Мазмұнға өту

Жаңа

Гүлназ Әлімгерей, тележүргізуші, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері: МӘТІНГЕ ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІНІ КӨЗІНЕН-АҚ АҢҒАРАМЫН

– Гүлназ, естуімізше өзіңіздің мектеп-студияңызды ашқалы жатыр екенсіз. Әңгімемізді осыдан бастасақ.

– Таяуда ғана Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин журналистер дайындайтын оқу орындары мен жұмыспен қамтамасыз етушілердің арасын жалғайтын шеберлік сыныптары, курстардың тапшы екендігі жөнінде  айтқан болатын. Ақпарат майданы қайнап тұрған бүгінгі қоғамға өз ісінің хас шеберлері қажет. Заман ағымы шеберлік сыныптарына сұранып тұр. Телевизия саласында жүріп, азды-көпті жиған өз тәжірибемізді және телеөнердің туын жықпай, қажырлы еңбегі мен өмірін осы салаға арнаған нағыз мамандардың дәрісін жас буындарға жеткізуді жөн көрдік. Қазір 10-12 адамдық шағын топтарға таланты мен талабы, бойындағы біліміне қарай үміткерлер іріктеліп алынды. Олар екі айдың ішінде телевизиядағы танымалдығы мен таланты талас тудырмайтын журналист аға-апаларымыздан дәріс алып, шеберліктерін шыңдайды. Бұл іске теоретиктерді емес, тәжірибесі мен біліктілігі ұштасқан мамандарды жұмылдырып отырмыз. Олар кімдер? Олар – Сауық Жақанова, Нұртілеу  Иманғалиұлы, Қымбат Досжан, Баян Секербаева, Жайна Сламбек сынды экран шеберлері мен сайыпқырандары. Бүгінде бағдарламаның тақырыбы қызықты сценарийсіз ашылмайды. Міне, осы саланы жіті меңгерген Перизат Мырзахметтен сабақ алу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Келесі маусымда тәжірибелі өзге мамандарды да тартатын боламыз.
– Оқу бағдарламасын толық меңгергендерге жұмысқа тұрып кетуге көмектесесіздер ме?

–  «Шаршы алаңға шығып, сөз бастау қиын» деген. Жауапкершілігі мол бұл бастаманы іске асырудың өзі оңайға соққан жоқ. Ал курс түлектерін жаппай жұмыспен қамту мәселесі мектеп-студияның міндетіне кірмейді. Бұл жерде тек теориялық және практикалық білім беріледі. Дегенмен, бұдан бөлек телеарналарға жобалар дайындап жатырмыз. Бұл істің үдесінен шыға білгендерге, ынтызар шәкірттеріме мүмкіндік жасауға болады. Бәлкім, телеарналардың бұйдасын ұстап жүргендерден ұсыныстар түскенде, ерекше көзге түскен шәкірттерімізді міндетті түрде ұсынатын боламын.
– Бүгінде журналистердің көпшілігі қаржы табу мақсатында телеарналардан аутсорсингпен жеке бағдарламалар шығаруға көшіп жатыр. Бұл үрдісті құптайсыз ба?

– Аутсорсинг телеарналарға сұраныстан туындаған дүние. Яғни эфирге сапалы хабарларды дайындау. Бағдарламалардың ұлттық бояудан алшақтамай, рейтингі жоғары болуы шарт. Бірақ, әрине көңіл толмайтын тұстары да болады. Аутсорсинг арқылы жүріп жатқан бағдарламаның бәрі жоғары деңгейде деп айтуға болмайды. Осы жайттарды көріп отырып, өзімнің көкейімде жүрген бағдарламаларды мұқият мұғдарлап, жан-жақты саралап, болашақта телеарна басшылығына ұсынсам деген ойларым да бар.
– Қазір телеарнада жүрген кейбір әріптестеріңізде тіл жұтаңдығы байқалады. Телеарна айна ғой, экранның арғы жағында отырған көрерменге бәрі көрініп тұрады. Әрине сынай салу оңай шығар. Мүмкін бұл саланың біз білмейтін қырлары, қиындықтары бар болар?!

