Қазақ күресі Олимпиада бағдарламасына енуі мүмкін
Жақын болашақта ұлттық спорт түрі қазақша күрес олимпиадалық бағдарламаға енуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz «Астана» кәсіби спорт клубының президенті Бахтияр Артаевқа сілтеме жасап. «Қазақстан Барысы» республикалық жарысының арқасында қазақша күрес еліміз бойынша қайта жандана бастады, — дейді Артаев. – Бұл спорт түрі әлемге танылып, қазір бірқатар елдерде қазақша күрестен жарыстар ұйымдастырылуда. Оның болашағы зор, сондықтан алдағы күндері біздің ұлттық спортымыз олимпиада бағдарламасына еніп жатса, таң қалмаңыз». - Үшінші маусымда финалға шыққандардың қайсысына болысар едіңіз? - Мен алаңдап, жаным ашитын палуандар бар. Бірақ басқаларының көңіліне тимес үшін олардың есімдерін атамай-ақ қойсам деймін. Ал өз жерлестеріме келетін болсам, олар жыл сайын есімі танымал күрескерлер мен спортшыл…