Мағжан мен Сәкен
1924 жылы 24 қарашада Мағжанның Ташкентте (1923) шыққан өлеңдер жинағын талқылау болды. Мағжанның өзі шақырылмаған. Жинақтың алғысөзін жазған Сұлтанбек Қожанов: «...Мағжанның өлеңдерінің ішінде кез келетін, марксизм дүниетануына ұқсаспайтын жерлерін оқушылар көре сала үрікпей, көркемдік жағына, суреттеу жағына көбірек көз салу керек» деп, бас баяндамашы Н.Төреқұловқа сөз береді. Ол: «Саясат жағынан Мағжан қазақтың кеңес топырағына отыратын адам емес. Мағжанның өлеңінде қазақтың шаруашылығына, әдебиетіне, саясатына үлкен қарсылығы бар. Сондықтан ішін ашып тексермей, мынау әдебиет деп қабыл ала берсек, барлық идея – коммунистік ниеттен айрылып қаламыз. Мағжан ақын, бірақ қазақ ақыны емес, қазақтың тұрмысынан айырылған ақын... Мағжанның ұстаған беті, негізгі пікірі түрік атағын көтеру, түрік…