Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық, экономикалық қылмыстар және құқық бұзушылықтар үшін жағдай туғызатын себеп-салдар мен жағдайларды қалай жою керек? Бұл сұраққа жауапты «Құмкөл Көлік Қызметі» ЖШС-де өткізілген семинар-кеңеске қатысушылар іздеді. Семинар жұмысына Қызылорда облысы бойынша ЭСЖКД-і қызметкерлері, «Нұр Отан» партисы, «Жас Отан» ЖҚ, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты. Семинар барысында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Баекеев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасы жөнінде айтты. Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкері Б.Жамантаев, Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған Жарлықтарын еске салып, бұл қауіпті көрініске қарсы тұру қазіргі қазақстандық қоғамд…