Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бұлdirty ауылы

Орал — Ақтөбе трассасы бойында, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Бұлдырты ауылы – Батыс Қазақстан Облысы Сырым ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы —Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде, Тамды өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны 3000 адам. Ауыл құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі. Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.


Сырым ауданынан елімізге белгілі тұлғалар шыққан, оның ішінде батыр-шешен Сырым Датұлы-Шынтемір, белгілі ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қадыр Мырзалиев, Алашорда үкіметін басқарған белгілі қайраткер Жаһанша Досмұхамбетов, батыр қолбасшы Тайлақ Бекежанұлы, белгілі педагог-әдіскер Шонанова Ханзада Аронқызы, жазушы Мұқадес Есламғалиұлы және т.б. Аталмыш ауданның тұлғалары мен тарихы туралы толығырақ мына жерден біле аласыздар: www.zkolib.kz/akzhaikonline/kz/sirim.php

Ауылға 100 шақырым қалған жерде.

Бала-бақша

Бастауыш мектеп пен интернат

Орта мектеп

Қайрат Нұртас, Қайрат Нұртас, Қайрат Нұртас.....

Мал суару

Ат арбаға шөп тиеу.

Ауылда қор болып тұрған "крутой" нөмір

Әкімдік

Мәдениет үйі

Аурухана

Қазпошта

Кітапхана

Контора

Наубайхана

Стелла

Баскетбол алаңы

Саябақтағы футболшылар

Ауылға кееел, ауылға кееел!

Болашақ футболшылар құрама командасы.)

 

Ай.

Айтпақшы, осы ауылда белгілі экстрасэнс Бақыт Жұматова дүниеге келген.

ПыСы: Фотоаппаратпен жүрген мені, бұрынғы неміс тұрғындардың бірі шығар деп ойлап қалған және ауылдағы басты нысандармен таныстырған, бала-бақша қарауылы Нұрболға рахмет! Назарларыңызға рахмет!

 
-4
3
7346

Осы тақырып бойынша