Тікелей эфир

Шетелде білім алу: Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Малика Раева бейнеклиптегі танымал әншінің көйлегі қай дизайнердікі, нешінші жылғы коллекциясынан екендігін айнытпай тани алады. Күніне мыңдаған адам кіретін блогын жаңалап отырып, фэшн өмірдің теория мен практикасын қиналмастан ұштастырып келеді.

— Малика, қазір қай жерде, қандай мамандық бойынша оқып жатырсың?

— Мен Лондондағы Қасиетті Мартин атындағы Орталық өнер және дизайн колледжінде* (CSM) фэшн коммуникация факультетінде оқимын.

— Бұл университетті және бұл мамандықты таңдауыңа не себеп болды?

— Бұл университетке түсу менің бұрыннан бері келе жатқан арманым болатын. Ең сүйікті дизайнерлерім дәл осы университеттің түлектері (колледждің атақты түлектері қатарына Стелла Маккартни, Александр Маккуин, Джон Гальяно, Гарет Пью, Пол Смит, т.б. дизайнерлер жатады — А.К.).

— Бұған дейін Қазақстанда оқып па едің?

— Мен Бішкек қаласында туылсам да, кішкентай кезімнен Алматыда тұрғанмын. Сонда Жәния Әубәкірова атындағы колледжде оқыған болатынмын.

— Ал CSM колледжіне қалай түстің?

— Әдетте өнер саласы бойынша курсқа түсерде емтихан тапсырмайсың. Бастапқыда арнайы форма толтырдым да, оларды өзім таңдаған 5 университетке жібердім. Кейін университеттен сұхбатқа шақыру хатын күтіп жүрдім. Ол жерде өзіңнің портфолиоңды көрсетіп, жасаған жобаларың жайлы айтып беруің керексің. Тек содан кейін ғана университеттің мұғалімдері оқу орны саған келе ме, жоқ па деп шешім қабылдайды.

— Фэшн индустрия саласы бойынша білім беретін университеттердің ішінен CSM несімен ерекшеленеді?

— Басқаларында қалай оқылатынын білмегендіктен, нақты айта алмаймын. Алайда біздің университет әлем бойынша ағылшын тілінде дизайн саласында білім беретін ең алғашқы университеттердің бірі, әрі Ұлыбританияда да бірінші болып есептеледі. Сондықтан оның бұл сала бойынша ең үздік екенін нақты айта аламын.

— Жалпы күнделікті оқу процесі қалай өтеді?

— Менің курсымда біз Мәдениеттану, Сән тарихы, Фэшн-фотография, Фэшн-иллюстрация сияқты дәрістер өтеміз. Сондай-ақ бүкіл курс бойынша жоба өткізетін арнайы күндер болады. Әр студент өзінің жобасын қабырғаға іледі де, аудиторияда жүріп, оны бұл жұмысты жасауға не шабыттандырғаны жайлы баяндайды. Ал топ болса, өздерінің сындарын айтады, соңында мұғаліміміз өз бағасын қояды. Сән тарихы мен мәдениеттану сабақтарынан көбінде дәрістер тыңдаймыз.

— Тіл жағынан немесе басқа студенттермен қарым-қатынас жасауда қиындықтар болды ма?

— Англияда бұған дейін 3 жыл колледжде оқығаннан кейін ағылшын тілінде қиындықтар болған жоқ. Оған қоса, тобымыз да өте ұйымшыл болып шықты.

— Ал өзіңнің профессорларың жайлы айтып өтсең?

— Курстағы профессорлар тәжірибелі мұғалімдер, әрі өте қызықты тұлғалар. Олар сабақ беруді сән индустриясындағы жұмысымен қатар алып жүреді. Сондықтан да олардың бізге беретін білімі өзекті, қазіргі заман талабына сай. Менің ойымша, университеттің үлкен бір артықшылығы да осында.

— Біздің оқу жүйеміз бен британдық оқу жүйесінің басты айырмашылықтары қандай?

