Тікелей эфир

Шетелде білім алу: Gazi Üniversitesi

Айнұр Нұрпейісова ҚазҰУ-де журналистика мамандығы бойынша биыл 3-курсқа көшті. Оқу барысында Айнұр Түркия астанасы Анкара қаласындағы Гази Университетінде (Gazi Üniversitesi) білім алып, алған тәжірибесімен бөліспек.


— Өзің жайлы айтып өтсең...

— Мен Алматы қаласында туып-өстім. Нөмірі 81-ші мектептің түлегімін. 2010 жылы оқуымды аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне түстім. Отбасымда анам мен әпкем түрік тілін жетік меңгергендіктен, мен де кішкентайымнан осы тілге қызықтым. 2 курсқа көшкенімде университетте шетелдік университеттермен студенттер алмасу бағдарламасы барын біліп, бұрыннан өзім қызығып жүрген Түркияның Гази Университетіне барып қайтуды жөн көрдім. Сөйтіп университетімнен сол оқу орнына қажетті құжаттарды жинап, өзара келісім шартқа отырып, 1 семестрге сонда оқуға барып қайттым.

— Шетелдік университет біздікінен немен ерекшеленеді?

— Ең бірінші ерекшелік ол жатақхана мен университеттің бір-бірімен өзара байланыссыздығы. Бір жатақханада бакалавр да, магистрант та, докторант та, әр түрлі мамандықта оқитын кез келген университеттің студенті тұра алады, әрі жатақханада студентке барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, студент уақытының тиімді бөлінгендігі. Яғни біздегідей күні бойы университетте жүрмейсің.

— Ал біздің студенттер мен шетелдік студенттерде қандай айырмашылықтар бар?

— Түркия студенттері патриот. Әрі кітап құмар. Бірнеше кітаптарды алып, бітіргенше асық.

— Сондағы ұстаздарың жайында айтап берсең.

— Гази Университеті туралы әдебиеттану ғылымдарының профессоры, Қорқыт ата кітабын зерттеуші, фольклорист Наджие Йылдыз ханымнан білдім. Сол кісі бізді Анкара қаласында жылы ниетпен қарсы алып, құжаттармен жұмыста септігін тигізді. Бұл сапарымда елеулі орын алған ұстазым осы Наджие Йылдыз болды.

— Университеттің тарихы туралы айтып өтсең...

— Университеттің іргетасы 1926 жылы Кемал Ататүріктің бұйрығымен салынған. Гази Мұстафа Кемал Ататүрік атындағы бұл университет Түркияның алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орны, әрі әлемнің ең үлкен 500 университетінің бірі болып табылады.

— Университетінде қандай қызықты шаралар өтіп тұрды?

— Ол жақта болғанда қазақ студенттер болып қана қоймай, ауған және өзбек бауырларымызбен 8-наурыз мейрамын тойладық. Халықаралық мерекелерге де қатысып тұрдық. Ең басты мереке бүкіл түркі әлемі болып Наурыз мейрамын тойладық. Қазақстан Республикасының Түркиядағы ресми елшілігіндегі кездесулерге де қатыстық. Бейресми кездесулер де елімізге деген сағынышымызды біраз сейілтетін.

— Түркияға барғанда ол жақтағылар алғашында қалай қарсы алды? Қандай қиындықтар болды?

— Аса ешқандай қиындықтар бола қойған жоқ. Таныстарым, жолдастарым қандай қиындықтар бар десе — әрине, тіл. Алайда, ол шетелге алғаш шыққан адамдарда кездесетін қалыпты жағдай ғой. Бірақ маған бауырмашыл түрік қыздары көмектесті. Түркияда такси және қоғамдық көлікпен қозғалу қымбат екен. Ал тағамдары өте дәмді. Түрік тағамдары әлем бойынша француз және қытай асханасынан кейінгі 3-ші орында ғой. Ең бастысы, адал (халал).

— Көбіне елімізден барған студенттер қай мамандықта оқиды?

— Гази университетіне Қазақстаннан барған студенттер көбіне техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Сонымен бірге, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерді де кездестірдім.

— Қайда тұрдың?

