Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Ақтөбеде өткен «Көшпелілер шайқасы-6» турнирінде қос батысқазақстандық топ жарды

Ақтөбе қаласында аралас жекпе-жектен ҚР кубогы үшін «Көшпелілер шайқасы-6» турнирінде қос батысқазақстандық спортшы чемпион атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Асыланбек Тәженов 66 келіде, Темірлан Ихсанғалиев 77 келі салмақта үздік шықты.

Жалпыкомандалық есепте БҚО құрамасы үшінші орыннан көрінді.

0
0
520

Головкин: Мен үшін PPV платформасы — спорттағы ең биік нәтиже

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің PPV-дегі алғашқы жекпе-жегін күтуде, деп хабарланды GGG в ВКонтакте ресми сайтында.

«Мен үшін PPV платформасы — бұл спорттағы ең биік нәтиже. Ол маған осында алғашқы айқасымды өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

Бокстағы барлық  атақтылар PPV-де төбелесті, мен де PPV -де 17 қазанда чемпион Давид Лемьемен болатын алғашқы жекпе-жегімді күтудемін. Мен өзімнің жанкүйерлерімнің қолдауын бағалаймын және тағі бір есте қаларлық шоу көрсеткім келеді.

АҚШ-та осыдан үш жыл бұрын болған алғашқы кездесуіме қарағанда менің танымалдылығым едеуір өсті, яғни мен спорттық мансабымның осылай жалғасқанына бақыттымын», деген Головкиннің сөзін келтіреді sports.kz.

0
0
506

З.Дияс Токиода, М.Кукушкин мен А.Голубев Санкт-Петерборда өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисшілер бірнеше ірі жарысқа қатысуда. Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Жапония астанасы Токиода басталған әйелдер арасындағы турнирдің алғашқы айналымында Қазақстанның әрі Азияның бірінші ракеткасы Зарина Дияс америкалық Мэдисон Бренглмен кездеседі. Бұл жарыстың бірінші ракеткасы даниялық Каролина Возняцки болса, турнирдің өткен жылғы жеңімпазы, сербиялық Ана Иванович, сондай-ақ испаниялық Гарбин Мугуруса, поляк қызы Агнешка Радваньска, неміс Анжелика Кербер сияқты мықтылар бар. 27 қыркүйекте мәреге жететін бұл турнирдің жүлде қоры — 881,1 мың АҚШ доллары. Өткен аптада осы қаладағы жарыстың екінші айналымына дейін жеткен З.Дияс дүйсенбі күні жаңартылған рейтингте екі сатыға жоғарылап, 41-інші орынға көтерілген болатын. Қытайдың Гуанжчоу қаласында өтіп ж…

0
0
424

Футзалдан Қазақстан-Босния және Герцеговина құрамасы арасындағы матчты жанкүйер тікелей эфирден көре алады

Еуро-2016 іріктеу кезеңіндегі соңғы ойын 22 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді, деп хабарлады «KAZsport» телеарнасы. Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 турнирінің финалдық кезеңінде ойнау үшін ертең Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін Босния және Герцеговина құрамасын қарсы ойында жеңуі керек. Жеңіске жетпеген күннің өзінде де қарсылас құрамадан 5 доп айырмашылығымен жеңілмеу керек. Сонда ғана, футзалдан Ұлттық құрама тұңғыш рет Еуро турнирде ойнайды. Босния және Герцеговинада өткен алғашқы ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы 0:5 есебімен жеңіске жеткен. Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов және Лео бір голдан салса, Дуглас дубль авторы атанған. Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Босния және Герцеговина арасындағы матч 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы…

0
0
417

УЕФА Чемпиондар Лигасы: «Астана» «Бенфикадан» 0:2 есебімен ұтылды

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында өз алаңында «Астананы» қабылдаған Португалияның  «Бенфика»  командасы 2:0 есебімен басым түсті.

Бірінші голдың авторы Гайтан болса, екінші допты Митроглу дəлдеді. «Астана» топтық кезеңде енді «Астана-Арена» стадионында түркиялық «Галатасарай» командасына қарсы  ойнайды. Ал «Астананың» «Бенфикаға» қарсы қарымта матчы  қашан өтетін əлі  белгісіз.

Айта кетейік, «Астана» командасы бүгін мына негізгі құрамда ойын көрсетті: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Жуков, Кетевоама, Каньяс, Джолчиев, Кабананга.

«Бенфика» командасында Жулио Сезар, Луизао, Элизеу, Жардел, Семеду, Самарис, Гайтан, Митроглу, Жонас, Гонсалу Гедеш, Талиска ойнайды.

0
0
404

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ханты-Мансийск қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қыздар арасында Жансая Әбдімәлік үшінші орын иеленді.

