Касса алдында болған нағыз ажиотаж!
Кеше әріптесімнің туған күнін атап, достардың үйіне қонып, бүгін таңертең жұмысқа шығып бара жатқанда, Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадион кассасы алдында мынадай картинаны көрдім. Жергілікті Ақтөбе мен Норвегияның Хедд футбол клубтары арасында Еуропа лигасы шеңберінде өтетін матчқа билет сатылып жатыр екен. Бармайм ба, жақындап, кезекке тұрып. Сағат таңғы тоғыз. 5 касса ашылды, кезек жаймен бұзыла бастады, тіпті бір касса алдында екі кезек тізбегі пайда болды. Билет сатып алғандар, адам көптігі кесірінен кейін шыға алмай кассаның төбесімен және оның жанындағы ағашқа секіріп шығып жатты. Одан кейін бұны көрген билет сатушылар кассаларды жапты, одан кейін полиция қызметкерлері келді, қайта ашты, қайтадан кептеліс басталды, қайта жапты кассаны. Солай 3-4 рет қайталанды. Сода…