Қазақстанның Жастар кадрлық резервіне жаңа үміткерлерді тіктеу басталмақ!

2013 жылдың 8 сәуірінде «Жастар кадрлық резерві» жобасының ресми сайтында www.rezerv.kz Республикалық жастар кадрлық резервіне жаңа үміткерлерді тіркеу басталады.
Жоба мақсаты – Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін тиімді қызмет атқаратын жас мамандарды іріктеу және әрі қарай жетілдіру. «Жастар кадрлық резерві» жобасы жас, дарынды және белсенді қазақстандықтар арасынан басқарушы кадрларды таңдауға, іріктеу мен даярлауға және тәрбиелеуге бағытталған. 2013 жылы бұл жоба бесінші рет жүзеге асырылады.
Байқауға 29 жасқа толмаған, қазақстандық немесе шетелдік жоғары білімі бар Қазақстанның барлық аймақтарының ӘРБІР жас азаматы қатыса алады.
2009-2012 жылдар арасында «Жастар кадрлық резерві» жобасына 8 000 астам жастар қатысып, олардың 300-і ашық байқаудан, тестілеуден, білім беру модульдерінен, кәсіби дағдыларының бағалануынан, сондай-ақ, мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, қоғамдық ұйымдарда тәжірибелерден өтіп, мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім беру, БАҚ алдыңғы қатарлы өкілдерімен кездесті.
«Жастар кадрлық резерві» жобасының түлектері – белсенді өмірлік ұстанымы бар, стратегиялық ойлау қабілеттері жоғары және дәстүрлі әдістерден тыс шешімдер қабылдай алатын жастар. Қазіргі таңда резервисттер мемлекеттік қызмет, бизнес және қоғамдық қызмет салаларында қызмет атқарып жүр.
«Жастар кадрлық резерві» жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» ХДП, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.
Жоба туралы толық ақпаратты ресми сайттардан ала аласыздар:
