Кембриджге қалай түсуге болады?

Алия 2012 M11 4
9055
7
22
0

Бүгіннен бастап "Екпін" журналы шетелдік университеттерде білім алу мәселесін көтеріп, талапкерге пайдалы мәліметтер жариялай бастайды. Осы материалда сіздер Кембридждің оқу ақысы, түсуге қажетті...

Кембридж, Оксфорд, Гарвард, Йель, MIT — бұл университеттер әрбір студенттің арманы. Өйткені бұл ЖОО әлемнің ең мықты университеті екендігін дәлелдеген. Қарапайым талапкер үшін бұл университеттерге түсу қол жетпес арман сияқты. Алайда, еліміздің жастары бұл білім ордаларының табалдырығын аттап, білікті маман болып шығып жүргені құпия емес. Бүгіннен бастап "Екпін" журналы шетелдік университеттерде білім алу мәселесін көтеріп, талапкерге пайдалы мәліметтер жариялай бастайды. Осы материалда сіздер Кембридждің оқу ақысы, түсуге қажетті құжаттар және талапкерге қойылатын талаптар туралы біле аласыздар.

Кембридж университететі

University of Cambridge

Ұлыбританияның ең көне және ең танымал, әрі әлем бойынша барлық рейтингтертерден бірінші орында тұрған университет. Бұл университеттің негізін 800 жыл бұрын Оксфардтан белгілі себептерге байланысты кетіп қалған ғалымдар қалаған. Яғни Ұлыбританиядағы екінші университет.

Кембридж дәстүрді өте қатаң сақтайтын университеттердің бірі. Мысалы, мұнда 700 жыл бойы ең аз балл жинаған студентке ағаш қасық беретін болған екен.

Университетке түскісі келген талапкерді қабылдау кезінде қабылдау комиссиясы үш негізгі пунктті ерекше қарайды: академиялық қабілеті мен шамасы, тәуелсіз пайымдауы және таңдаған мамандығына деген құштарлық. Қазіргі уақытта мұнда undergraduate level бағдарламасы бойынша білім алып жатқан шетелдік студенттер үлесі 10 пайыз.

Құжаттарды тапсыру уақыты

UCAS жүйесі бойынша бүкіл университеттік және Кембридждік ішкі қалып бойынша оқуға түсу үшін барлық құжаттар 15-қазанға дейін толтырылып, тапсырылуы қажет.

Университетке түсу тәртібі

Сәуір мен мамыр айларының аралығында талапкер университеттің ұсынатын бағдарламарын жаттап және бұл бағдарламалар іске асатын колледждерді біліп алуы керек.
Одан бұрын ол бағдарлама мен колледжді таңдауға көмек беретін арнайы кеңесшімен сөйлескені абзал.

Маусымнан қазан айына дейінгі аралықта, талапкер қажетті барлық құжаттар мен оқуға тапсырудан бұрын өткен сынақтың нәтижелерін қосып, оқуға түсуге өтініш жазуы керек.

Қыркүйек пен желтоқсан аралығында шетелдік студенттер университетте немесе университет сұхбат өткізетін бір елде әңгімелесуден өтулері қажет. Өткен жылы таңдалған елдер Канада, Қытай, Үндістан, Малайзия, Пәкістан және Сингапур болған.

Талапкерге қойылатын талаптар

Кембридж университетіне түсу үшін, Ұлыбританияның өзге де жоғарғы оқу орындарындағыдай, біздің мектеп бітіру туралы аттестат аздық етеді, мектепті бітіргеннен кейін міндетті түрде A-Level* дайындық курсын немесе бір-екі жыл ЖОО-нында оқу қажет.

Қабылдау комиссиясы талапкердің мамандығана байланысты пәндерге ерекше көңіл бөледі. Сол үшін бағалары өте жоғары болуы керек -  британдық жүйе бойынша тек А.

Сонымен қатар, таңдаған саласы бойынша жетістіктері де маңызды: олимпиада, байқаулардағы жеңістер, ғылыми жұмыстар, конференцияларға қатысқандығы.

