Тікелей эфир

Шетелде ғылыми тәжірибеден өту: University of L'Aquila


Ақбота Жеңісқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі химия факультетінің бакалавр және магистр дәрежесін меңгерген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің химия кафедрасы доценті, химия ғылымдарының кандидаты. ЮНЕСКО грантымен 2011 жылдың қазан айынан 2012 жылдың қазан айы аралығында Италияның Л’Акуила қаласындағы Л’Акуила университетінің химиялық инженерия факультетінде ғылыми тәжірибеден өтіп келген.

— Сәламатсыз ба, Ақбота. Алдымен өзіңіздің мамандығыңыз жайында біраз айтып берсеңіз...

— Мен оқушылардың көпшілігі ұната бермейтін химия саласының маманымын. Менің химик болуыма сонау шалғайдағы Семей өңіріндегі бұрынғы Ақсуат ауданына қарасты Кіндікті ауылындағы Ғ.Мұратбаев мектебіндегі химия пәнінен сабақ берген сүйікті ұстазым Мырзаханова Тыныштық Мырзаханқызының тікелей ықпалы болды десе де болады. Ол кісіге алғысым шексіз. Киелі қара шаңырақ ҚазҰУ-дің химия факультетінде 1996-2000 жылдар аралығында бакалавр, 2000-2002 жылдар аралығында магистр дәрежесін меңгердім. Өз мамандығымды сүйіп барған адаммын. Атақты ғалым Қ.Сәтбаев айтқандай «қайда қарасақ та, көз тіксек те көретініміз — химияның ғажайыптары, химия адамзат ісіне құлашын кең жаяды» дегеніндей, әлі де химияның сан-қырлы қызықтарына зерттеу жүргізе беремін деп ойлаймын.

— Оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу қиын болмады ма?

— 2002 жылы ҚазҰУ-дың магистратурасын бітірген соң, сол жылдың күзінде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің аспирантурасына құжаттарымды тапсырып көріп едім, бағым жанып күндізгі бөлімнің аспиранты болып шыға келдім. Аспирантураға қабылданған сәттен бастап, ғылыми жетекшім сенім артып, оқытушылық қызметті де қатар ұсынды, ең алғаш еңбек жолымды сол сәттен бастадым. Жұмысты бірден ұсынғандықтан резюме жазып, жұмыс іздеу қиыншылығы туындамады.

— Шетелге стажировкаға қалай жіберілдіңіз?

— Шетелдік стажировкаға ғаламторда ғылым кандидаттарына арналған бағдарламаға құжаттарымды тапсырдым. Сол бағдарлама құжаттарымнан менің кандидатурамды лайық деп тауып, сол арқылы шетелге стажировкаға жіберілдім. ЮНЕСКО қолдау көрсететін Италияның Триесте қаласында орналасқан ICTP (International Centre for Theoretical Physics) орталығының ғылым кандидаттарына арналған бір жылдық грантын жеңіп алдым. Италияның Абруццо аймағының орталығы Л’Акуила қаласында Л’Акуила университетінің химиялық инженерия факультетінде 2011 жылдың қазан айынан 2012 жылдың қазан айына дейін стажировкадан өтіп келдім.


— Стажировкаға қабылдану үшін қандай талаптар қойылды?

— Стажировкаға қойылатын талаптарға келсек, ағылшын тілін меңгеру керек, ғылым кандидаты болу керек және жұмыс істеп жүрген мекемеден грантты ұтып алған жағдайда жұмыстан жіберілетінін растайтын құжат сұрады. Сонымен қатар, ғылыми мақалалардың болуы міндеттелді.

— Есіңізде болса, қандай құжаттар жинағаныңызды айтып өтсеңіз.

— Барлық бағдарламалардағыдай ең маңызды құжат — анкета болып саналады. Анкетада бұл бағдарлама аясында қандай жоспарларыңыз бар, ғылыми бағыттағы жоспарларыңыз, айналыспақшы болып отырған ғылым саласын жетік меңгергеніңізді айқындап беретін сауалдарға толығырақ жауап беру сұралады. Анкетада ең бастысы, бұл бағдарламаның сізге нендей пайда беретінін дәлелдей көрсеткеніңіз қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар, тiлдi жетiк меңгергенiңiздi дәлелдейтiн сертификат және ғылыми журналда жарияланған ғылыми мақалаңыздың біреуін бар болса, ағылшын тілінде, болмаса ағылшын тіліне аударылған көшірмесін қоса жіберуімді талап етті.

