«Сенің даусың – сенің болашағың» атты постерлер байқауы басталды
Қазақстанда Мәжіліс және маслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды. Әр қалаған қатысушы байқауға өтінішін беріп, өз материалдарын жүктеуге мүмкіндігі бар. Желі қолданушылары ұнатқан жұмысқа дауыстарын бере алады. Ең көп дауыс жинаған постерлер, білікті және құзыретті қазылар алқасының төрелігіне тапсырылады. Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына үміткерлерді үгіттеуге бағытталған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Іс-шара 12 ақпан мен 18 наурыз аралығында үш кезеңде өтетін болады: 2016 жылғы 12 ақпан мен 14 наурыз аралығы байқау жұмыстарын қабылдау кезеңі; 2016 жылғы 14-17 наурыз аралығы – қазылар алқасының байқау жұмыстарын қарастыру кезеңі; 18 наурыз – үміткерлер жұмыстарын…








