Мазмұнға өту
nazgulnaz

nazgulnaz

Сайтта 2012 ж. 20 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

114

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

4

Дүкен Мәсімханұлы, ақын, шығыстанушы: Отан құшағында өткен 20 жылым көші-қонға қатыссыз болған емес

- Ең алғашқы көшті бастаған және елге оралғаннан кейін де көші-қон, оралман мәселесімен қоян қолтық араласқан азамат ретінде егемендіктен кейінгі көші-қонның басталуы мен ондағы Елбасының алатын орнына тоқталсаңыз?- Шетелдегі қандастарды тарихи отанына оралту, оларды қоныстандыру саясаты тікелей Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен, ынтасымен болған шаруа. О баста Кеңес Одағы ыдырауға бет алып қалтылдап тұрған кезде-ақ 1990-1991 жылдары Елбасы өзі тікелей Мәскеудің рұқсатын алып, «Еңбек шарты» деген желеумен Моңғолиядан 10 мыңдаған ағайындарымызды көшіріп әкелді. Ал, 1991 жылы қыркүйек айында Түркияға сапарлай барып, ондағы қазақтармен кездесіп, хал-жағдайын білісті. Елбасы келді дегенді естіген Еуропа елдеріндегі қазақтар да Түркияға арнайы келіп Нұрсұлтан Әбішұлымен кез…

0
0
1345

Мағжан мен Сәкен

1924 жылы 24 қарашада Мағжанның Ташкентте (1923) шыққан өлеңдер жинағын талқылау болды. Мағжанның өзі шақырылмаған. Жинақтың алғысөзін жазған Сұлтанбек Қожанов: «...Мағжанның өлеңдерінің ішінде кез келетін, марксизм дүниетануына ұқсаспайтын жерлерін оқушылар көре сала үрікпей, көркемдік жағына, суреттеу жағына көбірек көз салу керек» деп, бас баяндамашы Н.Төреқұловқа сөз береді. Ол: «Саясат жағынан Мағжан қазақтың кеңес топырағына отыратын адам емес. Мағжанның өлеңінде қазақтың шаруашылығына, әдебиетіне, саясатына үлкен қарсылығы бар. Сондықтан ішін ашып тексермей, мынау әдебиет деп қабыл ала берсек, барлық идея – коммунистік ниеттен айрылып қаламыз. Мағжан ақын, бірақ қазақ ақыны емес, қазақтың тұрмысынан айырылған ақын... Мағжанның ұстаған беті, негізгі пікірі түрік атағын көтеру, түрік…

0
1
1945

Білге қағанның бітіктасы

Білге қаған 717-734 жылдар аралығында түркі халқының көсемі болды. Ол Орхон өзенінің бойында Өтекен жерінде 683 жылы дүниеге келген. Әкесі Құтлық (Елтеріс) қаған, шешесі Елбілге қатын. Білге қаған інісі Күлтегін екеуі халық үшін жан аямай күресіп, сол замандардағы аса қуатты көшпенділер империясын құрды. Білге 9 жасқа толғанда әкесі қайтыс болады. Сөйтіп Құтлықтың тағын інісі Қабаған иеленеді (692-716 жж). Білге таққа Қабағанның інісі Богудан кейін отырды және 19 жыл ел басқарды. 13 жасында шад атағын алды. 17 жасында жорықта таңғұттарды, 18 жасында чубтарды, табғаштарды(қытай), тұтықтарды жеңді. Осыдан кейін қырғыздарды, түргештерді, қарлықтарды, тоғыз оғыздарды және басқа да халықтарды тізе бүктірді.Білге қағанның құрметіне орай орнатылған бітіктас ескерткіші Орхон өзенінің солтүстік бе…

0
0
2153

Ерен туған Ер Бекзатты Анкара қазақ жастары еске алды (ФОТО)