— Барған елдің халқы мен жұмыс орныңыздың қызметкерлері сізді қалай қарсы алды?

— Мен барған ел Италияндықтардың қазақтарға ұқсайтын қонақжайлылықтарына, қонаққа деген ілтипаттарына риза болып қайттым. Жұмыс істеген ғылыми топ қызметкерлерінің, ғылыми жетекшім болған, факультет деканынан бастап, барлығының үйлерінен дәм татқанымның өзі ол халықтың қонағына деген құрметін көрсетеді ғой. Ағылшын тілін көп сөйлей бермесе де, көшеде, қоғамдық көліктерде мүмкіндігінше көмегін ұсынған адамдар болды. Алғашқы барған кезде басқа автобусқа мініп кетіп, баратын жерімді таппай тұрғанда көлігімен үйге дейін жеткізіп тастаған адамдар да болды.

— Италияда стажировка өту барысында қандай қиындықтар болды?

— Алғашында тілден сәл жүрексінгеніммен, италияндықтардың ағылшыны да біздің ағылшынымыздай екенін көрген соң, тіл аса қиындық туындатпады. Канаданың Торонто қаласында болған WHEC-2012 халықаралық деңгейдегі маңызы зор конференцияға ғылыми жұмысымның өткеніне қарамастан, Римдегі Канада елшілігінен, сұраған барлық құжаттарын апарсам да, Канадаға бар-жоғы 5 күнге виза ала алмай, елшілік табалдырығын тоздырғанда қиналғаным болмаса (бұл жайында толығырақ мына мақаладан оқуларыңызға болады: Канада: Қазақстан неге қара тізімде тұр?), стажировка барысында олардың тарапынан ешқандай қиындық тудыратындай сәттер болмады.

— Шетелде старижовка өтудің кемшіліктері мен артықшылықтары жайында айтып берсеңіз.

— Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші — білім деңгейімен өлшенеді ғой. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе екенін мойындамайтын адам жоқ шығар. Шетелде стажировка өтудің артықшылығы осында деп ойлаймын.

— Осы стажировка сізге не берді?

— Бұл стажировка өзіме берілген үлкен бір мүмкіндік деп қабылдаймын. Стажировка барысында Италияның Флоренция және Монтесильвано қалаларында болған екі бірдей ғылыми конференцияға қатысып, жасаған ғылыми эксперименттер нәтижесінен баяндама жасау мүмкіндігіне ие болдым. Монтесильванода болған халықаралық конференцияда 200 баяндаманың ішінен 6 баяндаманы негізгі баяндама (keynote lecturer) ретінде таңдау жасағанда, сол негізгі баяндамашының (keynote speaker) біреуі болып, жұмысымның таңдалғаны өзімді де қуантты.

Алғашында Еуропа ғалымдарының арасында 40 минут ағылшын тілінде баяндама жасауға жүрексінгенім рас. Негізгі баяндамашыларға берілетін 40 минут уақытты тиімді пайдаланып, ғылыми жұмыспен қатар, Қазақстан туралы және өзім қызмет ететін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жайында конференцияға қатысушыларды қысқаша болса да таныстырып өттім. Бұл Қазақстанды сол аудитория адамдарына таныстырып кетсем деген мақсатымның орындалған сәті деп ойлаймын. Бір жыл ішінде жасалған жұмыстың нәтжесі бойынша, 4 халықаралық конференция материалдары мен импакт факторы жоғары ғылыми журналда мақала жариялап келуіме жақсы мүмкіндік болды. Сонымен қатар, ғылымы әлдеқайда озып кеткен елдің ғалымдарымен иық тіресе бірге қызмет етіп, жаңа заманғы химиялық құрылғыларда жұмыс істеуді меңгергенім де өзім үшін үлкен жетістік дер едім.


— Химия мектеп уақытында қаншалықты сүйікті пәніңіз болғанымен, оңай мамандық емес екендігі айқын. Осы мамандықты не үшін таңдадым екен дейтін кездеріңіз болады ма?

— Химик болуды бала кезімнен армандап түскендіктен ба, ғылыммен айналысып, қызығын көріп жүргендіктен болар, не үшін таңдадым деген кездерім болмаған сияқты. Ал, оқытушылық жағынан қағазбастылықтан шаршағанда, не үшін таңдадым деген ойлар да келеді, бірақ шәкірттеріңнен нәтиже көргенде ол ойымнан бірден қайтамын.

