Мазмұнға өту

Жаңа

Дүкен Мәсімханұлы, ақын, шығыстанушы: Отан құшағында өткен 20 жылым көші-қонға қатыссыз болған емес

- Ең алғашқы көшті бастаған және елге оралғаннан кейін де көші-қон, оралман мәселесімен қоян қолтық араласқан азамат ретінде егемендіктен кейінгі көші-қонның басталуы мен ондағы Елбасының алатын орнына тоқталсаңыз?- Шетелдегі қандастарды тарихи отанына оралту, оларды қоныстандыру саясаты тікелей Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен, ынтасымен болған шаруа. О баста Кеңес Одағы ыдырауға бет алып қалтылдап тұрған кезде-ақ 1990-1991 жылдары Елбасы өзі тікелей Мәскеудің рұқсатын алып, «Еңбек шарты» деген желеумен Моңғолиядан 10 мыңдаған ағайындарымызды көшіріп әкелді. Ал, 1991 жылы қыркүйек айында Түркияға сапарлай барып, ондағы қазақтармен кездесіп, хал-жағдайын білісті. Елбасы келді дегенді естіген Еуропа елдеріндегі қазақтар да Түркияға арнайы келіп Нұрсұлтан Әбішұлымен кез…

0
0
1361

Асыл әжем

Піссімілләдан бастайын, Асылық сөзді қоспайын, Жайнап-та жүрген жан әжем, Іздеусіз қалай тастайын? Әжетай,қайратты жан едің, Құдалық-тойдың сен сәні едің. Ұл қызың ардақтап,ортаға ап, Шаттанып айтар бір әні едің. Жаңғылыш сенің өз елің, Татыран деп бұрған өзегің. Екі елге ортақ бір би болған, Сенің де келді ме кезегің. Шалқыдың шалыңның барында, Тектілік бар еді қаныңда. Балаша жаутаңдап жаттың сен, Қаумалап бар балаң жаныңда. Кәрілік дегенің қоймайды, Қара жер қойның бір тоймайды, Жалмадың талайды талғамай, Алып та жатырсың таңдамай. Ақ әжем,мінезге ірі едің, Алшаңдап, жарқырап жүр едің. Бар істі мойныңмен көтеріп, Аянбай,сыбанып білегің . Аузынан түспеген тілегі, Үздіксіз соққан-ау жүрегі. Қандайда қайғыны көрсе де, Білдірмей, бермеген іреңін. Қыршын боп, шалы да, баласы, Батты ғой Бект…

1
0
1703

Халықаралық Би күніне арналған Үнді халқының биінің концерті

9 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Халықаралық би күніне арналған Үнді биі концерті өтті. Концерттің өтуіне Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі қолдау көрсетті. Концертке Үндістаннан арнайы қонақтар келді. Оның бірі - Ханым Свати Синха (төменде суретте). Ханым Свати Синха - қазіргі кезде Үндінің классикалық үлгідегі Катхак биін Джайпур стилінде шебер орындаушылардың бірі. Свати Синханың би өнерінде тартымды, ширақ, мәнерлі қасиеттерімен өзіндік стилі бар. Үндістаннан келген екінші қонақ - Пандит Раджендра Гангани (төменде суретте). Пандит Раджендра Гангани - қазіргі кезде Үндінің классикалық Катхакбиін шебер орындаушыларының бірі. Өзінің өнерімен, сахналық мәдени шеберлігімен Раджендра - жаңа бағытта өнерін шығармашылықпен дамытып келе жатқан әртіс. Үнді биінде ә…

1
0
2019

Мағжан мен Сәкен

1924 жылы 24 қарашада Мағжанның Ташкентте (1923) шыққан өлеңдер жинағын талқылау болды. Мағжанның өзі шақырылмаған. Жинақтың алғысөзін жазған Сұлтанбек Қожанов: «...Мағжанның өлеңдерінің ішінде кез келетін, марксизм дүниетануына ұқсаспайтын жерлерін оқушылар көре сала үрікпей, көркемдік жағына, суреттеу жағына көбірек көз салу керек» деп, бас баяндамашы Н.Төреқұловқа сөз береді. Ол: «Саясат жағынан Мағжан қазақтың кеңес топырағына отыратын адам емес. Мағжанның өлеңінде қазақтың шаруашылығына, әдебиетіне, саясатына үлкен қарсылығы бар. Сондықтан ішін ашып тексермей, мынау әдебиет деп қабыл ала берсек, барлық идея – коммунистік ниеттен айрылып қаламыз. Мағжан ақын, бірақ қазақ ақыны емес, қазақтың тұрмысынан айырылған ақын... Мағжанның ұстаған беті, негізгі пікірі түрік атағын көтеру, түрік…

0
1
1978

«Жастар кадрлық резерві» жобасы түлектерінің ДИНАМИКАСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру керек деп» атап көрсеткен болатын. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығымен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясымен бірігіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен еліміздің барлық аймақтарында конкурстық негізде, 29 жасқа дейінгі ұшқыр ой-пікірі бар, жоғары білімді жастар арасында "Жастар кадрлық резерві" жобасын 5 жыл қатарынан өткізуде. Жобаның түлектері білім беру бағдарламаларынан, тестілеуден, кәсіби қызмет бабының бағалануынан, мемлекеттік орга…

