Тікелей эфир

Шетелде ғылыми тәжірибеден өту: Humboldt-Universität zu Berlin

«Екпіннің» Шетелде ғылыми тәжірибеден өту айдарының өткен санында Италияның Л’Акуила қаласындағы Л’Акуила университетінде ғылыми тәжірибеден өтіп келген Ақбота Жеңісқызы туралы жазған едік. Бүгінгі материалдың кейіпкері Германияның астанасы Берлин қаласындағы Гумбольдт университетінде тағылымдамадан өтіп жүрген Нұраддин Садықов.


— Сәламатсыз ба, Нұраддин! Алдымен өзіңіз жайында айтып өтсеңіз...

— Мен Қызылорда облысының тумасымын. Жасым жиырма жетіде. 2003 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы №123 Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебін бітірген соң еліміздегі іргелі оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде білім алдым. Бұл мамандықты таңдауыма бала кезден әдеби кітап пен жыр-дастандарға құмартып, жаттап өскендігім ықпал етті.

Кез келген бітіруші талапкер секілді, мектеп бітіргенде менің алдымда бірнеше мамандықты таңдау мүмкіндігі тұрды. Үйдегі үлкендер менің сол уақытта әлдеқайда «престижный» саналатын экономист, не заңгер мамандығын алуымды қалады. Алайда, мен жан қалауыма жүгінуді жөн көрдім. Себебі, мұндай жағдай менің басымда бұған дейін де орын алған болатын. Ұмытпасам, 4 cыныбымда болса керек, әкем мені аудан орталығындағы Әуез мектебіне жетелеп апарды. Жастайымнан ән-жырға, әуезге құмар мен ол кезде домбырамен ән айтып, шағын термелерді орындайтынмын. Сол қабілетімді шыңдамақ ниетімен Әуез мектебіне әкелген әкем маған «Домбырада онсыз да ойнай аласың ғой, баян сыныбына жазылсаң қайтеді?» деді. Ештеңеден хабарсыз мен ойланбастан келісе кеттім. Сөйтіп 10 жасымда белуарымнан келетін баянда ойнап үйрене бастадым. Алайда, Әуез мектебінде оқыған төртінші жылымның соңына таяу мен баян сыныбын тастап кеттім. Себебі, көрші сыныпта домбырада оқитын өзім құралпылас балалар домбыраны күмбірлетіп жатқанда, мен өзім арылдатып отырған баянды жерге бір ұрып кетіп қалғым келетін.

Арада бір жыл өткенде, үйдегілердің үгіттеуімен, әрі өзімнің де бұған дейінгі өткен төрт жылыма «ішім ашып», баян сыныбындағы оқуымды жалғастырып, бес жылын толық бітіріп алуға тура келді. Алайда, сол сәттен кейін баянды қайта қолға алған емеспін... Мұны айтып отырған себебім, бұған дейін мамандық таңдауда осылай бір қателікке ұрынған соң, енді қайта қателеспес үшін, өзім қалаған филфакқа келдім. Үйдегілер де менің соңғы шешіміме қарсы ештеңе айтқан жоқ...


— Оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу қиын болмады ма?

— 2007 жылы аталған оқу орнын тәмамдап жатырмыз. Бітіруші түлектерден емтихан қабылдайтын комиссияның төрағасы сол кездегі ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры ф.ғ.д., академик Сейіт Қасқабасов ағай болатын. Мемлекеттік емтихандарды беске тапсырып болған соң, кезек диплом жұмысын қорғауға келді. «Ойбай, несін айтасың, Қасқабасов қирата құлатып, өкіртіп сұрақ қойып жатыр екен» дегенді естіген соң, барынша дайындалып келдік (оған дейін мемлекеттік емтиханда мүдірмей жауап беріп, «бой үйретіп» алғанымыз тағы бар). Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қобызшы Қорқыттың» ақындық әлемі» болатын. Сартылдатып баяндама жасап болған соң, Сейіт ағайымыз бастаған комиссия мүшелері біршама сұрақ қойды. Сол кездегі және қазіргі жетекшім ф.ғ.д., профессор көрнекті әдебиеттанушы ғалым, қазіргі біздің университеттің журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманұлы шығып сөйледі. Ол кісі сөзге шешен ғой. Біздің «әдріске», зерттеу объектімізге қатысты мақтаудың неше атасы кетті.

