Мазмұнға өту
Екпiн
Екпiн

Екпiн

451 жазбалар4 тіркелуші

Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.

Паралимпиада қозғалысы: Қазақстанның спорттағы табысты дамуы

Эндрю Парсонс пен Маджид Рашед паралимпиада спортына және Астанада Азия паралимпиада комитеті Бас ассамблеясының 8-ші сессиясын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты Олар Қазақстанда паралимпиада қозғалысы баршаға бірдей мүмкіндік қағидаты аясында жоспарлы әрі дәйекті түрде дамып келе жатқанына назар аударды. – Соңғы жылдары біз елеулі прогресс пен ерен табыстарға куә болдық. Парижде өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан керемет нәтиже көрсетті. Спортшыларыңыз тоғыз медаль жеңіп алды. Соның ішінде алғаш рет екі атлет алтын медальға ие болды. Қазақстан спортшылары өздеріне дейінгі атлеттердің ізін жалғап, өскелең ұрпақты жігерлендіріп келеді. Бұл кездейсоқтық емес, жүйелі жұмыс пен дұрыс таңдалған бағдардың нәтижесі. Біз Қазақстанның паралимпиадалық спор…

0
0
225

Қазақстан жастары: Болашаққа бағдар, мүмкіндіктер мен даму жолында

Сіздер дүние әп-сәтте мың құбылатын заманда өмір сүріп жатсыздар. Жастардың өздерін танытуына мүмкіндік мол. Озық ойлы жастардың қоғам өміріне белсене араласуы, білімпаздығы, еңбек етуге және өзін-өзі дамытуға құштарлығы қуантады. Өйткені еліміздің бүгіні де, ертеңі де – Сіздер. Отанымыздың тағдыры белгілі бір дәрежеде жас буынның күш-қуатына, ой-пікіріне, білім-білігіне, табандылығы мен патриоттық қасиеттеріне байланысты. Мемлекет өскелең ұрпаққа тиісті жағдай жасайды. Қазақстанда білім алу және еңбекпен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге, таланттарды шыңдауға, жеңілдікпен баспана сатып алуға, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған көптеген бағдарлама әзірленіп, іске қосылуда. Бұл игіліктерді 600 мыңнан аса жас көріп отыр. Сондай-ақ олар арнаулы квота арқылы Мәжіліс пен мәслихат…

0
0
248

Үш буынды әйелдердің Польшаға саяхаты: Тамырларды іздеу тарихы

Режиссер Алина Мустафинаның «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі АҚШ-тағы ең көне әрі ең беделді кинофестиваль – 48-ші Asian American International Film Festival аясында «Деректі кино саласындағы перспективті режиссер» номинациясы бойынша үздіктер қатарына енді. Картина Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен бар-жоғы 12 картина ғана ұсынылған. «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» роуд-муви жанрында түсірілген фильм. Қазақстаннан үш буын әйел Польшаға, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан өз атасының қабіріне қарай сапар шегеді. Фильмде түп-тамырын іздеу, жеке тұлғаны тану, ұрпақ сабақтастығы мен…

0
0
354

«Көне Түркістан және Ясауи мұрасы» халықаралық көрмесі: Тарих пен рухани мұраның ерекше сипаты

2025 жылдың 8 тамызында Орынбор губернаторының тарихи-өлкетану музейінде (РФ) «Көне Түркістан және Ясауи мұрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмені мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырды. Экспозицияда бірегей археологиялық жәдігерлер мен Ұлы Жібек жолының орталығы ежелгі Түркістан тарихымен байланысты 150-ден астам құнды жәдігер қойылған. Олардың қатарында сәулет бөлшектері, фотоматериалдар, монеталар, керамикалық бұйымдар және басқа да жәдігерлер бар. Сонымен қатар ортағасырлық монеталар ерекше көзге түседі. Олардың әрқайсысы – өз заманының…

