Тікелей эфир

Шетелде білім алу: Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті

Бірнеше ай бойы «Екпін» журналы сізді түрлі шетелдік университеттер мен сонда оқитын отандастарымызбен таныстыруда. Қожамжаров Абай Советжанұлы Жер үсті көлік жүйелері (Наземные транспортные системы) мамандығы бойынша Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдады.

— Бірінші өзің жайлы айтып берсең. Қайда, қай университетте, қандай мамандық бойынша білім алдың?

— Жамбыл облысындағы Шу қаласында туып өстім. Сондағы лингвистикалық мектеп-лицейде білім алдым. Мектепте нақты ғылымдарға жақын болғанмын. Кішкентайымнан пойыздарға қарап, соларды құрастыру және техникалық қызмет көрсетуді армандайтынмын. Қазақстанда М.Тынышпаев атындағы академияда көлік мамандығын (бакалавриат) 2009 жылы бітіріп, 2010 жылы магистратураға Ресейге оқуға түстім. Алматыда оқу кезінде интернеттен ең күшті техникалық университетті іздеу барысында Н.Э.Бауман атындағы МҰТУ-нің аты шықты. Біраз мұғалімдерімнен осы университет туралы жақсы мәліметтер алып, сол оқу орнына түсемін деп шештім. Мәскеуде оқу барысында біраз қиындық туындады, өйткені оқу жүйелері өте күрделі. Техникалық мамандық, инженер маманы — әрдайым сұраныста. Қазақстанның даму бағытында да көліктік жүйелерді дамыту негізгі мақсат болып табылады. Бүгінгі күні еліміздің көлік жүйесін дамыту — менің ең басты мақсатым. Президентіміздің арқасында мен сияқты білім қуып, оқу жолында жүрген азаматтарға мемлеттік грант беріліп, толық мемлекеттің қаражатына білім алып келдік. Мемлекетіміз жастарға осындай мүмкіндік беріп тұрғанда елімізге еңбек ету әрбір азаматтың міндеті деп білемін.

— Шетелге оқуға түсуге не түрткі болды?

— Ең бірінші себебеп, шетелде білім алғым келді. Қазақстанда оқу барысында өзімнің мүмкіндіктерімді саралай келіп, білімі сапасына сай Ресейдегі ең беделді университетке түсуді арманыма айналды. Сонымен қатар, біраз жетістіктерге жеткен ағаларымыздан тәлім-тәрбие алып, олардың Мәскеу қаласында білім алғандығын білдім. Сондай азаматтарға еліктеу болды ма, осы Бауман университетін білгенде жаныма жақын бола қалды. Осында жүріп ғаламтордан қараған ақпараттарым бойынша әлемдегі техникалық мамандарды даярлау жолындағы университеттердің алдыңғы қатарлысы екендігін барлық мәліметтер көрсетті. Ресейде және әлемдегі тек осы Бауман университетінде инженер мамандығын алты жыл бойы даярлайды, сонымен бірге, оқу-әдістемелік құралдары ерекше күрделендірген.

— Бұл оқуға магистратураға түсу үшін қандай құжаттар тапсырдың?

— Кез келген жоғарғы оқу орны секілді бакалавр маманы деген диплом мен өзіңнің жеке құжаттарыңды тапсырасың. Мен ҚР стипендиясының иегері болып, халықаралық Болашақ бағдарламасы бойынша білім алып келдім. Бұл стипендияның иегері болу үшін бір жыл бойы байқауға қатыстым. Байқау үш бөлімнен тұрады: құжаттарды жинау, емтихандар тапсыру, кепілдікке жылжымайтын мүлік қою. Стипендия иегері болған соң, толықтай барлық оқумен байланысты шығындарды мемлекет өз мойнына алады. Бұндай жетістікке жету мен үшін үлкен бақыт болып табылды. Бауман университетінің тағы бір ерекшелігі, Болашақ бағдарламасы бойынша тізімде көрсетілген кез келген университетті таңдап, соған дереу оқуға қабылданасың. Ал Бауман университетінде қосымша емтихан тапсыру міндетті. Бауман универсететін таңдаған өзге де жастар мамандық бойынша емтихандарды тапсырып, сөйтіп Бауман студенттері қатарына қосылдық. Білуім бойынша мен оқыған мамандықтың ақысы жылына 700 мың теңге көлемінде.

— Шетелдік университет пен біздің университет арасында қандай айырмашылықтар байқадың?