Ішімнен мұндай сөздерге лайық емес екендігімді біліп тұрсам да, өзімді «ғалым» сезініп кеткенім бар. Содан, сөз соңындағы Сейіт ағайдың сұрағы «әй, бала, ғылымға келесің бе?» болғаны есімде. Ойланбастан, «иә!» деп жауап берген маған ол, «онда, дипломыңды алып, біздің институтқа кел!» деді. Сөйтіп, «диплом алмай жатып жұмысқа тұру бақытына» ие болдым. «Қатырма қағазым» қолға тиісімен, Сейіт ағайға қарай тарттым. Ол кісі, обалы не керек, сөзге келместен, бірден «Фольклористика» бөліміне «кіші ғылыми қызметкер» қылып жұмысқа алды. Институтта қызмет істей жүріп, сол жылы өзім оқыған филология факультетіне «Филология» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түстім. Алайда, магистратурадағы оқу мен жұмысты қатар алып жүру мүмкін болмады.

Амалсыз, оқуымды аяқтау үшін, жұмысты тастауға тура келді. Оны тәмамдаған соң, журналистика саласында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында сценарлық-редакциялық алқада редактор қызметін атқардым. Арадағы 2 жылдық үзілістен соң, қайтадан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өзім тәлім алған Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің «Филология» мамандығына PhD докторантураға оқуға түстім. Бұл 2011 жыл болатын.


— Шетелге стажировкаға қалай жіберілдіңіз?

— ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен Ережеге сәйкес, еліміздегі жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде оқитын PhD докторанттарға отандық ғылыми жетекшіден өзге, алыс шет елден шетелдік кеңесші бекітіледі.

Сосын, докторанттың оқу процесі барысында (бізде 3 жыл) оны сол шетелдік жетекші қызмет ететін оқу орнына, мекемеге екі рет тағылымдамадан өтуге жіберу қарастырылған. Осы орайда, мен де 2013 жылдың ақпан айынан бастап шетелдік кеңесшім қызмет атқаратын Германияның астанасы Берлин қаласындағы Гумбольдт университетінің Азия мен Африканы зерттеу институтының Орта Азия семинарында (бізше факультет) тағылымдамадан өтіп жатырмын. Ғылыми кеңесшім осы семинардың басшысы, ф.ғ.д., профессор Ингеборг Балдауф ханым.

— Стажировкаға қабылдану үшін қандай талаптар қойылды?

— Әрине, шетелдік кеңесші докторантты өзі қызмет ететін оқу орнына тағылымдамадан өтуге шақырар алдында өзара келісімдер жасалады. Шет тілін игеру деңгейі, диссертация тақырыбымен жұмыс барысында атқарылатын жұмыстар жоспары тексеріледі. Осы секілді шарттардың үдесінен шыққанда барып, ол докторантты өзі қызмет ететін оқу орнына шақырады. Мұндай жағдайда жастық шектеулер болмайды. Ешқандай кепілдеме талап етілмейді.

— Егер есіңізде болса, қандай құжаттар жинағаныңызды айтып өтсеңіз.

— Кез келген қазақстандық жоғары оқу орнына тән PhD докторантты шетелге тағылымдамаға жіберуге қажетті құжаттарды даярладық. Яғни, шетелдік ғылыми кеңесшінің шақыруынан кейін, ҚазҰУ талап еткен ректордың атына өтініш, ғылыми кеңестер хаттамалары, қаржылық шығындар сметасы, жұмыс жоспары секілді құжаттарды әзірледік. Бұлардан өзге виза аштыру үшін Германия елшілігі талап еткен құжаттарды жинадық.

— Барған елдің халқы, жұмыс орныңыздың қызметкерлері сізді қалай қарсы алды?

— Берлинге жетіп, орналасып алған соң, ертеңіне ғылыми кеңесшімнің жұмыс орнына бардық. Межелеген уақыттан сәл ерте барғандықтан, ол кісі әлі келмепті. Біздің сырттан келген екенімізді байқаған сол институттың қызметкерлері өз кабинеттеріне шақырып, әңгімеге тартты. Әңгіме ауанынан бұл кісілердің өзбек, тәжік, түркімен елдерін зерттеуші мамандар екенін аңғардық. Азырақ жөн сұрасып отырған соң, ғылыми кеңесшім Ингеборг Балдауф та келді. Ол кісімен жұмыс жасау жоспарын, тәртібін, күнін белгілеп алған соң, тапсырма алып, іске кірісіп кеттім.