— Ең басты айырмашылығы — білім беру тәсілінде. Бұл жерде өзіңді еркін ұстайсың. Мұғалімдермен әрі дос, әрі әріптес бола аласың. Сен өзіңді жай студент емес, мамандық иесі ретінде сезінесің. Айырмашылық жалпы атмосферада және де потенциалыңды кеңінен ашуға көптеген мүмкіндіктердің болуында. Алайда оның барлығы оқушының өзіне байланысты.

Маликаның жобалары

— Колледждің студенттері туралы не айта аласың?

— Бұл университетке студенттер әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады. Әдетте бұған оқу орнының рейтингісі көп әсер етеді. Әрине, әр студенттің осы оқу орнына түсу себебі әр түрлі. Біреулері жай ғана ата-аналарының ақшасын құртып жүрсе, біреулері нағыз дизайнер болуды армандап келеді, ал енді біреулері университеттің атын жамылып, танымал болып кетемін деп ойлайды.

— Қызықты жобаларың жайлы айтып бересің бе?

— Бізге әр түрлі жобалар тапсырады. Мысалы, соңғысында студент-дизайнерлер үшін фэшн-шоу ұйымдастыру қажет болды. Бүкіл жұмыс біздің мойнымызға жүктелді. Топтағы біреулер техникалық жағына жауап берсе, енді біреулері шақырулармен, демеушілермен айналысты. Мен болсам, модельдер үшін жауап бердім. Бұл үрдіс университетте жыл сайын өткізіледі екен және де мұғалімдердің айтуынша курсымыздың шоуы ең мықты дегендердің қатарына енді.

— Оқудан бөлек немен шұғылданасың?

— Достарымның жобаларын дайындауға көмектесемін. Сондай-ақ оқудан тыс мұғалімдердің жұмыстарына ат салысамын. Мысалы, жақында бір апайымыздың фэшн-шоу бекстейджінде көмектестім. Сонымен қатар, мұражайлар аралап, түрлі концерттерге барғанды ұнатамын.

— Музыкадағы және кітап оқудағы талғамың қандай?

— Маған баяу әндер ұнайды. Әсіресе соңғы кезде бразилдік босса-новаға көңілім ауып жүр. Ал кітаптарды онша талғамаймын. Әр нәрсені оқып кетуім мүмкін. Мен үшін ең бастысы — кітаптардың соңы жақсы болуы керек. Адамды ойландырып, ізгі істерге итермелесе болғаны.

— Шетелде оқығысы келіп жүрген студенттерге қандай кеңес берер едің?

— Алған бетінен қайтпай, өз мақсаттарына нық аяқ бассын. Бұл кеңес әсіресе фэшн факультетке түсемін деген студенттерге арналмақ. Өйткені сән индустриясы ең ауыр салалардың бірі.

Әңгімелескен Айжан Кәрібаева

_________________________________________________________________________

 

* Қасиетті Мартин атындағы Орталық өнер және дизайн колледжі (Central Saint Martins College of Art and Design/CSM) — 1854 жылы Лондонда құрылған. 2004 жылы «университет» статусына ие болған. Централ Сент Мартинс 5 мектептен тұрады: өнер мектебі, сән және текстиль мектебі, графикалық және өндірістік дизайн мектебі, Лондонның Драма Орталығы, Шоу Бйама өнер мектебі.

Маликаның блогы

Маликаның Look at me сайтына арнап жазған жазбасы.

Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Алия Arsik
6 қараша 2012, 17:12
4931

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

жылына қанша ақша кетеді? грант дегендер бар ма? :)
Arsik
0
0
www.csm.arts.ac.uk Tuition fees for international students (non EU) дегенді қара)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38228
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
сегодня / 14:43
  • 2733
  • 10
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2306
  • 5
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
вчера / 15:05
  • 1260
  • 2
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1295
  • 0
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
вчера / 16:52
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1264
  • 6