0
0
314

Қазақстанда төрт жаңа балалар анимациялық фильмдерінің өндірісі басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы төрт жаңа анимациялық фильмнің өндірісін бастады. Жобалар балалар мен жасөспірімдерге арналған. Анимациялық фильмдер отандық анимация саласын дамытуға, мәдени құндылықтарды насихаттауға және жас ұрпаққа арналған тәрбиелік, қызықты контент ұсынуға бағытталған. Ұлттық кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, анимация – балалар мен жастардың дүниетанымын қалыптастыратын маңызды құрал. Ұлттық жобаларды қолдау арқылы мәдени мұраны сақтап қана қоймай, жаңа буын авторларына да жол ашатынын айтты. Мемлекеттік қолдауға ие болған жобалардың бірі – «Команда А» атты шытырман оқиғалы анимациялық фильмі. Фильмде жасөспірім қыз ата-анасымен бірге ойын-сауық планетасына сапар шегіп, бөтенғал…

0
0
231

2025 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерді қабылдау жалғасуда

2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды жалғастыруда. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында табысталады. Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді. Конкурсқа Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары қатыса алады. Олар халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен түрлі шаралардың лауреаттары, республ…

0
0
388

«Jas Keñes Siyligi»: 35 жасқа дейінгі белсенді мамандарға арналған байқау

🔹 «Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда ✔️ 2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін «Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр. «Jas Keñes Sıylığı» – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріндегі негізгі салаларда белсенді жас мамандарға табысталады. Сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді https://www.jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады. Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Әр номинация бойынша 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 20 миллион теңге (әр жеңімпазға 1…

0
0
216

«Jas Keñes Siylığı»: Жастарға арналған инновациялық сыйлық ашылды

С 20 июня начался прием заявок на премию «Jas Keñes Siyligi», который продлится до 20 июля 2025 года. «Jas Keñes Sıylığı» - независимая молодежная премия, учрежденная в 2024 году по инициативе Совета по молодежной политике при Президенте Республики Казахстан. Премия присуждается молодым специалистам, проявившим себя в ключевых сферах экономики и общественной жизни страны. На соискание премии могут претендовать молодые специалисты граждане РК до 35 лет (35 лет не включительно) на дату подачи заявки. Заявку на участие в конкурсе можно подать на сайте https://www.jas-kenes.kz/application. Конкурсный отбор будет проходить в 3 этапа. По итогам конкурсного отбора будут выявлены 20 победителей (по 2 победителя в каждой номинации). Призовой фонд конкурса – 20 миллионов (по 1 миллиону каждому побе…

0
0
200

ШЫҰ елдерінің мәдениет министрлері Циндаода ортақ фестивальда кездесті

Қытайдың Циндао қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 22 кеңесі аясында өнер және жастарәні фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараның мақсаты – Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, ұлттық дәстүрлерді насихаттау және ШЫҰ елдері арасындағы достықты нығайту. Фестивальде Қазақстан атынан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Садраддин Болат (SADRADDIN) пен Рухия Байдүкенова қатысты. Ашылу рәсімі жастар ән кеші форматында өтіп, ШЫҰ елдерінің мәдени әралуандығын айшықтады. Сахнада әртістер поп, джаз, опера және аспаптық музыка жанрлары бойынша өнер көрсетті. Айта кетейік, 2025 жылдың 7 шілдесінде Қытай Халық Республикасында ШЫҰ-ға мүше елдердің мәдениет министрлерінің 22 кеңесі өтті. Қазақстан делегациясын бастаған Мәдениет…

0
0
209

ШЫҰ кинофестивалінде қазақстандық фильмдер жоғары баға алды

2025 жылдың 6 шілдесінде Қытайдың Чунцин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері халықаралық кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Биылғы фестивальге қатысушы мемлекеттер екі толықметражды фильмнен ұсынып, негізгі «Алтын камелия» байқау бағдарламасына қатысты. «Үздік актер» аталымын қазақстандық актер Бақыт Қажыбаев иеленді. Бұл марапат оған «Набат операциясы» фильміндегі басты рөлі үшін берілді. Актердің айтуынша, бұл – тек өзінің ғана емес, фильмге жан-тәнімен еңбек сіңірген бүкіл шығармашылық топтың жеңісі. Ол шынайы оқиғаға негізделген бұл хикаяны жүзеге асырудың маңызын атап өтіп, барлық көрерменге алғыс білдірді. «Набат операциясы» фильмі 1992 жылы Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Автобустағы 30 адамды кепілге алған лаңкестерге қарсы құқық қор…

0
0
196