Жалпы еуропалық ғалымдарға тән нәрсе — өз еркіңді өзіңе беріп, өзіңше ізденуге мүмкіндік береді. Бірақ, бұл сізді бос жібереді деген сөз емес. Мысалы, мен аптасына бір рет тапсырылған тапсырма туралы есеп берсем, айына бір рет атқарылған шаруа туралы кешенді есеп беремін. Оның арасында, диссертация тақырыбына қатысты жеке өзіме лекциялар оқып отырады. Қалған уақытта ізденуіңе мүмкіндік мол.

— Стажировка өту барысында қандай қиындықтар болды?

— Тілдік қиындық болғанын жасыра алмаймын. Бізде қалыптасқан стереотипке сәйкес, ағылшын тілін білсең болды, әлемнің кез келген түкпірінде жүре беруге болады деп біз де ойлап келдік. Елде үйренген азын-аулақ немісшеміз болмаса, негізінен ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға психологиялық тұрғыдан дайындалып келгенбіз. Олай болмай шықты. Көптеген еуропалық елдерге тән тәртіп бойынша, сол елдің тілін жетік білмейінше, емін-еркін қарым-қатынас жасай алмайтынымызға апта өткен соң, толық көзіміз жетті.

Мүлдем ағылшынша қолданбайды деп айта алмаймын, бірлі-жарым жерде пайдаға асатын кезі болады. Десе де, емін-еркін жүріп тұруға немісше үйренуге тура келеді. Мені таң қалдырғаны, бұл елде заң, ереже — оны орындау үшін жазылады екен. Белгілі бір ереже, заң бар ма, онда әлеуметтік дәрежеңе қарамастан, оны мүлтіксіз орындауға тиістісің. Мұндай дәлдікке үйренбегендіктен, ыңғайсыз жағдайға қалған кезіміз де болды.

Алғаш келген бойда Берлин мемлекеттік кітапханасына жазылып, негізінен сонда ізденіс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы кітапханаға алғаш келген күндердің бірінде, дірілдек жүйеде тұрған ұялы телефоныма елден бір үлкен кісі хабарласты. Өшіріп тастауға ыңғайсызданып, сөйлесуге рұқсат етілетін жерге ұмтылдым. Безілдеп бара жатқан қалтафон мен оның ар жағында қоңырау шалып отырған кісінің төзімін сарқымайын деп, сол жерге жете бере, тұтқаны көтеріп, «Иә?» деп сыбырлаған күйімде оқырман залынан шықтым. Сол-ақ екен, бақылаушы күзетшілердің бірі жетіп келіп, «мұнда сөйлесуге болмайды, ал сіз сөйлестіңіз» деп жата-жабысты. Мен оған, сөйлеспегенімді, тек тұтқаны көтеріп, «Иә?» деп сыбырлағанымды түсіндіріп әлекпін. Ақыры, болмаған соң, тәртіп бойынша сол күні кітапхананы тастап кетуге тура келді. Тек ертеңіне ғана келіп, жұмысыңызды әрі қарай жалғастыруыңызға болады деп рұқсат етті. Алғашында, осы секілді «темірдей тәртіптеріне» көндіге алмай жүргенмен, келе-келе үйренісіп кеттік.



— Шетелде старижовка өтудің кемшіліктері мен артықшылықтары жайында айтып берсеңіз.

— Шетелде тағылымдамадан өтудің артықшылығы болмаса, кемшілігін көре қойғаным жоқ. Менің жағдайымда солай енді. Себебі, мен бұлардан ақы дәмететіндей, жұмыс жасауға келгенім жоқ. Бұларда бар мүмкіндіктерді пайдаланып үйренуге, ақпараттар мен материалдарға, дерек көздеріне қол жеткізуге келдім. Берілетін тапсырма да — тек өзімнің диссертациямның тақырыбының аясында. Одан өзге тапсырма беріле бермейді. Немістер, тіпті еуропалықтардың көпшілігі дерлік (академиялық ортада) кісі еңбегін қанау, ақысыз оған қатыссыз жұмыс істетіп қою деген — абсурд. Сондықтан, өзің үшін жасалып жатқан жұмысқа ақы талап ету — ақымақтың ісі болар еді.

Артықшылығы, жоғарыда айтып өткенімдей диссертация тақырыбына пайдалы нәрселер алғаннан өзге, шынайы академиялық орта дегеннің қалай болатынына көз жеткізесің. Көңіл көкжиегің кеңейіп, өз еліңдегі жағдайлармен, мүмкіндіктермен салыстырасың. Және бір артықшылығы, көбіне мұндай тағылымдамаларға албырт шақта емес, жиырма бестен асып, ақыл тоқтатқан шақта жіберілетіндіктен, ненің пайдалы, ненің зиян екенін екшеп қарауға мол мүмкіндік туады.


