Тікелей эфир

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев мұражайы

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төлебаев, 185

Мұражайдың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі - Жұма: 09.00-18.00
Сенбі,жексенбі: демалыс.

Мұражайға кіру құны:  ересектерге - 500 теңге
Студенттерге - 100 теңге
Оқушыларға - 70 теңге
Экскурсия жасау құны:  400 теңге

Мұражайда: 2 зал бар. Бірінші зал «Қызыл зал» деп аталады. Мұнда Дінмұхамед Қонаевтың жастық шағындағы суреттер, оған тарту еткен әр түрлі сыйлықтар қойылған. Сонымен қатар, бұл бөлме түрлі құрал жабдықтармен безендірілген.

Келесі зал «Көк зал» деген атауға ие. Бұл бөлмеде Қонаевтың портреттері, оның мәрмәрдан жасалған және гипстен жасалған мүсіндері қойылған. Мысалы 1954 – 1956 жылдар аралығында жасаған Д. Қонаевтың мүсінін Х. Наурызбаев есімді мүсінші Қонаевқа сыйға тартқан. Қонаевтың киген костюм шалбары мен аяқ киімі қойылған. Тіпті оның пайдаланған үтігі де бұл мұражайда сақталған.

Ерекшелігі:

Д.А.Қонаевтің пайдаланған заттары мен киімдері сақталғандығы. Сонымен бірге, әр түрлі елдің танымал мүсіншілердің, қолөнершілердің Қонаевқа сыйға тарқан сыйлықтарының құндылығында. Мұражай Д.А.Қонаевтың 90 жылдық мерейтойы күнінде ашылды.

2002 жылы қаңтардың 12 жұлдызында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Д.А.Қонаев мұражайы Алматы қаласында ашылды.

Бүгінде Алатаудай заңғар тұлға, ұлы қайраткер, кемеңгер ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Алаш тарихынан алатын орны ерекше. Өз заманының перзенті болған Қонаевтың есімі мәңгілік халықтың жүрегінде. Бүгінгі аға буын өкілдері қиын қыстау кезеңде еліне адал болған ұлы ұстазды мәңгі есте сақтайды. Оның дәлелі ретінде Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев мұражайы болып табылады.

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алия Arsik
5 қараша 2012, 0:09
14213

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

менің ойымша, Димаш атадай тұлғалардың мұражайы ерекше әсер беруі тиіс... ол кісінің қаламын ұстап, орындығына отырып көрсе... неге екенін білмеймін, аяқ киімін де, костюмін де киіп көргім келеді... сонша сыйлақтарының ішіндегі өзіне қатты ұнағаны қайсысы, сүйікті кітабы бар ма екен? Күнделік жүргізіп пе?
киімдерін кигізбейтін шығар:) ал қалған сұрақтарыңа мұражай қызметкерлері күштілеп жауап берер, мұражай онда сізді күтуде!:)
жауабыңызға рақмет, әрине! жол түскен күні барармын. менің ойымша, көргім келген, сұрағым келген ұсақ-түйек осындай материалдарды қызықтырарлық етер еді... бұл менің жеке пікірім, әрине:)) рақмет!
Димекенің қайтыс болғанына қанша жыл өтсе де, артынан жаман сөздер айтқан адамды естімеппін
керемет,
сухбаттынызга рахмет
Мекен-жайын нақтырақ жаза аласыздар ма? Төлебаев деген ол Фурманов пен Қонаев ортасындағы көше білуімше. Сонда Төлебаевтың қай жерінде, қай көшемен қиылысында екен?
Arsik
0
0
maps.google.com мына жерден қарап көріңіз
Qaseke
1
0
Рақмет! Қару жарағын көбірек көрсетсең ғой шіркін..
Суреттерді дұрыс бағытта түсіруді үйрену керек.
Маған мұражай ұнады. Д.А. Қонаев ерекше тұлға. Шәкірттеріме ол кісіні танытамын.
Мәә, керемет әсерде болдым маған қатты ұнады Алматыдағы Қонаев мұражайына келіңіздер, өкінбейсіздер
Дінмұхамед Қонаев Ахметұлына "ғасыр саңлағы" деген атақ бекер берілмегеніне бүгін тағы көзім жетті. Димаш ағаның өмір жолы - таусылмайтын дария... Бүгін мұражайда болдым, алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Қонаев мұражайын көзінің қарашығындай етіп сақтап, осындай қалыпта халыққа жеткізгені үшін Диар ағамызға алғысым шексіз.
Бірақ мұражайдан шыққан кезде ойыма мына бір сұрақ келді, осындай алтын адамға Алла неге бір ұлды аяды екен? Бір кем дүние...
Бірақ бұл сұрақтың жауабын енді тапқандаймын. Оның ұрпағы көп екен. Қонаевтай Өз ісінің шебері, бұлақ көрсе көзін ашқан, кез келген дүниеге аса ықыласпен көңіл бөлетін, халыққа адал қызмет еткен осы тұлғадан өнеге алып, елдің дамуына кішкене болса да үлес қоссақ, Оның шын ұрпағы Біздер екенбіз...
Білім алып, көзімізді ашып, қазіргі нарыққа қажет мамандықтарды оқып, еліміздің байлығын Тек өзіміз игеретін жағдайға жетіп, елдің дамуына зор үлестер қосатын маман иесі, рухани бай азамат болайық... Назар аударып, оқығаныңызға рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
вчера / 11:23
  • 31546
  • 13
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8223
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5904
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 5735
  • 59
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3870
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 3134
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2250
  • 10
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2214
  • 6