– Біз қазір диктор емеспіз. Ең алдымен осыны түсінуіміз керек. Кезінде қатаң саясаттың басшылығымен дайын мәтінді оқып беріп отырды. Олар орта жастағы, иықты, денелі болуы керек болды. Әрлендіргенде қырықтың шамасында болса, халық сонда ғана сенеді деген түсінік қой. Ал қазір мүлдем өзгеше сипатта. Эфирге жастар келіп, ерлеріміз ұсақталып барады. Бәрібір ірілік сезілмейді. Меніңше, жүргізуші – жазғаны жанарында оты арқылы сезіліп тұратын болуы керек. Сюжетке бара алмасам да, жүргізушінің айтар сөзін өзім жазып, жаңалықтар тізбесін жасаймын. Мәтінге ешқандай қатысы болмаған тележүргізушілерді көзінен-ақ аңғарып отырамын. Кейбір телеарна жүргізушілерінің жұп болып жүргізгендеріне таң қалам. Бір-бірімен арада диалог жоқтың қасы. Бүгінгі күннің жүргізушілері суфлердан мәтін жоқ болып шықса, жаңалықты жүргізіп отырғанда жедел ақпарат жетсе, аңдатпа айтылу керек болғанда сасқалақтамай, абдырамастан эфирді алып шығуы қажет.
– Жолдасыңыз Нұрділдә Ораз белгілі журналист, бүгінде Ішкі істер министрлігінде департамент директоры. Карьера жасаймын деп өзіңіздің жұбайыңызбен жарысып жүргендей болмайсыз ба?

– Мектеп-студия ашу менің емес, осы жұбайымның идеясы. Нұрділдә бір сұхбатында «болашақта тележүргізушілердің стилін қалыптастыратын мектеп ашқым келеді» деген болатын. Міне, осы ойтүрткіні жүзеге асыратын уақыт туды. Сенгендіктен болар, осы бастаманы маған тапсырып отыр. Екеуміз де бір мамандықтың иесі болғандықтан, қызығушылығымыз да бір бағытта тоғысады. Белгілі бір мақсатқа біріге отырып, білек сыбана іске кірісуіміздің бастамасы. Шегелеп тұрып айтамын, Нұрділдә – үлкен стратег. Жан-жақты зерделеген кезде, ойының жартысына да жете алмаймын.
– Қандай деңгейде ардақты келін, асыл жар, аяулы ана бола алдыңыз? Үй шаруасына қаншалықты ептісіз?

– Үй мен жұмыстың арасында шапқылап жүрмін. Қоғамдағы жұмыстар мен үй шаруасына үлгеруге тырысудамын. Арнайы күтушім жоқ. Бір отбасының түтінін түтетіп отырған келін болғандықтан ас мәзірін өзім дайындаймын. Жолдасымның таңертеңгі асын әзірлеп, жұмысқа жіберемін. «Бизнес-леди» болып жатсам да, барлық мәселені отағасы шешеді. Әжелеріміз ыстық суы, жарығы, газы жоқ үйде тұрып-ақ барлығына үлгерген. Біз де үлгеруге тиіспіз. Шүкір, ата-енем қасымда. Бірі қызымыз - Ділназымды бала-бақшадан, бірі ұлымыз - Нұрасылды мектептен  алып келеді. Бірақ, ұлымның сабағын өзім қадағалаймын. Қазір 2-сыныпта оқып жатыр. Қытай тілі мен ағылшыншаны игеру қиынға соғуда. Сонда да өз бетінше сабақ оқуға үйретіп жүрмін.
– Дене бітіміңізді қалыпты сақтау үшін диета ұстайсыз ба, әлде спортпен шұғылданасыз ба?

– Өмірдің өзі – спорт. Шынын айтқанда, мен өте арық болғанмын. «Аздап толыпсың» деген сөзге мәз болатынмын. Қазір өзімді еркін сезінемін. Мүмкіндігім болса да, ешқандай салонға, фитнеске бармаймын. Уақытымды текке жұмсағым келмейді.
– Миллиондаған көрерменнің көз алдында жаңалықтар жүргізесіз. Сын айтылмай тұрмайды. Сынды қалай қабылдайсыз?

– Сынды Нұрділдә екеуміз бір-бірімізге айтып, бойымыздағы қателіктерді осылай түзетіп отырамыз. Қазір кемшіліктерді тұстарды өзім іштей сезіп отырамын. Кейбір жандар ұсақ сындар айтып жатады. Алайда менің өзіндік стилім бар. Сынды бұлтартпай айтатын Нұртілеу Иманғалиұлы, Намазалы Омашұлы сынды ұстаздарымыздан ауыр сын естімегенім, мен үшін үлкен қуаныш. Жастайымыздан еліктеп өстік. Уақыт өте келе адам өзін таба алмаса, өзінің «менін» жоғалтып алады. Аянбай еңбек етіп, тер төккен журналист ретінде халықтың көкейінде қалғым келеді.
Сұхбаттасқан – Салтанат СҮГІР,
ЕҰУ-нің студенті
3
3
6817

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде үздік тәрбиеші-офицерлер анықталды

Жаркент гарнизонында Құрлық әскерлері әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарларының жиыны аяқталды.

Жиынға қатысушы тәрбиеші-офицерлер атыс, дене тәрбиесі мен арнайы-тактикалық дайындықтан сынақтар тапсырып, шеберліктерін танытты. Барлық шаралар кешенді түрде жүргізілді. Мәселен тәрбиеші-офицерлер атыстан сынақ тапсыру алдында полигонға дейін жеті шақырым қашықтықты жаяу жүріп өтті.  Ал тактикалық сабақтардан сынақ тапсыру әскери бөлімді жауынгерлік дайындыққа келтіргеннен кейінгі талқылаудан соң жүзеге асырылды.

