Мазмұнға өту

Жаңа

7 мамырда Қарулы Күштердің Жауынгерлік парады өтеді

Қазақстан тарихында 2013 жылғы 7 мамырда – Отан қорғаушылар күні тұңғыш рет Қазақстан Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өтеді.

Үйреншікті әскери парадта әскери қызметшілердің саптық дайындығы және техника мен қару-жарақтың кейбір үлгілері сандық жағынан көрсетіледі. Жауынгерлік  парадта офицерлер мен сарбаздардың кәсіби дағдысы, бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ Қазақстан армиясының қарамағындағы қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндігі көрсетіледі.

2013 жылғы 7 мамырда Гвардейск гарнизонының полигонында әскери бөлімшелер Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің заманауи қару-жарақ пен техниканы пайдалануының мүмкіндіктерін тактикалық және тәжірибелік тұрғыда көрсететін болады. Сонымен бірге Каспий акваториясындағы Қазақстан Әскери-теңіз күштері кемелерінің жауынгерлік атысы онлайн-режимінде таратылады.

Полигонда Құрлық әскерлерінің барлық қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтарынан зымырандар нақты түрде жіберіліп, бомбалау тәжірибе жүзінде қолданылады, ұшқыштар өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетеді.

Еліміздің Қарулы Күштерінің барлық түрлері мен тектерінің жеке құрамы құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі кәсіби біліктіліктерін танытады. Мұнда әртүрлі құрамалардың, соның ішінде барлау және арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер мен бөлімшелердің өзара іс-қимылы паш етіледі.

Офицерлер мен сарбаздар іс жүзінде Қарулы Күштердің қатарында нағыз патриоттар мен өз ісінің шеберлері қызмет ететіндігін және олардың «Мықты армия – мықты Қазақстан!» ұранымен Отанға қызмет ете беретіндігін дәлелдемек.

7 мамырда өтетін Жауынгерлік парадтың тағы бір ерекшелігі бұл жолы оған қатысатын қару-жарақ пен техника түрлері әдеттегіден айтарлықтай көп болады. Мысалы, Жауынгерлік парадқа қатысатын әскери ұшақтар мен тікұшақтардың жалпы саны – 86. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған соңғы парадқа қатысқан әуе кемелерінен еке есе көп деген сөз.

Сонымен қатар, Жауынгерлік парад шеңберінде қазіргі заманға сай техникалардың, қару-жарақтардың және қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің байланыс құралдары көрсетіледі. 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
3301

Зейтінбұрындағы қазақ тілін үйрету орталығында қазақтан өзге төрт ұлттың баласы тәлім алуда (ВИДЕО)

ТҮРКИЯ. 4 сәуір. BAQ.KZ – Ыстамбұлдың Зейтінбұрын ауданындағы Қазақ мәдени қорының жанынан ашылған қазақ тілі мен салт-дәстүрін үйрететін орталық бұл күнде 50-ге тарта баланы қазақша сайратып отыр. 3 пен 5 жас аралығындағы қазақ, түрік, тәжік, түркімен және өзбек бүлдіршіндеріне қазақ және ағылшын тілдерін үйрететін орталық өткен жылдың аяғында, дәлірек айтқанда 2012 жылдың 14 желтоқсанында құрылған болатын.

Бұл күнде орталықта тіл үйрететін маманнан бесеуі жұмыс жасайды. Қазақ тілін үйрететін ұстаздардың бірі, осыдан он жыл бұрын Астанадан Түрік еліне келін болып барған Құралай Газермен тілдесу мүмкіндігі болды. 
«Орталығымыз ашылғаннан бері көп жұмыстар атқарылды деп айтуға болады. Оның ең басты дәлелі бізден қазақ тілін үйренген бауырлас ұлттың бүлдіршіндері қазақ тілінде еркін сөйлей алатын болды. Осында туып-өскен қазақ балдырғандардың да белсенділігі күн сайын артып келеді. Балаларына қазақ тілін меңгерту үшін келетін ата-аналардың да қатары молайған. Біздің мақсатымыз осындағы диаспора өкілдеріне өз ана тілінен сабақ беріп қана қоймай, қазақ жастарынан бірнеше тілді жетік білетін мамандарды тәрбиелеу, сол арқылы болашақта олардың министрліктер мен ірі компанияларда жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу болмақ»,-дейді ол. 
Құралай ханымның айтуынша, бұл орталық тәлімгерлерге қазақ тілін үйретумен қатар қазақтың ұлттық биін, әнін және салт-дәстүрінен де хабардар етеді екен. Ол жақында ғана орталықта Наурыздың дүбірлі тойы өткенін жеткізді.

   

Майгүл СҰЛТАН, BAQ.KZ

Видеоға түсірген оператор Баһадүр ХӘКІМ, Түркия

http://www.baq.kz/diaspora/532

0
0
730

Әскери қызметшілер жол қозғалысы қауіпсіздігін талқылады

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының ғылыми-зерттеу бөлімі мен жалпы әскери пәндер кафедрасының офицерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ғылыми-теориялық конференцияның бастамашысы болды.

Конференция жұмысына Алматы қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің, Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының, Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының өкілдері, сондай-ақ әскери оқу орындарының қызметкерлері қатысты. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының қару-жарақ жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков: – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлықпен қатар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сарбаздар, курсанттар мен офицерлер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жан-жақты теориялық, әскери-ғылыми және жалпы ғылыми білім берумен ғана шектелмейді, сонымен қатар ол – қару-жарақ пен әскери техниканы қауіпсіз пайдалану, жауынгерлік және басқа да техниканы қауіпсіз жүргізу, білікті техникалық қызмет көрсету әдістерін меңгеру, – деп атап көрсетті. Конференцияға қатысушылар жол қозғалысы қауіпсіздігінің қазіргі заманғы жай-күйі туралы баяндамаларды тыңдап, көрсетілген тақырыптар мен проблемалар бойынша, соның ішінде жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі төңірегінде өз пікірлерін білдірді. Әскери қызметшілердің әскери және жеке автокөлікте жүргізу сапасын талдау бойынша Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының әскери-автомобильдік полиция бөлімінің бастығы подполковник Сергей Капчук баяндама жасады.  Конференция жұмысының қорытындысында «Автомобиль ісі» пәні бойынша курсанттарды даярлау сапасын арттыруға және жалпы жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныстар қабылданды. Конференцияға қатысушылар әртүрлі ведомстволар мен жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мамандары өткізетін осындай кездесулер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыруға үлкен үлес қосарына сенім білдірді.
 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
808