Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Курсанттар белгілі жазушымен кездесті

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында белгілі жазушы, драматург «Платиналық тарлан» сыйлығының лауреаты Исраил Сапарбаевпен «Махабат – мәңгі ертегі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Оқытушылар мен курсанттар бұл кездесуді асыға күтті, себебі белгілі ақынның шығармалары аталмыш институт жастары арасында  жақсы танымал.

Болашақ офицерлер құрметті қонақ үшін үлкен мәдени бағдарлама әзірледі. Сахнада ақын өлеңінің сөзіне жазылған әндер курсанттардың орындалуында шырқалды. Әсіресе курсанттардың өздері  жазған  өлеңдері  ақын Исраил Сапарбайды  таң қалдырды. Ақын курсанттар қойған сұрақтардың барлығына толыққанды жауап беруге тырысты.
Белгілі жазушы әскери оқу орнының курсанттарына поэзияға деген құштарлықтары үшін алғысын айтып, мұндай шаралардың әскери қызметшілерді патриоттық, рухани және адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы зор екендігін атап өтті. Кездесу соңында ақын курсанттардың өтініші бойынша олардың блокноттарына қолтаңба қалдырып, өлең жинақтарын сыйға тартты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Болашақ офицерлер құрметті қонақ үшін үлкен мәдени бағдарлама әзірледі. Сахнада ақын өлеңінің сөзіне жазылған әндер курсанттардың орындалуында шырқалды. Әсіресе курсанттардың өздері  жазған  өлеңдері  ақын Исраил Сапарбайды  таң қалдырды. Ақын курсанттар қойған сұрақтардың барлығына толыққанды жауап беруге тырысты. Белгілі жазушы әскери оқу орнының курсанттарына поэзияға деген құштарлықтары үшін алғысын айтып, мұндай шаралардың әскери қызметшілерді патриоттық, рухани және адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы зор екендігін атап өтті. Кездесу соңында ақын курсанттардың өтініші бойынша олардың блокноттарына қолтаңба қалдырып, өлең жинақтарын сыйға тартты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
774

Осы тақырып бойынша

Курсанттар белгілі жазушымен кездесті - Yvision.kz