чистом виде в Казахстане, не имеет смысла. Нельзя давать детям свободу без "идеальных" учителей.
Zhumanova
сегодня / 8:18
  • 2878
  • 6
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2547
  • 41
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1941
  • 20
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1918
  • 36
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1757
  • 17