26 мамырда ҚР Қарулы Күштерінде әскери ант қабылдау рәсімі болады

Осы жылдың көктемінде Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған үш мыңнан астам жас сарбаздар 2013 жылғы 26 мамырда, алдағы жексенбі күні Отанға адалдық антын қабылдамақ. Ант қабылдау құрметіне арналған салтанатты рәсімдер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көптеген әскери бөлімдерінде болады. Оларға әскер түрлері мен тектерінің қолбасшылары, құрамалар мен бөлімдердің командирлеріқатысады. Қарулы Күштердің ардагерлері, әскер қатарына жаңа келген жас буынның ата-аналары шақырылған.
Құрметті журналистер!
Сіздерді мерзімді қызметтің жас сарбаздарының ант қабылдауын бұқаралық ақпарат құралдарын жариялауға шақырамыз.
Ант қабылдау жүргізілетін әскери бөлімдер:
2013 жылғы 25 мамырда:
Ақтау қ., Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімі
2013 жылғы 26 мамырда:
Астана қ.
Аэроұтқыр әскерлерінің десанттық-шабуыл бригадасы (Қырықыншы стансасы), 140 адам ант қабылдайды;
Алматы қ.
Әскери бөлім (Первомайские пруды), 120 адам ант қабылдайды;
Десантно-штурмовая бригада Аэромобильных войск (70-й разъезд) присягу принимают 140 чел;
Қапшағай қ.
Аэроұтқыр әскерлерінің десанттық-шабуыл бригадасы, 500 адам ант қабылдайды;
Тараз қ.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімі, 70 адам ант қабылдайды;
Семей қ.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының және Ракета әскерлері мен артиллерияның әскери бөлімдері (1-әскери қалашық)
Талдықорған қ.
Аэроұтқыр әскерлерінің десанттық-шабуыл бригадасы, 200 адам ант қабылдайды;
Үшарал қ.
Құрлық әскерлерінің әскери бөлімі, 100 адам ант қабылдайды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