— Білім беру жүйесінде, сапасында ерекшелік өте көп. Оқимын деген адамға барлық мүмкіндіктер жасалған. Студентке берілген жеке тапсырманы мұғалім қабылдағанда өте қатаң тексереді, сонымен қатар, дәріс уақыты көбірек берілген. Ұстаздар сол дәріс уақытында барлық тиісті мәліметтерді толықтай беруге тырысады. Бір семестрге курстық жоба беріледі, ол диплодық жұмыспен тепе-тең болып келеді. Онда берілген тапсырма әрдайым ерекше болып келеді. Сосын семестр аяғында ол жұмысты қорғайсың, оны екі немесе үш мұғалім тексереді.

— Ал біздің студенттер мен шетелдік студенттер арасында қандай айырмашылықтар бар?

— Мүлдем айырмашылық байқалмайды, бірақ әрбір Бауман студенті «бауманец» атағына ие болады. Бұл университеттің студенттеріне Мәскеу қаласында ерекше жеңілдіктер көрсетіледі. Мысалы, мұражай мен театрларға тегін және өзге мәдени орындарға үлкен жеңілдіктер көрсетілген. Бұл университетте оқып жүргенде әлемнің түпкір-түпкірінен келген азаматтармен танысып, жақсы араластық. Мұнда оқитын әрбір студенттің ерекше мәдениеті жоғары балалар екені бірден көзге түседі. Оқуға деген көзқарастары да өзгеше, берген тапсырманы тиянақты орындап, мұғалімді ерекше сыйлайды. Ал жеке жағдайларда университеттегі студенттердің жүріс-тұрысы біздікіндей-ақ. Студенттік бірлестіктерге мүше студенттер апта сайын әр түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Жаздық демалыс кезінде және қыстық демалыста студенттерге тегін демалыс жолдамалар беріледі. Қыста таулы аймақтарға, көрші мемлекеттерге, жазда теңіздерге жібереді.

— Сондағы ұстаздарың жайында айтып берсең...

— Мұғалімдердің көпшілігі жастары елуден асқан кісілер, жас мұғалімдердің өздері де өте білікті. Сонымен қатар, түсінігі мол. Бір сабақтан біраз қиналып, үй жұмысын дұрыс орындамай барғанмын. Ол жұмысты тапсыру барысында бір ұстазым: «Мен саған бесіңді қойып беремін, бірақ сен бір жерін түсінбей тұрсың. Сен оқу үшін келдің ғой, маман болу үшін», — деп айтып, бағамды қойып бергенде бір жағынан қуандым, бір жағынан ойландым. Сөйтіп, сол жұмысымды алып түнімен оқып, түсініп, келесі күні тапсырып кеткен болатынмын.

Менің ғылыми жетекшім Купреянов Андрей Анатольевич деген ғылым кандидаты, доцент болды. Ол кісіден біраз ілім-білім жинадым. Ол ғылыми жұмыс жасау мен бағытты дұрыс бере білді, тиісінше мен берілген тапсырманы жылдам орындауға тырыстым. Ғылыми жұмысымды қорғауға келгенде, ол менің екі жылдың ішінде біраз білім қосқандығымды және табандылық пен еңбекке құштар екенімд айтты. Ұстаз деген ерекше адам болып саналады емес пе. Мұндағы ұстаздарым әрбір студентке ерекше көзқараспен қарап, олардың мүмкіндіктеріне сай тапсырма беретін және толықтай өз бетіңмен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлетін. Оларға қарап, әрбіреуінің өз бағытының маманы екені айдан анық. Олардан кез келген сұрақты сұрап, біраз уақыт талқылап отыратынбыз.

— Оқу күнің қалай өтуші еді?

— Оқу сабақ кестесі бойынша өтеді. Дәріске келу міндетті. Алайда кейбір мұғалімдер сабаққа келуді ерекше орынға қойып, тәртіпті жақсы көрсе, кейбіреулері еркіндік беретін. Бірақ емтихан мен семестр аралық бақылауында толықтай білім деңгейін тексереді, сол кезде дәріске келмеген студенттер көбіне қиналатын. Таңғы сағат 8.30 басталып, қосымша мен консультациялармен кешкі сағат 17.20 дейін болатын күндер де болған. Бір сабақ — бір жарым сағат, пара болып өтеді. Лабораториялық жұмыстар үш-төрт пара болып, бір күн бойы өтетін. Бірінші 1-2 ай теориялық дәріс аламыз, содан соң 1 ай лабораториялық жұмыс болатын. Ең күштісі, Бауман университетінің асханасы қала университтері арасында 2010 жылы бірінші орын алған. Себебі дайындалған ас таза және студенттерге өте тиімді болатын. Бірінші, екінші тамақ, салат пен шай, десерт алып, жүз отыз рубльге түскі ас ішуге мүмкіндік болатын. Макарон гарниры — алты рубль, салаттар — сегіз рубльден басталатын.