Сабақтардың көпшілігі далалық жағдайда өткізілді. «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының және Аэроұтқыр әскерлері командирлерінің орынбасарлары әскерлерде тиімді қолданылатын жұмыс әдістері мен түрлерін практика жүзінде көрсетті. Жиынға қатысушы әрбір тәрбиеші-офицер жиыннан алған тәжірибені, қызықты әрі пайдалы идеяны өз қызметіне пайдаланатын болады.

Тәрбие құрылымдарының жиыны қысқы оқу кезеңіне қорытынды жамсаумен аяқталды. Жиын жұмысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов қатысты. Жиында тәрбие және идеологиялық жұмыстардың дамуына мол үлес қосқан үздік тәрбиеші-офицерлердің есімдері белгілі болды. Олар: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшысының тәрбие және  леуметтік-құқытық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Самат Төлепбаев, десантты-шабуылдаушы бригада командирінің орынбасары полковник Серік Сейітбаев, байланыс бригадасы командирінің орынбасары подполковник Ринат Ахметов.

Көптеген тәрбиеші-офицерлер Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бұйрығымен естелік сыйлықтарға ие болды.

– Қорғаныс министрі белгілеп берген жеке құрамды тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырма осы тәрбие құрылымдары офицерлерінің мойнына жүктеліп отыр,-деді Мұқамеджан Таласов. – Заманауй қауіп қатерлерге тәрбиеші-офицер кез-келген уақытта өзінің мол білімі мен жетілдірілген кәсіби дағдысы арқылы жауап бере алуға тиіс. Сол себепті қорғаныс қабілетін нығайту ісіндегі жетістіктер ге қол жеткізу командирлердің тәрбие және әлеметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларына тікелей қатысты.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
575

ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды

Оқу жылының аяқталуына орай және ЕХРО-2017 жобасын қолдау мақсатында Астана қаласының 7 мектеп-гимназиясында оқушылар флешмоб ұйымдастырды. Бір уақытта 2017 оқушы Атамекен әнін айтты.

ЕХРО-2017 арналған флешмобта 2017 оқушы 2017 шарды көкке жіберді. Бұл шараны "Заңғар" шығармашылығы қолдады. Керемет!

"Шет елдің биін жастарымызға сіңіріп,флешмоб ұйымдастырғанша,неге өзіміздің ән мен биді насихаттамасқа" дейді 7мектеп-гимназияның директоры.

ЕХРО-2017 құрметіне ұйымдастырылған 2017 оқушыдан тұратын флешмоб. Керемет өтті.

Ертең мектеп бітіргелі жатқан мектеп түлектері Бөгенбай көшесіне сән берді Бұл - 7 мектеп-гимназияның ұйымдастырған флешмобы. ЕХРО-2017 - 2017 оқушы.

Ертең елімізді әлем тамашалайтын ЕХРО-2017 туралы оқушыларға ақпарат беру, санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған бұл флешмобтың берері мол.
Әрі бір мезетте орындалған Е.Хасанғалиевтің Атамекен әні де патриоттық сезім сыйлайды.

Ертең елімізді әлем тамашалайтын ЕХРО-2017 туралы оқушыларға ақпарат беру, санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған бұл флешмобтың берері мол. Әрі бір мезетте орындалған Е.Хасанғалиевтің Атамекен әні де патриоттық сезім сыйлайды.

"2017 шар аспанға қалай ұшса, ЕХРО-2017 арқылы Қазақстанның мәртебесі де солай шарықтасын" деген ниетпен ұшырылған 2017 шар.

"Біздің 7 мектеп-гимназияның оқушылар мұндай флешмобтарға үнемі дайын. Алда талай шаралар өткіземіз" дейді мектеп-гимназия директоры.

Бүгінгі керемет жобаның ұйымдастырушылары.

Сол жақтан бастап, бірінші тұрған - 7 мектеп-гимназиясының директоры, екінші - Заңғар шығармашылығының жетекшісі және мектеп-гимназия мұғалімдері.

0
0
2817

«Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).

Шындықтың бетін ашуға тырысып жүрген жандар, жабылған жала құрбаны болған тағдыр... Дүйсенбі және жұма күндерінің аралығында Ұлттық арнада «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының жаңа топтамалары!

0
0
277

Бүгін — «Мария-Антуанетта». Драма (АҚШ, Франция, Жапония, 2006 ж.)

(Режиссері: София Коппола, басты рөлдерде: Кирстен Данст, Джейсон Шварцман, Джуди Дэвис). Австрия императорының қызы, француз патшайымы Мария-Антуанеттаның аңыз өмірі туралы хикая бүгін Ұлттық арнада, сағат 23.55-те!

0
0
249