Бұл жарыста 10 ұпай жинаған Украина шахматшысы Наталья Букса жеңімпаз атанды. Екінші орында — 13 ұпайдың 9,5 ұпайын жинаған ресейлік Алина Бивол. Үшінші орынды 9,5 ұпаймен Жансая Әбдімәлік жеңіп алды, деп жазады Sports.kz.

Чемпион атағынан басқа, шахматшылар сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің жүлде қорын таласқа салды. Оны алған орындарына байланысты әлем чемпионатының ер адамдар мен әйелдер арасындағы жарыстардың жүлдегерлері бөліп алады.

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
1369

«Астана»-«Бенфика»: 1-таймда есеп ашылған жоқ

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында кездескен «Астана»-«Бенфика» матчының 1-таймында есеп ашылған жоқ. Португалияда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізіп жатқан «Астана» командасы матчтің 1-таймында қарсыласының қақпасына қарай бірнеше мәрте шабуыл жасады. Атап айтсақ, «Бенфика» қақпасына қарай Жолшиев пен Кабананга бір-бір реттен қауіпті доп тепті. Қазақстаннан барған командаға қарсы өз алаңында Португалияның «Бенфикасы» да бірнеше мəрте шабуыл жасаса да, есепті аша алмады. Матчтың 1-таймында екі команданың да екі жасыл карточкасы бар. Айта кетейік, «Астана» командасы бүгін мына негізгі құрамда ойын көрсетуде: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Жуков, Кетевоама, Каньяс, Джолчиев, Кабананга. «Бенфика» командасында Жулио Сезар, Лу…

0
0
434

Қытайдағы Гран-приге Қазақстаннан тоғыз зілтемірші қатысады

21-23 қыркүйекте өтетін Қытай Гран-приіне елден 9 зілтемірші қатысады. Қытайда ауыр атлетика бойынша Гран-при Риодағы Олимпиада ойындарының алдындағы лицензиялық бәсеке мәртебесіне ие. Қазақстаннан бұл турнирге тоғыз спортшы қатысады: Фархад Харки (69 келі), Ким Александр (69 кг), Павлов Кирилл (77 кг), Казов Айдар (77 кг), Линдер Семен (85 келі), Ниджат Рагимов (85 келі), Сәдуақасова Сәуле (63 келі), Сиванбаева Фаина (69 келі), Садықова Әсем (69 келі). «Бұл турнир лицензиялық болып табылады. Сондықтан негізгі міндетіміз алда өтетін Риодағы Олимпиада ойындарына жолдама алу. Жүйе былай: Олимпиадаға қатысу үшін кем дегенде екі лицензиялық ойынға қатысу қажет. Өткен жылы біздің жігіттер Азия ойындарына, Әлем чемпионатына қатысты, биыл Перудегі жастарға арналған Әлем чемпионаты өтті, алда Қыт…

0
0
1011

«Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі 9 қазанда өтеді

Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге арналған «Еуразия Барысы»  үшінші халықаралық турнирі Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 9 қазанда сағат 11:00-де басталады.

Боз кілемге Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан палуандары шығады. Әр команда бапкер, жеті палуаннан тұрады. Салмақ санаттары 55 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін, 100 келіге дейін, +100 келі.

«Еуразия Барысы» турнирінің телевизиялық көрсетілімі әлемнің 126 елінде миллондаған көрермендер алдында 7 сағат көрсетіледі.  Турнирді халықаралық «ТРТ Аваз» (Түркия) және «Боец» (Ресей) арналары трансляциялайды. Қазақстандық жанкүйерлер «Қазақстан» және «Қазспорт» арналарынан тамашалай алады, деп хабарлайды sports.kz.

0
0
630

Талғарда 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы іріктеу матчтарына дайындықтан өтіп жатыр

9 қыркүйек күні 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлады «Қазспорт» агенттігі. Ұлттық құраманың базасында аға жаттықтырушы Ойрат Сәдуовтің шәкірттері 9-15 қыркүйек аралығында жаттығу жүргізеді. 12 қыркүйек күні Қырғызстан жасөспірімдер құрамасымен жолдастық матч өткізеді. 16 қыркүйек күні футболшылар Хорватияға жол тартады. Ол жақта Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтары өтеді. Қазақстандық футболшылардың қарсыластары — Венгрия, Хорватия және Черногория құрамалары. Жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды: Қақпашылар: Олег Грубов («Қайрат»), Егор Цуприков («Болат»), Бекжан Тоқтарбай («Ордабасы»); Қорғаушылар: Виктор Зябко («Оқжетпес»), Рүстем Әбдіразақов («Бәйтерек»), Руслан Әлімбаев («Шахт…

0
0
778