— Осы мамандықты таңдағысы келетін жас мамандарға қандай кеңес бересіз?

— Қытай философының «Маған жай айтсаң — ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң, үйренемін» деген даналығы бар. Жастардың білімге ықыласын арттыруда қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, ізденіс жүргізуді, оны тәжірбиеде жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Химия ғылымының сан қырлы қызығы, зерттелетін саласы әлі де алда, сонысымен де қызық. Сондықтан да химияны ұнатып, қызығып, күнделікті жаңалығына еріп отыруды өзімнен де үнемі талап етемін.

Сонымен қатар, кез келген мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы — білім. Сол үшін дамудың ең жоғарғысынан көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат ету керек. Нанотехнология, биотехнология, ғарыштық технология, көмірсутек және кен металлургиясы өнеркәсіптеріне арналған технология салаларында болашақта елдің жастары да мұнай-газ, электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіру жағынан өзгелермен иық тірестіріп тұруы керек. Ал, бұл жұмыстың атқарылуында химия пәні мен химия ғылымының алар орны ерекше болғандықтан, химия мамандығын таңдауда еш өкінбейсіздер дегім келеді. Шынына келсек, химия ғылымының өміршеңдігін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Отанымыздың төрт құбыласы түгел шикізатқа бай. Ал оны сұранысқа сай игеру, халықтың игілігіне жаратып, әл-ауқатын арттыруға жұмсау химия ғылымынсыз жүзеге асуы неғайбыл.

