Тікелей эфир

Алматы көшелері: Абдолла Розыбакиев көшесі

Екпіннің «Алматы көшелеріне саяхат» атты айдары апта сайын қала көшелері иеленген есімдердің сырын шертуді жалғастырады. Бүгін Қазақстанның партия, совет қайраткері, Қазақстан мен Түркістанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы және жалынды публицист Абдолла Ахметұлы Розыбакиев құрметіне берілген көшеге саяхаттаймыз.

Абдолла Ахметұлы Розыбакиев 1897 жылы Алматы облысындағы қазіргі Еңбекші қазақ ауданындағы Киікбай ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан Елікақпар ағасының әңгімелерін тыңдап, Шығыс пен Ресей ақындарының өлеңдерімен сусындаған Абдолла ақылды, әрі зерек болып өседі. Жасы жеткенде әкесі Ахмет оны медресеге оқуға береді. Алайда Абдоллаға медреседе қызық болмайды. Сөйтіп ол ағасы Елікақпармен кетіп қалып, орыс мектебіне оқуға түсуді өтінеді. Алматы қаласына келіп, приход училищесіне оқуға түседі. Одан кейін Верный мұғалімдер семинар сыныбында, бухгалтер курсында оқып, Верный банк бөлімшесінде қызмет істейді.

Павел Виноградов және оның достарымен болған кездесу Абдолланың өмірін күрт өзгертеді. Содан бастап ол түрлі шерулерге, революциялық қозғалыстарға қатыса бастайды. Кейін 1917 жылдың сәуір айында «Верный мұсылмандарының біріккен еңбек одағын», ал сол жылдың қазан айында ұйғырлардың «Алға» атты тұтыну қоғамын құрып, О. Жан­до­сов, П. Ви­ног­ра­дов, Т. Бо­кин, т. б. қоғам қай­рат­керлерімен бірге Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін ор­на­туға қатыс­ады.

Абдолла Розыбакиев қоғам мүшелерін топтастыру және оларға большевиктік рухта идеялық тәрбие беру жөнінде үлкен жұмыстар жүргізген. Верныйда Совет өкіметін орнату кезеңінде революциялық-әскери комитет құрамына кіріп, Совет өкіметін нығайту, советтік құрылысқа жергілікті ұлт кедейлерін тарту жөнінде белсенді жұмыс атқарды. «Апрель» бүлігі кезінде де ақ казактардың қоршауында қалған Верныйға көмек көрсету үшін қазақ, ұйғыр және орыс кедейлерінен Жаркент уезінде Қызыл гвардия отрядын құрған.

1918 жылы ол Верный қалалық партия ұйымы жанындағы мұсылмандар секциясын басқарып, әрі Жетісу облаткомының ұлт мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Уақыт өте келе көзқарастар да өзгере бастау заңды құбылыс. Ендігі жолы басшылардан тек ұйымдастырушылық қабілет қана емес, терең білім де қажет болды. Осыны жақсы түсінген Абдолла Мәскеудегі Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университетке түсіп, 1925-1927 жылдар аралығында білім алып шығады.
30-шы жылдары Қазақстанды жайлаған голощекиндік ашаршылық кезінде мыңдаған адамдар қырылып жатты, тамақ өнімдеріне қатаң қадағалау қажет болды. Сол уақытта өкімет бұл қиын жұмысты Абдолла Розыбакиевке тапсырып, ол халықтық комиссар қызметін атқарады.

Сондай-ақ жап-жас Абдолла болыстық басқарушыны сайлау туралы «Мансапрасас» («Мансапқор») атты пьеса жазады. Бұл туындысы арқылы көпшілік оның жазушылық қасиетін көреді. Розыбакиевтің шығармашылық қабілеті жайында сол кездегі көптеген мақалалар, тіл, әдебиет, өнер жайындағы сөздер дәлел. Сондай-ақ орыс, қазақ, өзбек және татар тілдерін өте жетік, әрі таза меңгерген ол аударма істеріне де аса көңіл бөлген.

Кейін Розыбакиев толығымен ғылыми жұмыстармен айналысуды ойлайды. Сөйтіп Мәскеудегі Халықаралық лениндік мектепке аспирантураға түсіп, КСРО халықтары марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін аударатын редактор-аудармашылар орталық курсының меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1937 жылы Алматыға қайта оралған сәтінде ол Қазақстан КП ОК-нің баспасөз және баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалады. Абдолла Розыбакиевтің мерзімді баспасөз, баспа ісі жөнінде үлкен армандары болады. Алайда 1937 жылы өзінің туған халқы ұйғырды жан-тәнімен сүйген ұлы, туған жері Қазақстанды құрметтеген азамат Абдолла Розыбакиев саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, 1938 жылы жазықсыз атылып кете барды.

Абдолла Розыбакиев 1921 жылдың 1 маусымында дүниеге келген ұйғыр халқының тұңғыш баспасөз органы «Камбагаллар авазидің» («Кедей үні»), алғашқы көркем әдеби «Биринчи чамдам» («Алғашқы қадамдар») альманахының негізін қалаған. 1918-1925 жылдар аралығында Жетісуда шығып тұрған «Жедису эшчи-халык мухбири» , «Көмек», «Бұқара», «Кедей еркі» газеттерінің редколлегия мүшесі және редакторы болған. Ал 1931 жылдан бастап «Кзыл танг» журналының редакторы болып қызмет атқарған. Розыбакиев ұйғыр әдебиетінде өзінің өшпес ізін қалдырып кеткен ұлы тұлға болған десек артық айтпағанымыз болар еді.

Розыбакиев көшесі 1962 жылға дейін 17-линия деп аталып келген. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Райымбек даңғылынан басталып, әл-Фараби даңғылына дейін созылып жатыр. Абай даңғылы, Сәтбаев, Жандосов, Тимирязев, Төле би т.б. көшелерін қиып өтеді.

Көше сонау 40-шы жылдары Есентай және Қарасу өзендері аралығындағы территория қала аймағына енген кезде қалыптаса бастаған. Бұл аудан бірнеше ықшам аудандарға бөлінді де, арасындағы түзу көшелері «линиялар» деп аталынды. Көшенің бұрынғы атауы осыған байланысты. Сол кезден бастап қазіргі Розыбакиев көшесі қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі маңызды транспорт магистралі болып есептеліне бастады. Қазірде мұнда көптеген банктер, дүкендер, кафе, дәмханалар, Мега сауда орталығы, Қарасу базары, Спорт орталығы, т.б. ғимараттар орналасқан.


















Мәтін: Айнұр Ракишева

Фото: Айжан Кәрібаева

________________________________________________________________________

Алматы көшелері: Малбағар Меңдіқұлов көшесі

Алматы көшелері: Ораз Жандосов көшесі

Алматы көшелері: Өмірбек Жолдасбеков көшесі

Алия Arsik
14 қараша 2012, 16:34
4237

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Алматы таза орыстанған қала бір қазақты көрмейсің..(((
kazbei
2
0
Жақсы репортаж. Жалғастыра бер. Осылай Алатымен танысамыз

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38791
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 11085
  • 174
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2988
  • 49
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2112
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1984
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 1843
  • 52
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1795
  • 1