Мазмұнға өту

Жаңа

Мектеп оқушылары десантшыларда қонақта болды

Аэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бөлімі Қапшағай қаласындағы төрт мектептің жоғары сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Әскери бөлім плацына десантты-шабуылдаушы бөлімше жеке құрамының күнделікті жауынгерлік оқуда қолданатын қару-жарақ үлгілері қойылды. Оқушылар жауынгерлер баяндаған атыс қаруларының тактикалық-техникалық сипаттамасын қызығушылқпен тыңдады. Көптеген сұрақтар қойды. Десантшылардың паршютпен секірмес бұрын жердегі дайындықтан өтетін әуе десанты кешеніндегі сабақтары оқушыларға барынша әсер етті. Жауынгерлердің тренажердегі нақты қимылдарын бақылаған жас өрендер әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлік пен дене тәрбиесі дайындығына көп уақыт бөлетініне көз жеткізді. Десантшылар бөлімінде болған мектеп оқушылары сарбаздар мен сардарлардың күндел…

0
0
371

Төрт жылда — тек 22,6 пайыз

Қазақстан төрт жыл ішінде Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарына жасалған ұсыныстардың тек 22,6 пайызын ғана орындап, өз міндетін толықтай атқара алмады.

Ұлттық жоспар 14 бөлімнен тұрады, әр бөлім белгілі бір құқық түріне арналған. Сарапшылар осы 14 бөлімнің бесеуі бойынша құқықтық ахуалдың жақсаруын емес, тіпті нашарлауын атап өтеді:

  • еркін бірлесу құқығы
  • ойлау, ар-намыс және дін бостандығы құқығы
  • бейбіт жиналыстар мен митингілер құқығы
  • сөз бостандығы және
  • мемлекеттің істерін басқаруға қатысу құқығы (әділ әрі еркін сайлау).

Ұсыныстардың ең көбін "Бала құқығы" бөлімі аясында қабылдаған.

Толығырақ мына жерден оқуға болады (орыс тілінде).

0
0
416

«Бар жанарды жаулаған Жайдарман»

5-6 сәуір күндері Астана қаласы, Жастар сарайында Жайдарман ойындарының Премьер Лига 1/8 финалы болды. Бұл финалдан жоғары ұпай жинаған командалар ширек финалға жолдама алады. Бұл жолғы Премьер Лига ойындарының бірнеше ерекшеліктері болды. Соның бірі - жыл сайын Алматыда өтетін Премьер Лиганың биыл Астанада өтуі. Тағы бір ерекшелігі - Жоғары Лиганың үздіктері қазылар алқасы болды. Бұл ойында көптеген жаңа командалар таныстырылды, жаңа өнерпаздардың алғашқы қадамы жасалды. Суреттегі Қостанай құрамасының құрамында Arash, Майк Тайсон, Джеки Чанға өте-өте ұқсайтын жандар бар екен. Бұл команданың басты ерекшелігі болды. Ал, Астананың Аргарка құрамасы қазақтың сұлу-сұлу қыздарын жинап әкеліпті. Сахнадан жарқ ете қалған қыздарымызға тамсанып, қазақ қыздарының ең сұлу екеніне тағы да көз жеткізді…

1
0
2261

Қазақстанға бала және әйел құқығы саласында құқықолдану тәжірибесін жақсарту қажет, — сарапшылар

Қазақстандағы балалар құқығы және әйел құқығы саласындаағы құқыққолдану тәжірибесі заңнамалық белгілі бір оң өзгерістерге қарамастан одан әрі жақсартуды қажет етеді. Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимылдар жоспары бойынша өткен дөңгелек үстелге қатысушылар осындай шешімге келіп отыр. Еуропалық Одақ қаржыландырып отырған «Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимылдар жоспарына мониторинг жүргізу» жобасын Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро (АҚмЗСЖҚХБ), Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) және MediaNet халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырып отыр. «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің президенті Евгения Козырева Ұлттық жоспар Қазақстан заңнамасы мен құқыққолдану тәжірибесіндегі…