Сұхбаттасқан: Айнұр Ракишева

Алия Arsik
29 наурыз 2013, 14:03
5228

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

О, Ақбота апай! Шынымен, өте білімді маман! Апай еңбегіңіздің жемісін жей беріңіз. Біз (смсб-07) сізді ұмытпаймыз.
Сәния сізгеде рахмет. Өздеріңіздей студентті менде ұмытпаймын.
Ақбота таңдаған мамандығындағы барлық жетістіктерге өзінің табан ақы, маңдай терімен жеткен жақсы шәкірт, үлгілі ұстаз. Нақты ғылымды таңдауға жүрексінетін жас ұрпаққа нағыз үлгі боларлық тұлға.Тек химик қана емес ұлттық рухты, қазақы болмысты, патриотизмді қоса дәріптеп жүретін Ақбота әрі әдебиетші, әрі тарихшы да. Ұстаздықтын сан қырлылығын қатар алып жүрген Ақбота Жеңіс қызына ойы ұшқыр шәкірттер мен талапты ізбасарлар тілейік!
Динара, тілеуіңе, ниетіңе рахмет. Өзің айтып өткендей, артымыздан ерген жастарға стимул болса деген тілеуіміз бір ғой.
Ақбота Италияда жүрген уақытта көрген-білгенін интеренетке жазып отырды. Соның арқасында өзіміз де Италияға барғандай болдық. Әсіресе, өзі жүрген жерлерде үйренуге тұрарлық жақсы қасиеттер туралы айтқаны ұнады. Мына сұхбаты да мазмұнды екен. Шетелдік машықтанудан өткісі келетіндерге жолын көрсетіп берген. Әншейін ел көріп барып қайтқан емес, қол жеткізген нәтижесі де көңіл қуантады. Басқалар да осылай жазса жақсы болар еді. Жарайсың, Ақбота!
Рахмет, Қаныш аға. Болашақта химик болғысы келетін ұрпаққа осы түйгендерімнен азда болса септігі тиіп жатса менде қуаныштымын.
Жарайсын,Акбота!Алдын дангыл кен жол болсын!Ризамын,бииктерден корине беруине тилектеспин.
Акбота,сен менiн мактанышым!!! Барлык Казак елiнiн мактанышысын!!! Аркашанда ой-арманнын толгай берсiн!!!
Акбота,сен менiн мактанышым!!! Барлык Казак елiнiн мактанышысын!!! Аркашанда ой-арманнын толгай берсiн!!!
ЖАРАЙСЫН, БОТА!!! ПРОФЕССОР АКБОТА БОЛУЫНА ТИЛЕКТЕСПИН!!!
народ вы не слышали что всю базу пользователей интернета слили в сеть с открытым доступом!Там есть вся информация от личных фото и видео до личной переписки и копии документов.Там конечно можно удалить свои данные если вы не хотите что бы их видели все. Вот та ссылка- vk.cc
Мың баламыз әнші, актер болғанша бір Ақботамыздай ғалым болса деймін!!! Расында Ақбота Италияға барғанда тек ғылыммен ғана көрінбей өзін тіл маманы, журналист ретінде де уақыт тауып италияндықтар туралы жазғандары бізге өте көп ақпарат берді. Нобель сыйлығын алып жатсаң мен таң қалмас едім, қазақтың қайсар қызы Боташым! Алла тағала сені тіл-көзден, жамандықтан сақтасын!!!!!
Еліміздің дамып, әлемге танылуына шамасы келгенше өз үлесін қосып, аянбай еңбек етіп жүрген қазақ қызы, алдыңнан тек жақсы адамдар кездессін.Әрқашан биіктерді бағындырып, еңбегіңнің жемісін көре бер! Ақбота, бірге оқыған курстастарың сені мақтан етеді.
Акботамен дос болганнан бери, онын орныкты, ойлаган арманынын шынына жететиндигин байкадым, озинин адилдигимен, енбегинин кушимен шет елге Италияга жане баска жерлерге барып казак деген кен байтак елдин дамуына жане болашак урпактын калай тарбиелеуге улес косып журген азаматшанын бири деп есептеймин . Шет елде жургендеги болган жерлерин корсетип,баяндап отыратын, Акботамен бирге журип шет елдин кормеген жерлерин коргендей асер алдым. Казактын улдарымен кыздары осындай билимди болып елимиздин оркендеуине улетерин коса берсе деп тилеймин жане Акботага бииктин шынына шыга беруине шын журектен тилектеспин!!!
Акботамен дос болганнан бери, онын орныкты, ойлаган арманынын шынына жететиндигин байкадым, озинин адилдигимен, енбегинин кушимен шет елге Италияга жане баска жерлерге барып казак деген кен байтак елдин дамуына жане болашак урпактын калай тарбиелеуге улес косып журген азаматшанын бири деп есептеймин . Шет елде жургендеги болган жерлерин корсетип,баяндап отыратын, Акботамен бирге журип шет елдин кормеген жерлерин коргендей асер алдым. Казактын улдарымен кыздары осындай билимди болып елимиздин оркендеуине улетерин коса берсе деп тилеймин жане Акботага бииктин шынына шыга беруине шын журектен тилектеспин!!!
Бота алтыным, сен сиякты казагымыздын билимди де ожет кыздары кобейе берсин АК ЖОЛ тилеймин.
Бота калкам!Жазгандарынды менде карап окып куанып журмин.Химянын киын мамандык екенин бари биледи.Сол киында кызыкты мамандыктын кыр-сырын казактай кадирли елине угындырып таныстыра беруине тилектеспин!Жогарыдагы пикирлердегйдей сенин ар нарседен хабарын бары куантады.Кадамына кут битип карыштай бер! Ит аркасы кияндагы Италиядан били жиып,каршадай казактын кызы Батысты мойындаттын.
Yersin
0
0
Егеменді еліміздің өркендеуіне үлес қосып жатқан ғалым жерлестеріміздің жетістіктерін естігенде кеудемізді қуаныш кернейді, Ақботаның жеткен жетістіктері Ақсуаттын және жалпы Қазақстаннын жастарына үлгі деп білемін. Ізгі ниетпен медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерсін Жүнісов жерлесің.
Акбота апай, сізге тек қана биіктерден көрінуіңізді тілеймін!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 10428
  • 33
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4468
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 3000
  • 72
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2096
  • 73
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1687
  • 53
Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Если честно, для нас формат заведения был в диковинку - раньше нам доводилось есть бургеры в сетевых ресторанах фаст-фуда или же в заведениях, где кроме бургеров подают еще много разных блюд.
zhanuska_checkedboe
19 сент. 2017 / 15:12
  • 1443
  • 16
Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Смысл бюджета в том, чтобы знать, куда ты, блин, потратил бабки. В том, чтобы в конце месяца, ты сел, почитал свои записи и понял, какой ты придурок. И принял уже наконец здравое решение, что куда идет.
Lesch
24 сент. 2017 / 21:03
  • 1338
  • 45
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
24 сент. 2017 / 17:58
  • 1364
  • 10