Мәжіліс ӘКК мен тұрақтандыру қорларының жұмысын сынға алды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі жөніндегі есебі қаралды. Бұл экономиканың орнықты дамуы, жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірісті дамыту тұрғысынан аса өзекті мәселе болып тұр.