Анкара. 8 сәуір. Baq.kz – Қазақ спортының құлагері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, ұлттық мақтанышымыз Бекзат Сейілханұлы Саттарханов тірі болғанында үстіміздегі жылдың 4 сәуірінде өзінің 33 жасқа толған туылған күнін қалың елінің ортасында аман-есен атап өтер еді... Жиырма жасында шаршы алаңда қарсыластарына есе бермей есеңгіретіп, Олимп шыңын бағындырған дарабоздың рухына тағзым ету мақсатында «Анкара Қазақ Жастары» бірлестігінің мүшелері еске алу кешін өткізді. Бұл туралы бірлестіктің баспасөз бөлімінен Мырзахан Байболов хабарлап отыр. Басқосуда алыптарды алқындырған аламанда алтыннан алқа тағынып, көк байрағымызды биікте желбіреткен өрен жүйріктің спорт әлемінің табалдырығын аттауынан бастап, Сиднейдегі ақсарбас айтқызып, ақ түйенің қарны жарылған, қуаныштан көздің жасын ыршытқан та…

0
0
809

Қазақтарды шоқындырып жібермекші болған

Астана. 5 сәуір. Baq.kz- Өткен ғасырдың басында Ресей Қазақ елін әскери, саяси және экономикалық тұрғыдан отарлап қана қоймай, қасіреті одан да зор орыстандыру саясатын көздеді. Озбыр күш қазақты тілінен, дәстүрінен, дінінен, ділінен айырып, тегіс шоқындырып жіберуді мақсат тұтты. Ол үшін ұлтымыздың сүт бетіне шыққан қаймақтарын өз жақтарына тартуға, дала халқына солар арқылы билік жүргізуге тырысты. Бірақ, олардың сұм ойы бола қойған жоқ. Отарлаушылардың сасық пиғылын айнытпай таныған және соған барынша қарсы тұрған Алаш арыстарын енді қуғын-сүргінге ұшыратып, түбегейлі жойып жіберуге тырысты. Әлдебір деректер бойынша, 2 мыңға тарта алаштықтардан тек екеуі – Әлімхан Ермеков пен Мұхтар Әуезовтың ғана ату жазасына ілінбей, өз өлімдерімен өлуі соның айғағы. Онда да Әлімхан өмірінің 18 жылын…

0
0
788

Тіл сақтаушылық

Астана. 5 сәуір. Baq.kz- Алаш ғасыры – қазақтың алтын ғасыры. Өкінішке қарай, елім, жерім деп өткен асыл ерлердің өмірі мен өнегесін бүгінгі атқамінерлеріміз әлі күнге үлгі қыла алмай жатыр. Сондай-ақ, «Алаштану ісін» ғылыми тұрғыдан талдап-таратып, жалпы білім беретін мектептерде жеке пән ретінде оқыту мәселесі де әлі іске аспай келеді. Әйтпесе, нағыз Отансүйгіштіктің, ұлтсүйгіштіктің, тектіліктің белгісі осы Алаш арыстарының бойында жатыр емес пе? Төменде осындай бір еңіреген ер – Уалиолла Халелидің «Айқап» журналының 1912 жылғы №9 санында жарық көрген мақаласын беріп отырмыз.Редакциядан. Дүниедегі һәмме халықтың рухы (жаны) өзінің ана тілі, сол себепті әр милләт (халық) алдыменен ана тілін жоғалтпаудың себептеріне мықтап жабысқан, бірақ тіл, дін, әдебиет сияқты нәрселер мал, дәулет арқ…

0
0
736

Зейтінбұрындағы қазақ тілін үйрету орталығында қазақтан өзге төрт ұлттың баласы тәлім алуда (ВИДЕО)

ТҮРКИЯ. 4 сәуір. BAQ.KZ – Ыстамбұлдың Зейтінбұрын ауданындағы Қазақ мәдени қорының жанынан ашылған қазақ тілі мен салт-дәстүрін үйрететін орталық бұл күнде 50-ге тарта баланы қазақша сайратып отыр. 3 пен 5 жас аралығындағы қазақ, түрік, тәжік, түркімен және өзбек бүлдіршіндеріне қазақ және ағылшын тілдерін үйрететін орталық өткен жылдың аяғында, дәлірек айтқанда 2012 жылдың 14 желтоқсанында құрылған болатын. Бұл күнде орталықта тіл үйрететін маманнан бесеуі жұмыс жасайды. Қазақ тілін үйрететін ұстаздардың бірі, осыдан он жыл бұрын Астанадан Түрік еліне келін болып барған Құралай Газермен тілдесу мүмкіндігі болды. «Орталығымыз ашылғаннан бері көп жұмыстар атқарылды деп айтуға болады. Оның ең басты дәлелі бізден қазақ тілін үйренген бауырлас ұлттың бүлдіршіндері қазақ тілінде еркін сөйлей а…

