Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан мен Ресей қорғаныс-өнеркісіптік кәсіпорындары ынтымақтастыққа әзір

Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссиясының 11-отырысы болып өтті. Комиссия жұмысын Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов пен Ресей Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметінің директоры Константин Бирюлин басқарды.

Шағын комиссияның жұмысына Қазақстан және Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіорындарының өкілдері, шағын комиссияның қазақстандық және ресейлік бөліктерінің мүшелері қатысты.
Отырыс барасында тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарттың жобасын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі, сондай-ақ перспективалық жобалар туралы пікір алмасты.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының аясында қазақстандық қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу және жаңғырту, оларға қызмет көрсету, Қазақстан аумағында тиісті орталықтар мен кәсіпорындар ашу мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне авиация және бронетанк техникасын жеткізу, жөндеу және жаңғырту саласындағы ынтамақтастықтың нақты негізі бар.
Көзделген жоспарларды  іс жүзіне асыруды «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Уралвагонзавод» ҰӨК» ашық акционерлік қоғамы құрамдарына кіретін қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар жүргізеді.
Шағын комиссия 11-отырысының қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойғаннан кейін тараптар жемісті ынтымақтастыққа әзірліктерін білдірді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
431

«STOPҚЫЛМЫС»: «Өз өміріңнің қауіпсіздігі өз қолыңда» науқаны

Шет ауданы «Жас Отан» Жастар қанаты мен Ішкі істер бөлімінің жол полициясының бастамасымен «STOPҚЫЛМЫС» республикалық қоғамдық кампаниясының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өз өміріңнің қауіпсіздігі өз қолыңда» деп аталатын науқан жүріп өтті. Науқан барысында Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясының директоры Майгелдинов Шайхислам Шәріпбекұлының атсалысуымен мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде Жол полиция инспекторы Изатов Ерболат Серікбекұлы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, бірқатар жолда жүру белгілермен таныстырып өтті. Түсіндіру жұмыстары аясында ол өз сөзінде аталған мектеп оқушылары жылда облыс көлемінде дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Жас жол инспекторлары» байқауында жүлделі орындарға қол жеткізіп жүретінін баса назар аудартып айтып өтті. Яғни, аталған мектеп оқушыларын жетістікке жеткізу арқасында ұстаздары сапалы білім береді деген пікір қалыптасты тыңдаушыларда. Кездесудің соңында «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы ретінде жасөспірімдердің көбіне көше бойындағы сүрлеумен жүрмей, жол ортасына шығып бір-бірімен алыса ойнап шығып кететіндерін ескерттім. Одан қала берсе роликті конькилер мен дөңгелекті тақтайшаларды киіп алып, қауіпсіздікті естен шығарып, жол ортасында зырылдатып, өздерінің және көлік жүргізушілерінің өміріне қауіп төндіретінін айтып өттім. Бұл ретте ауданымызда балалардың бос уақытында емін-еркін жүріп-тұратын ешқандай арнайы алаңдар жоқ екені білінді.

Кездесуден кейін «Жас Отан» ЖҚ белсенділері Жол полиция қызметкерлерімен бірігіп, көше бойында жүргізушілерге жол қауіпсіздігін сақтанып жүргізуге шақыратын парақшалар таратты. Әрбір жүргізушіге «Балалардың және өзіңіздің өмір қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!» деген ойлы сөздер айтылып жатты.

Шынында да, жол қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан қаншама жандардың шырағы ерте сөніп, қаншама жандар мүгедек болып жатыр. Осындай науқандар мазмұнды өтсе, тыңдаушыларына, қатысушыларына ой салары сөзсіз. Таратылған парақшалар мазмұны оқылар не оқылмас, қоқысқа лақтырылып тасталар. Алайда, сол әрбір парақшаларда жол апатынан оқыста көз жұмған жандардың көз жасы бардай... Жолда жүру ережесін оқи жүріңіз, қаперіңізде сақтай біліңіз.

Шет ауданы «Жас Отан» ЖҚ

Атқарушы хатшысы Нұргүл  Шатекова

 
1
1
1164

Презентация финалистов «Қазақстан Барысы-2013»

Презентация финалистов «Қазақстан Барысы-2013»

 

Место проведения: Ушконыр, Алматинская область

33 палуана, по 2 палуана с каждой области и двух городов республиканского значения и Бейбіт «Тараз Арланы» Ыстыбаев – «Қазақстан Барысы-2012», заявившие свое право на чемпионский пояс, трофей «Тайтұяқ», автомобиль и 150 тысяч долларов, были представлены стране.

Турнир набирает популярность. С каждым годом участников становятся все больше, а стать финалистом все сложнее. Финалисты «Қазақстан Барысы» – элитарные борцы Казахстана. Национальный герой определится 30 июня в г.Астане. Билеты уже в продаже.

 
0
0
601

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Арно Пайперс «Таразға» басшылық етуі мүмкін

Фото дереккөзі: kaz-football.kz.

 

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Арно Пайперс Таразда жүр, деп хабарлайды Sports.kz.

«Голландиялық маман Таразға келіп, облыс және «Тараз» клубының басшылығымен келіссөздер өткізді. Пайперске өткен жылдың күзінде «Қайраттың» техникалық директоры болуға ұсыныс жасалған еді, бірақ тараптар келісімге келе алмады. Енді міне «Тараздың» өкілдері оны командаға бас бапкер ретінде шақыртып отыр», — делінген хабарламада.

Голондиялық Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па дүйсенбі күні белгілі болады.

 
0
0
283

2014 жылы УЕФА конгресі Қазақстанда өтеді

Фото дереккөзі: ru.uefa.com

 

Лондонда жұмысын аяқтаған УЕФА конгресінің баспасөз мәслихатын осы ұйымның президенті Мишель Платини шетелдік баспасөзге үндеу жасаумен аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.

«2014 жылы келесі УЕФА конгресі өтетін Қазақстанда барлықтарыңызды осы құраммен көремін деген сенімдемін», — деді Мишель Платини.

 
0
0
215