2
0
2093

Қабанбай батыр Ақмолода жерленген

ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ БАТЫР АҚМОЛАДА ЖЕРЛЕНГЕН ( Қабдеш Жұмаділовке жауап) «Ақмола қаласы өзі негізі қаланған 1832 жылы қаладан 28 шақырым жердегі,Нұра өзенінің бойындағы қыраттағы киргиздың (қазақтың) моласының үстінеқойылған ескерткіштен атауын алған.Ақмола- тікелей «Белая могила» деп аударылады...» Уфимцев, Омбы губерниясының коллегиялық хатшысы, 1851 жыл. (Ақмола бекінісіне жасағанинспекциялық тексеру жазбасынан) Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ағамыз Қабдеш Жұмаділов біршама сүбхаттарында, мақалаларында Қаракерей Қабанбай батырдың зираты қай жерде деген сұраққаоралып отырады. Бір- жар жыл бұрын Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетіне осы мәселе жайлы мынадай жауап беріп еді: «Шығыс... Оның әулеті де, ұрпағы да осында, туған жері де осында, мына Барлық пен Ба…

0
5
7570

#Аружан-ның Мәскеудегі бірінші емі!

2013 жылдың 22 ақпан күні «Жас Отан» Жастар қанатының қызметкерлері мен мейірімді еріктілердің ұйымдастыруымен «Остеогенез» ауруына шалдыққан Оразбекова Аружан Серікқызына арналған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық кеші өткен болатын. Сол концертте Аружанның Мәскеуде барып емделуі үшін 4 343 926 теңге қаражат жиналып, ата-анасына табысталды. Алдағы уақыттарда Аружанның Мәскеуге барып, ем қабылдағаны және қандай нәтижелерге жеткені туралы хабардар етіп отыруды ескерткен болатынмын. Бүгін сіздерге, Аружанның алғашқы емінің нәтижесі туралы айтпақпын. Аружан ата-анасымен Мәскеу қаласы, European Medical Center EMC ауруханасында өзінің бірінші емін қабылдап жатқан сәті. Ішкі қан тамырына памидроната дозасын 3 күн бойы 4 сағаттан құйып отырған Аружанға жақсы ем болғанын ата-анасы қуана жеткізді. А…

2
3
1439

Тыл қызметкерлерінің командирлік дайындығы

Щучинск қаласындағы Ұлттық әскери университетінің базасында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлеріне қарасты бригада командирлері тыл жөніндегі орынбасарларының жиыны болып өтті. Жиын жұмысын Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары генерал-майор Қажыгелі Мұқатов басқарды. Жиынның мақсаты командирлік дайындықты оқытудың негізгі пәндері бойынша білім жетілдіру, офицерлердің кәсіби дайындық деңгейін тексеру және командирлік дайындықтың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылды. Жиын барысында жедел-тактикалық дайындық, тактика-тылдық дайындық, жауынгерлік қамтамасыз ету түрлері бойынша және әскерлердің күнделікті қызметін басқару жөнінде сабақтар өткізілді. Тылдық қамтамасыз етудің даму перспекивасы мен Қазақстан Қарулы Күштерін материалдық-техникалық қа…

0
0
429

Алданып қалмаңыз!

Адал ақшаңызға әділетсіздікпен келген ас ішіп жүрсіз. Сізді арбаушылар сізге «ас болсын!»,- деп тілек тілеуде. Олар күліп тұрып, бүйірден пышақты қалай ұрады? Таныс болыңыз. Оқиға былай басталды Сенбі күні болатын. Есік алдында ерсілі-қарсылы кезіп жүргем. Кенет әкем: -Балам, ақыры бос жүр екенсің, қыста азық қылар картоп-жуа әкеліп қояйық. Әйтпесе, ертең қол тимейді, жұмыс көп деді. Жалқаулық еңсемді езіп тұрса да, қарсы уәж айтуға ұятым жібермеді. -Барсақ, барып қайтайық,-дедім құлшынып тұрған кісідей. Сұрасаң аузыңнан, сұрамасаң қалтаңнан табасың Базарға кірісімен, алғашқы сауданы еттен бастадық. Он келідей өлшеттік. Расымен он келі ме, тоғыз келі ме, бәлкім оған да жетпес. Кім біліпті? Ол жағын саудагердің ішкі арына қалдырдық. Тәп-тәуір жілік таңдағандай болғанбыз... Үйге келіп, қалт…

0
0
883

Астанада Әскери әуе күштері штабы жаңа ғимаратының тұсаукесері болып өтті

Қазақстан Әскери әуе күштерінің басшылығы жаңа орынға қоныс тепті. Енді Қазақстан Қарулы Күштері ӘӘК штабы осы әскер түрін басқаруды жүзеге асыруға қолайлы етіп арнайы салынған ғимаратқа орналасты. Жаңа ғимараттың тұсаукесеріне орайластырылып әскери әуеайлақта құрметті қонақтардың қатысуымен салтанатты іс-шара болып өтті. Қорғаныс министрі мен Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасарлары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің қолбасшылары авиаторлардың қуанышына ортақтасты. Сондай-ақ, ӘӘК қолбасшылығының шақыруы бойынша салтанатты шараға даңқты ұшқыш-ғарышкер, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Әскери әуе күштерінің ардагерлері, басқа да қонақтар қатысты. Іс-шараның мерекелік жағдайын қалыптастыру үшін және Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне ӘӘК өкілдері әуеайлақта бірне…

0
0
340