Арқадағы, желкедегі тұзды қалай кетіруге болады?
Өзіңізді жайсыз сезініп жүрсіз ба? Арқаңыз құрысып, ауырлықты сезінетін боларсыз. Тұз жиналған сияқты ма? Онда ең алдымен қандай тұздың жиналғанын анықтауымыз керек. Арқаңыз, омыртқаңыз, басыңыздың неліктен ауыратынын білмейтін болсаңыз, сізде ақ тұздың көптігінен остеохондроздың белгісі байқалады. Ғалымдардың айтуынша, тәулігіне 0,5-1 грамм аралығында ғана тұз мөлшерін пайдалануға болады. Американдықтар 15-30 есе артық қолданады. Американың оңтүстік штаттарындағы қара нәсілділер тұздалған шошқаның, сүрленген сиырдың етін көп жегендіктен қан қысымдары өте жоғары болып келеді. Көпшілігі желкелеріне тұз жиналмақ түгілі, инфаркт пен бүйрек ауруларынан көз жұмады. «Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен, май түспес қара суды піскенменен». Тағамды тұзсыз жей алмаймыз, бірақ мөлшерден тыс қолдансақ…