— Шетелде стажировка өту сізге не берді?

— Германияда тағылымдамадан өтіп, сол уақыт ішінде Еуропаның өзге де елдерінде өткен конференциялар, симпозиумдарға қатысу, тағы бір елдерінің архивтері мен кітапханаларында ізденіс жұмыстарын жүргізіп, көпшілік орындарда жергілікті халықпен қоян-қолтық араласу —маған ең бірінші, Батыстың «зұлымдық ордасы» емес екендігін ұғындырды. Бұған дейінгі бізге жеткен әдебиеттер мен мақалаларда батыс қоғамы — «азғындық атаулының бастауы», «іріп-шіріген капиталистік қоғам» деп түсіндіріліп келді. Көптеген моральдық құндылықтарды аяққа таптау арқылы, «жанұя институтына» зақым келтіріп, батыс қоғамы тығырыққа тіреліп отырғаны рас. Алайда, бәрі бірдей солай екен, азғындаудың жолына алаңсыз түсіп кетіпті деген біржақты пікірден аулақ болу керек.

Мұнда көптеген елдерде сақтала бермейтін, «адам құқығы», «негізгі капитал — адам» деген принциптер басшылыққа алынады екен. Яғни, енді бізге батыстан қорқудың қажеті жоқ. «Вестофобиядан» арылып, қажетсіз мәдениетін өзіне қалдырып, батыл түрде ғылымын, құқықтық институттарының тәжірибелерін игеріп алуымыз керек. Бұл тағылымдама менің көзімді соған жеткізді. Екіншіден, «адам — «ғылым» үшін» емес, «ғылым — адам үшін» керек деген қағиданы ұқтырды. Яғни, батыста ғылым мен оның жетістіктері оны жасаушылар мен тұтынушыларға қызмет етеді. Көптеген дамушы елдердегі жағдай керісінше ғой.

Осы орайда бір мысал ойға оралып отыр. Баяғыда бір кісі тышқан келмесін деп үйіне мысық асырапты. Ол мысығына сүт беру үшін, сиыр асырапты. Сөйтіп, ол сиырға жем-шөп керек деп, есек пен жылқы ұстапты. Ақырында, оларға қора-қопсы салып, қорек табу мәселесімен бас қатырып кетіп, мысығы әдірем қалыпты. Дамушы елдердің көпшілігіндегі ғылымның жағдайы қазір осыған шамалас болып тұр. Ғылыми саланың адамдары өздері «ғылым» деп атап алған саланың соңында, соны дамыту үшін емес, соған жетудің жолын қиындататын түрлі бюрократиялық амалдарды, рейтингтерді, қағазбастылықты көбейтуге жұмыс жасап, әу баста қойылған мақсат ұмыт қалып отыратыны жасырын емес. Тағылымдамадан өту барысында осындай жайттарға салыстыра отырып, көз жеткіздік. Үшіншіден, әрине, диссертация тақырыбыма керекті деректер, ақпараттардың біразына қанықтым. Оған қажетті негізгі теориялық мәселелерге көз жеткіздім. Бұл негізгі олжам деп білемін.


— Филолог мамандығын таңдағысы келетін жастарға қандай кеңес бересіз?

— Тіл мен әдебиет маманы болу сіздерге «технократтық қоғамда нан тауып жей алмай қаламын-ау» немесе «әлемдік деңгейде маман болып қалыптаса алмай, тек өзімнің шектеулі ареалымдағы маман болып қаламын-ау» деген «үрейге» жетелеуі мүмкін. Ол — заңды «үрей». Расында, бұл мамандық әлемдік ғылымда жаппай сұранысқа ие еместігіне келісемін. Алайда, шындығында бұл мамандықты көңіліңіз қалап тұрса, бас тартпаңыз. Себебі, мықты маман қай елде болмасын, қандай мамандық болмасын, жерде қалмайтындығын ұмытпаңыздар.

Сұхбаттасқан: Айнұр Ракишева

Алия Arsik
18 сәуір 2013, 12:27
4970

Loading...

Пікірлер

Осындай жігіттер туралы біліп жүргіміз келеді.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 22843
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 11704
  • 342
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 5942
  • 40
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 5833
  • 54
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 3989
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2522
  • 18
«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

Бесцеремонные попытки силовиков помешать работе журналистов демонстрируют, в каком правовом государстве мы живём. Разбить телефон, угрожать, бить – всё это для «сотрудников» в порядке вещей.
openqazaqstan
13 нояб. 2017 / 19:02
  • 2278
  • 33
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2757
  • 46