0
0
2460

Қалеки — қазақ драма театрындағы «Бір кем дүние»

4 сәуір күні Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына ат басын бұрдық. Есіктен кірген бойда шап-шағыр, жып-жинақы, көз тартатын мәдени орын жылы аурасымен баурап алды. Ондағы қызметкерлер де күліп қарсы алып, күлімдеп жүріп, көмек көрсетті. Қойылым басталатын уақыттан ертерек келген едік. Театр ішін біраз аралап жүрдік. Онда,ы көзімізге жарқ ете қалғаны мына тақта болды. Түрлі кештерден, концерттерден, бағдарламалардан, кинолардан көріп жүрген жарқын тұлғаларымыз осы театрда өнер көрсетеді. Осы театрдың мақтаныштары. Бұл суретте театр актерларының бір құрамасы ғана тұр. Дәл осындай санмен екінші құрам да бар. Онда да дүлдүлдер. Ішке кіріп, орынға жайғасып болған соң, айналамызға көз тастадық. Залда толып отырған кілең жасөспірімдер. Мектеп оқушыларының…

1
0
1911

Күн сайын(!) 39 000 қыз бала қалыңдық атанады

Халық саны бойынша БҰҰ қоры (UNFPA) ақпаратына сәйкес, 2011 және 2020 жылдар аралығында 140 миллионнан астам қыз бала қалыңдық атануы мүмкін. Бұл жылына 14,2 миллионды құраса, күн сайынғы көрсеткіш 39 000 қызға дейін барады.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған 140 миллион қыздың 50 миллионы әлі 15 жасқа да толмаған.

Көбірек ақпаратты мына жерден алуға болады (ағышлын тілінде).

0
0
921

iLuminate би тобы Қазақстанда алғаш рет

3 сәуір күні Астана қаласы, Хан шатыр ойын-сауық-сауда орталығында кешқұрым iLuminate би тобы өнер көрсетті. Төмендегі суретте дайындық жүріп жатыр. Аппараттарды реттеп, бишілер шығатын сахна даярлану үстінде. iLuminate би тобы көп адамға таныс болмауы да мүмкін. Кейбіреулері бірден тани кетуі де ықтимал. iLuminate жаңа технологиямен заманауи биді біріктіріп, түрлі түсті жарық арқылы шоу-бағдарлама көрсетеді. Black Eyed Peas, Кристина Агилера, Крис Браун сияқты әлемдік деңгейдегі әншілер би жағына келгенде осы топтың көмегіне жүгінеді екен. Бұл би тобының Лос-Анджелестен келуіне мүмкіндік берген АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі болатын. iLuminate Қазақстанға бірінші рет келген екен. Астананы, жалпы Қазақстанды көргендеріне қуаныш білдіріп, өз сезімдерімен бөлісіп жатты. iLuminate 4 сәуір кү…

1
0
663

Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты

Аз уақытта дайындалатын шоколадты торт арқылы жексенбіңізді мерекеге айналдырып жіберіңіздер. Ол үшін бізге: Бисквитке - 350 г. қоюлатылған сүт - 2 жұмыртқа - 125 г. ұн - 25 г. какао - 1 ш.қ. сода Кремге - 500 мл. сүт - 150 г. қант - 1 жұмыртқа - 70 г. ұн - 25 г. какао Глазурь үшін - 150 г шоколад - 35 %-дық 75 мл қою сүт (сливки) керек. Бірден пешімізді 180 С қыздырып қоюға болады. Алдымен жұмыртқаны үлпілдеген ақ көпіршік болғанға дейін миксермен араластырамыз. Оның үстіне қоюлатылған сүт (сгущенка) мен соданы қосамыз. Дұрыс мөлшерленген ұн мен кокаоны қосамыз да, араластырамыз (миксермен емес). Енді қоспаны алдын ала асты майланған орташа табаға құйып, пешке 25 минутқа салып қоямыз. Бұл аралықта кремнің мәселесін шешейік. Ол үшін бірінші жұмыртқаны миксерлеп, оған қант, сүт, ұн қосамыз…

6
4
5214