— Ресейге барғанда ол жақтағылар алғашында қалай қарсы алды?

— Алғашқы рет келгенде үлкен қала, жан-жағыңда әрдайым бір жерге асығып жүретін адамдар. Ұстаздар мен жергілікті халық, әрине, әр қалай. Бірақ, тек сыйластықпен араластық. Орынды жүріп, өзіңді дұрыс ұстап жүрсең, еш қиындықтар болмайды. Ауа-райы ерекше, жаңбыр күз бойы жауады, қысы ылғалды. Күн көзін мүлдем көрмейсің. Басында күн жоқ деп, көңіл-күй де онша емес болатын, бірақ оқу барысында бәрін ұмытып, сапалы білім алуға бел будым. Қалада көлік өте көп, әйткенмен, өзім көпшілік сияқты метромен жүргенді ұнататынмын. Себебі кез келген жеріңе уақытында жетесің. Бұл елдің метро жүйесі қатты ұнады. Студенттерге метромен жүруге бір айға 350 рубльге (1750 теңге) кететін. Тамақтану жағынан еш қиындық болмады. Кезінде бір кеңес үкіметі болғандықтан, тағамдарымыз да аса ерекше емес. Борщ пен котлет жеп жүрдік.

— Тұрғын үй мәселесі қалай болды?

— Екі жыл бойы жатаханада тұрдым. Бір бөлмеге 2-3 адамнан орналастық. Мен қазақ балалармен бірге тұрдым. Аса қиындықтар болмады, тазалықты сақтадық, келе салысымен ремонт жасап, жайғасып алдық. Көршілерім Түркия, Франция, Италия, Малайзия, Миянма, Қытай, Корея, Вьетнам, Беларусь, Украин, Кавказ азаматтары болды. Бәріміздің мақсатымыз — білім алу болғандықтан, олармен жақсы қарым қатынаста болдық. Сенбі күндері жиналып, футбол ойнайтынбыз. Жатақханада жағдайдың бәрі жасалған, оку орнына дейін он бес минут жүретінбіз. Болашақ бағдарламасы қаражаттың барлығын өзі төлегендіктен, жатақхана ақысы қанша екендігін білмедім. Бірақ грантта оқып жүрген және ақылы бөлімде оқып жүрген студенттердің жатақханада тұру ақысы әр түрлі болатын.

— Ресейде оқу, тұру саған қалай әсер етті?

— Әсері өте ерекше және пайдалы болды. Біраз жаңа білім жинадым, қарым -қатынастардың қыр сырларын білдм. Мәдениетімді дамыттым, өмірге деген көзқарас біраз өзгерді. Шетелде жүріп, Отанымыздың әл-ауқатын әлі де көтеру керек екендігіне көзім жетті. Студенттер мен жастарға ерекше көзқарас болғаны дұрыс екендігін түсіндім. Намысшыл болғандықтан, біздің елімізде осындай оқу орындары мен жақсы өнеркәсіп саласын дамыту керек екендігін түсіндім. Ресейде күткен жайлардың бәрі толықтай ақталды деп ойлаймын.

— Болашаққа қандай жоспарларың бар?

— Еліме еңбек етіп, жиған-терген білімімді, жігерімді Отанымыздың әл-ауқатын көтеруіне жұмсамақшымын. Еліміздің экономикалық жағдайын тұрақтандыруды армандаймын. Биыл оқуымды бітіріп келдім, енді мемлекеттік қызметте еңбек жолын бастауды көздеп отырмын.

Әңгімелескен Айнұр Ракишева


Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Robert Gordon University

University of Warwick

Gazi Üniversitesi

University of Windsor

Алия Arsik
10 қараша 2012, 10:45
4990

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Тамаша! Мен әлі оқушы болғанымен, шетелде ,білім алуға тырысудамын . Сол себептен сіздің мақалаларыңыз мен үшін өте пайдалы және қызықты. Осындай мақалалар көбейсе деп тіліеймін,ісіңізге сәт, және осындай жұмыс үшін алғыс білдіргім келеді. Рахмет!
Рахмет Мансұр! Арманыңа сүрінбей жетуіңе тілектеспіз!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8865
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3176
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3318
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3297
  • 56
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2896
  • 10
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3005
  • 31
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2466
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2199
  • 18