Мазмұнға өту

Жаңа

Уақыт сонда да жүйрік

"Ақырзаман жақындаған сайын, уақыт та тез өтеді",- деген рас-ау. Мысалды өзімнен алайыншы. Таңертең 6:30-да тұрамын. Түнде 23:00-ге дейін жатуға тырысамын. Осы 16 жарым сағат мен үшін қас-қағым сәттей зулап кетеді. Заман дамыды. Бұрын біреуді іздесем үйіне баратынмын немесе үй телефонына қоңырау шаламын. Әрине, ол адам үйінде болса ғана ұстаймын. Жоқ, болса оны табуыма жарты тәулік немесе тұтастай күнімді жұмсайтынмын. Ал қазір, ұялы телефонына шығып, мейлі ол қаладан тысқары жол бойында жүрсе дағы ұстаймын. Шығатын қорытынды: Ұялы байланыс уақытты тиімді пайдалануға өз септігін тигізеді. Бұрын сұрақ пайда болса кітапханаға барып, кітап іздейтінмін. Егер іздегенім табылса жарты тәулік, табылмаса уақытым босқа шығын болатын. Ол өз бастарыңыздан да өткен болар. Ал бүгінгі таңда ғаламтор бар…

0
0
2366

Әскери аэродромда қайта жаңғырту жұмыстары басталды

Әуе қорғанысы күштерінің Талдықорған қаласындағы авиабазасында әскери аэродромды қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Күрделі жөндеу жұмыстары ұшу-қону жолағынан тұратын ұшу алаңына, ұшақтар мен тікұшақтар тұрағына жасалатын болады. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында пайдалануға берілген ұшу-қону алаңына осы уақыт аралығында тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Толық қайта жаңғырту жұмыстары алғаш рет жүргізіліп отыр. Жөндеу жұмыстары барысында ұшу-қону алаңының жабындысы ауыстырылып, оның ұзындығы мен ені де ұлғаятын болады. Сонымен бірге, бірқатар жаңа нысандар салынып, байланыс және электр желілері, темірбетонды қоршаулар ауыстырылады. Аэродромға қондырылатын жаңа жарық техникалық құрылғылар күрделі ауа райы жағдайында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Елім…

0
0
383

Қазақ қызы Ресейдің үздік «келіндер» рейтингіне ілікті

Жерлесіміз – Еуропа «қаймақтарының» ортасындағы жалғыз қазақ жұлдызы – Гога Ашкенази (Гаухар Еркінқызы Берқалиева – агент.ескерт) Tatler журналының нұсқауы бойынша «Орыстың 40 келіні-2013» рейтингісінде 10-орынға жайғасты, деп жазады forbes.kz. Жамбыл облысында дүниеге келген қазақ қызын «орыс» деп айтуға ауыз бармайды. Соған қарағанда, рейтингті құрастырушылар «орыс келіні» дегенде орыс тілді аруларды меңзеген болуы керек. Рейтинг тізімінде бизнес-леди әрі Vionnet сән үйінің иесі Гога Ашкеназидің алдын орағандар: тенисші Мария Шарапова; әртіс Равшана Куркова; тележүргізуші Тина Канделаки; «Новатэка» қожайыны Леонид Михельсонның қызы Виктория Михельсон; дәл осы дәулетті адамның үлкен қызы Анна Абрамович; олигарх Герман Ханның қызы Ева Хан (әкесі орысша Forbes байларының тізімінде $8,5 млр…

0
2
711

ҚР делегациясы Миланда «ЭКСПО-2015 Милан» компаниясы дирекциясының басшылығымен кездесті

12 наурыз. ҚазАқпарат - 11 наурызда Миланда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нурлан Қаппаров бастаған Қазақстан делегациясының «ЭКСПО-2015 Милан» компаниясының атқарушы директоры Джузеппе Саламен және Милан қаласы әкімдігінің басшылығымен кездесулері өтті.

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

http://www.inform.kz/kaz/article/2541604

0
0
460

Хельсинкиде Қазақстан-Фин бизнес форумы өтеді

11 наурыз.  ҚазАқпарат - Осы аптада Финляндияда Қазақстан-Фин бизнес форумы өтеді.

Бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім еткендей, 13-15 наурыз аралығында Хельсинки қаласында кезекті Қазақстан-Фин бизнес форумы өтеді.

http://www.inform.kz/kaz/article/2541284

0
0
373

Максим Никулин Қазақ циркіне «өзіндік стиль» табуға кеңес берді

АСТАНА. 3 сәуір. Baq.kz - «Никулин на Цветном бульваре» Мәскеу циркінің бас директоры, әрі көркемдік жетекшісі Максим Никулин Қазақ циркін басқаларға еліктемей, өзіндік стилін ойлап табуға шақырды. Бұл туралы ол «Никулин циркі» көрсетілімінің баспасөз конференциясында айтқан болатын.

Максим Никулиннің пайымдауынша, қазақстандық циркті басқаларымен салыстырудың қажеті жоқ, себебі әр қайсысының өзіндік жолы бар. Ол қазақ циркіне ел тарихын, мәдениетін, салты дәстүрін негіз ете отырып, стилін ұлттық нақышта жасауға кеңес берді. 

Сондай-ақ, Юрий Никулиннің ұлы бүгінде цирк театралды сарында дамып, рекордттар мен шеберлік әдістердің азайып баратынын алға тартты. 

Юрий Никулин циркі Алматыда 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында өнер көрсетеді.

0
0
540

Ашыққан қазақтарға Кеңес үкіметі мен Сібір орыстары ерекше жауыздық жасаған

Астана. 2 сәуір. Baq.kz- Кеңестер үкіметі құлап, оның құрамындағы республикалар тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Новосібір облыстық мемлекеттік мұрағатының «Құпия», «Аса құпия», «Айрықша пәпкі»-лерінің бірқатарының бауы тарқатылды. Бірақ, ақиқаттың ашылуы қызыл империяның мұрагері РФ-ға абырой әпермесін білген орыс билігі ол құжаттарды қайта «құлыптап» тастады. Бірақ, жариялықтың желігімен 1-2 жыл болса да, ізденушілердің «құпия құжаттардың» шет жағасын көріп қалды. Соның арқасында бәлшебектердің біраз «масқаралары» әшкере болды. Кеңес үкіметінің қазаққа жасаған қастандығы туралы көп дерек осы мұрағаттан табылды. РФ Журналистері Одағының мүшесі, ІІМ доғарыстағы (отставка) подполковнигі Александр Агалаков қолындағы деректерге сүйене отырып, ол кезде Қазақ АССР-інде 6,2 миллион адам болған…

0
0
1076