Талапкердің Кембриджге түсуге мүмкіндігі бар-жоғын тек арнайы Cambridge Admissions Office бөліміне хабарласу арқылы ғана білуге болады. Сонымен қатар, тіл білімі IELTS шкаласы бойынша 7.0 балл болуы қажет.

*A-level — Ұлыбритания жоғарғы оқу орындарына түскісі келетіндер үшін міндетті білім деңгейі. Өйткені UK-да мектепте 13 жыл оқиды, ал бізде 11 жыл. Бұл деңгейде оқушылар ЖОО-на түсу үшін қажетті пәндер мен емтихандарды таңдайды.

Оқуға түсу алдындағы сынақтар

Барлық мамандықтарға түсу үшін алдымен әңгімелесуден өту қажет. Ал қалған сынақтар таңдаған мамандығы бойынша өтеді. Мысалы, математиканы таңдаған болсаң, әңгімелесу үстінде тест жазуың керек, ал тілдер бөліміне түсу үшін - тест және эссе, архитектуралық мамандықтарға - портфолио. Алайда, университеттің әр колледжінде бір мамандыққа әр түрлі тапсырмалар беріледі.

Оқу ақысы

2011–2012 оқу жылында шетелдік студенттерге 1 және 2-топ пәндері (археология және антропология, экономика, педагогика, құқық, лингвистика, математика, саясаттану, психология т.б) үшін — £11 829, 3-топ пәндері (архитектура, география, музыка) үшін — £15 480, 4-топ пәндері (инженерия, информатика, менеджмент т.б) — £18 000 және 5-топ пәндері (медицина мен ветеринария) үшін £28 632.

Сонымен қатар, студенттер жылына бір рет £4 400 - £5 200 аралығындағы College Fees төлеп тұрады. Оған қоса, студентке шетелде өмір сүру үшін жылына ең аз дегенде £8 060 қажет.

Гранттар

Шетелдік студенттер үшін оқу ақысына немесе колледж салығына көрсетілетін аздаған жеңілдіктер бар. Ол жайыда нақтырақ білу үшін Cambridge Admissions Office-ке немесе талапкер түскелі жатқан колледждің гранттар жайындағы бөліміне хабарласу керек. Негізі гранттардың көбі магистранттар мен аспиранттарға арналған.

Колледждер

Кембриджде 31 колледж бар. Оның үшеуі қыздарға арналған, алтауы тек бакалавр бойынша қабылдайды. Мұндағы әр колледжде өзінің территориясы, өзіне тән инфрақұрылымы бар. Колледж студенттің оқитын, тұратын әрі бос уақытын өткізетін орны болғандықтан, Кембридж әкімшілігі құжат тапсырғалы жатқан талапкер үшін колледж таңдау - ең маңызды бөлімдердің бірі болуы керек дегенге басымдылық көрсетеді.

Untitled-2

Мұражайлар мен кітапханалар

Жас ғалымдар салаға, зерттеу жұмысының қиындығына қарамастан, түрлі зерттеулер өткізе алады. Университет аумағында  Fitzwilliam Museum, Kettle’s Yard, Археология мен антропология мұражайы, Зоология мұражайы, Классикалық археология мұражайы, Ғылым тарихы мұражайы, Жер туралы ғылымдар мұражайы, Поляр мұражайы, Ботаникалық бақ орналасқан.

Сонымен қатар, Кембриджде 100 кітапхана бар. Оларды картадан көруге болады.

Материал "Theory&Practice" сайтынан аударылған

Оцените пост

22

Комментарии

2
Менің бала кездегі арманым болған:)
2
Содан соң сіздердің ұжымға алғыс, толыққанды ақпарат беріліпті:)
1
theory & practice сайтынан баска мағлұмат қосуыңызды сұраймын, Қазақстан азаматына шет елдегі университеттерге қайтып түсуге болады? қандай бағдарламалар бар деген сияқты сұрақтар көп және осы оқу орындарында оқығңан қазақстан азаматтарының пікірін білгім келеді
2
келесі материалдарда шетелде оқып жүрген студенттермен сұхбат болады, сонда нақты бұл сұрақтарға жауап беретін боламыз. Дәл Кембриджді бітірген не сонда оқып жүрген кейіпкерді әзірге тапқан жоқпыз.
2
Жақсы мәлімет.
Показать комментарии