Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

FAO Қазақстанның 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сараптамалық тұжырым дайындайды

2014 жылдың 5 тамызында Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Бұл шараға ҚР ҚОСРМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұсапарбеков және FAO (Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымы) Аймақаралық бюросының сарапшысы Хайдар Ферсой (Анкара, Түркия) қатысты. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы әзірлеу Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау аясында жүргізілді. Құжат балық шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ су ресурстарының биологиялық алуантүрлілігін сақтау мақсатында әзірленді. Бағдарлама…

0
0
522

Жайық өзеніне шоқыр балығының 733 мың шабағы жіберілді

2014 жылдың 1 тамызында Жайық өзеніне шоқыр балығының 733 мың шабағы жіберілді.

Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының тоғандарында өсірілген шабақтарды өзенге жіберу балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту жөніндегі бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/08/105-65/

0
0
959

Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтарының тағы 691 мың дана шабағы жіберілді

2014 жылдың 30 шілдесінде Атырау бекіре балық өсіру зауытының мамандары Жайық өзеніне бекіре тұқымдастарға жатқызылатын шоқыр балығының 691 мың  дана шабағын жіберді.

Атырау бекіре балық өсіру зауытының тоғандарында өсіріліп, биыл Жайыққа жіберілген бекіре және шоқыр шабақтарының жалпы көлемі 3 млн. 647 мың данаға жетті.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-63/

0
0
350

Қазақстандық кәсіпорыдардың 80 тонна қауіпті қалдықтары Францияда жойылды

Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, 80 тонна совтолды (құрамында полихлордифенил бар май) Францияға жеткізді. Бұл шара БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстанда полихлорланған дифенилдарды (ПХД) басқару жөніндегі кешенді жоспарды құру және орындау жобасы аясында іске асырылды. Аталған жоба Қазақстанның тұрақты органикалық ластаушылар жөніндегі Стокгольм конвенциясы шеңберінде алған міндеттемелерін орындауға бағытталған. Қалдықтарды шет елге тасымалдау алдында жобалық команда бірқатар мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс жүргізіп, Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға және жоюға рұқсат алды. Бірқатар қазақстандық ірі кәсіпорындарының трансформаторларына…

0
0
537

Балық шаруашылығы саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша семинар туралы

Бүгін, 2014 жылдың 30 шілдесінде Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде балық шаруашылығы саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша семинар өткізілді. Семинарға ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, ҚР ІІМ Әкімшіліктік полиция комитетінің өкілдері және облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының мамандары қатысты. Семинар барысында құқық бұзушылар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге енгізуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырудың қағидалары қаралып, әкімшіліктік деректер базасын толтыру тәртібі түсіндірілді, сон…

0
0
458

«Көлсай көлдері» ұлттық паркында орнатылған фотокамералар барыстар тобын түсірді

«Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жануарларды аңдитын автоматты камералардың (фотоқақпандардың) объективтеріне тұңғыш рет үш барыстан тұратын топ түсірілді. Барыстар теңіз деңгейінен 2600 м биіктікте Кіші Өрікті шатқалында, ұлттық парктің қорық режимді аймағында түсірілді. Камералар барыстың аналығы мен оның былтыр туып, өсіп қалған екі күшігін түсіріп алған. Камера объективтеріне сондай-ақ сол аумақты мекен ететін басқа да аңдар – тяньшань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні және барыстың негізгі қорегін құрайтын жануарлар: таутеке, марал, елік, қабан, құм қояны іліккен. Барыстың іздері ұлттық парктің басқа да шатқалдарында кездесетіндіктен, олардың аумақтарға таралуы мен санын анықтау үшін фотоқақпандар қолданылатын зерттеулер өрісі кеңейе түспек. Барыстың тыныс-тірші…

0
0
732

В нацпарке «Көлсай көлдері» фотоловушки запечатлели группу снежных барсов

а территории Государственного национального природного парка «Көлсай көлдері» объективы автоматических камер слежения за животными (фотоловушек) впервые запечатлели группу из трех снежных барсов. Семейство барсов было заснято на высоте 2600 м над уровнем моря в ущелье Малые Урюкты, в зоне заповедного режима национального парка. Камеры запечатлели самку барса с двумя прошлогодними, уже подросшими детенышами. Кроме того, в объектив камер попало множество других зверей, обитающих в горах – тяньшанский бурый медведь, туркестанская рысь и основные объекты питания барса – горный козел, марал, косуля, кабан, заяц-толай. Следы снежного барса встречаются и в других ущельях национального парка, поэтому исследования с применением фотоловушек для выяснения их территориального распределения и численно…

1
0
581