0
0
677

Кеңес үкіметінің қазаққа қарсы саясаты

Астана. 31 наурыз. Baq.kz-«Алашорда» партиясы екi мақсатты көздедi. Бiрiншiсi - қазақ халқын отаршылдық қамытынан босату. Екiншiсi - қазақ қоғамын өркениеттi халықаралық қауымдастыққа қосу. Алаш бағдарламасының жобасында «барша халық тегiн бiлiм алуы керек» деп көрсетiлген. "Қазақ", "Айқап" басылымдарында олар қазақ өмiрiнiң мәселелерi, қазақ қоғамын реформалау туралы мәселе көтерiп, Ресей империясының отарлық саясатының жағымсыз тұстарын ашық сынады. Мәдениет пен бiлiмді дамытуға көп еңбек сiңiрдi. Қазақ қоғамындағы ұлт-азаттық қозғалыс негiзiнде екi нәрсе жатыр: бiрiншiсi - жер мәселесi, екiншiсi - мемлекет ретiнде өзiн-өзi басқару мәселесi. Қазақстандағы қозғалыстар таптық мазмұнда емес, ұлттық мазмұнда болды. Байтұрсынов 1919 жылы Ленинге жазған хатында: "Қазақстандағы ұлт мәселесiне…

0
0
4482

Қазақ қызы Ресейдің үздік «келіндер» рейтингіне ілікті

Жерлесіміз – Еуропа «қаймақтарының» ортасындағы жалғыз қазақ жұлдызы – Гога Ашкенази (Гаухар Еркінқызы Берқалиева – агент.ескерт) Tatler журналының нұсқауы бойынша «Орыстың 40 келіні-2013» рейтингісінде 10-орынға жайғасты, деп жазады forbes.kz. Жамбыл облысында дүниеге келген қазақ қызын «орыс» деп айтуға ауыз бармайды. Соған қарағанда, рейтингті құрастырушылар «орыс келіні» дегенде орыс тілді аруларды меңзеген болуы керек. Рейтинг тізімінде бизнес-леди әрі Vionnet сән үйінің иесі Гога Ашкеназидің алдын орағандар: тенисші Мария Шарапова; әртіс Равшана Куркова; тележүргізуші Тина Канделаки; «Новатэка» қожайыны Леонид Михельсонның қызы Виктория Михельсон; дәл осы дәулетті адамның үлкен қызы Анна Абрамович; олигарх Герман Ханның қызы Ева Хан (әкесі орысша Forbes байларының тізімінде $8,5 млр…

0
2
686

Максим Никулин Қазақ циркіне «өзіндік стиль» табуға кеңес берді

АСТАНА. 3 сәуір. Baq.kz - «Никулин на Цветном бульваре» Мәскеу циркінің бас директоры, әрі көркемдік жетекшісі Максим Никулин Қазақ циркін басқаларға еліктемей, өзіндік стилін ойлап табуға шақырды. Бұл туралы ол «Никулин циркі» көрсетілімінің баспасөз конференциясында айтқан болатын.

Максим Никулиннің пайымдауынша, қазақстандық циркті басқаларымен салыстырудың қажеті жоқ, себебі әр қайсысының өзіндік жолы бар. Ол қазақ циркіне ел тарихын, мәдениетін, салты дәстүрін негіз ете отырып, стилін ұлттық нақышта жасауға кеңес берді. 

Сондай-ақ, Юрий Никулиннің ұлы бүгінде цирк театралды сарында дамып, рекордттар мен шеберлік әдістердің азайып баратынын алға тартты. 

Юрий Никулин циркі Алматыда 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында өнер көрсетеді.

0
0
525