— Ол жаққа барғанда жатақханада тұрдым. Бөлмелес қыздарым Африка, Кавказ ұлтының және түрік қыздары болды. Мұсылман ел болғандықтан жатақханада қыздар мен жігіттер арақашықтығы сақталған. Жатақханаға студенттің досы (ер адам) келсе, жатақханада ер адам бар екендігі ескерту ретінде айтылады. Қыздарға 24 сағат еркін кіріп шығу деген жоқ. 22.00 есіктер жабылады. Аптаның соңғы күндері 23.00 дейін рұқсат етілген. Алайда мерекелік шаралар болса, электронды рұқсат аласың. Жатақхананы күн сайын тазалап тұрады. Намаз оқитын арнайы бөлме бар. Азан шақыру үнемі естіліп тұрады. Мешіттер жиі орналасқан. Студентке қажетті дүкен, салон, асхана, кафе, бильярд, теннис, шынығу залдары, үлкен екі футбол алаңы, волейбол және жүгіру алаңы бар. Сонымен қатар, жатақхананың да кітапханасы бар.

— Түркияда бос уақытыңды қалай өткіздің?

— Анкара Түркияның астанасы және де географиялық тұрғыдан қолайлы орналасқан қалалардың бірі болғандықтан, қолым босай қалса, өзге қалаларға барып қыдырып қайтатынмын.

— Түркиядағы өмір саған не берді?

— Түркия елі маған мықты білімді, жақсы достарды және өмірлік тәжірибені берді. Меніңше, Түркия еуропалық пен азиялық мәдениеттің тоғысқан жері. Түркияда болған кезімде Македония, Ресей, Парсы, Ауғанстан, Әзірбайжан, Татарстан, Башқұртстан, Хакасия, Ирак сияқты елдердің азаматтарымен жолдас болдым. Бұл ұлтаралық қатынастар маған тек жағымды әсер қалдырып қана қоймай, сонымен де біраз білім берді. Мысалы үшін португал, уганда тілдерін аз-маз үйрендім. Менталитеттерді салыстыра отырып, психолог та болып қалдым. Жеке өмір сүруге бейімделесің. Тұратын жеріңе, тамақтануға өзің жауап бересің. Осы орайда шетел асып қайтпай қалған студенттер жайында олардың патриоттық сезімінің жеткіліксіздігі ме деп ойлаймын. Себебі, қарапайым бауырсақты сағыну деген не десеңші.

— Түркиядан алып келген білімің Қазақстанда қаншалықты қажетті болады деп ойлайсың?

— Түркиядан алып келген білімім барлық салаға жарай алады деп ойлаймын. Себебі, жанды эфирге де араластым, түрік телеарналарынан тәжірибе жинадым, баспаханаларға да бардық. Белгілі газет журналдардың редакторларынан дәріс алдым.

— Болашаққа қандай жоспарларың бар?

— Болашақта өз саламның кәсіби маманы болам деп сенемін. Жинаған білімімді елімнің қуаттылығы үшін пайдаға асырсам деймін.

Әңгімелескен Айнұр Ракишева


Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Robert Gordon University

University of Warwick

Алия Arsik
8 қараша 2012, 19:27
7091

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

2am
0
0
"Әрі кітап құмар. Бірнеше кітаптарды алып, бітіргенше асық." - Да, ну!

"Түрік тағамдары әлем бойынша француз және қытай асханасынан кейінгі 3-ші орында ғой" - Да, ну!
amirus
2
0
Керемет! Түркияны жақсы көремін :)
Жарайсын Айнур окуынга саттилик тлеймин мамандыгыннын нагыз майталманы бол .
Arsik
0
0
қызық, бірақ Стамбулда Наурызды мүлдем тойламайды деген ойда қалдым))
amirus
1
0
Ататүрік кезінде отқа/күнге табыну деп Наурызды тойлауға тыйым салған.
Arsik
0
0
Бірақ басқа қала, ауылдарда тойлай береді) Ататүрікке дейін түріктің "продвинутый" жастары дін, дәстүрді менсінбей, еуропалықтарға тым еліктеп кетті. Осыдан үлкен мегаполис пен басқа аймақтағы жастар арасында үлкен айырмашылық бар сияқты.
Қызық, оффтоп болса да, Айзексенның "Стив Джобсында" Джобс Түркияға барғанда қай мемлекеттің жастары болмасын, бәрінің де сұранысы, қызығушылықтары бірдей екенін байқадым дейді. Бірақ осы сөзімен қалайша келісеміз))? Осы айдарымыздағы жастар шетелге барып, ондағы жастарды біздікілермен салыстырады. "Ол жақтың жастары патриот" немесе біздікілерге қарағанда рухани құндылықтарды бірінші орынға қояды деп айтып жатқанын жиі байқап отырмын. Сіз Түркия туралы көп жазасыз ғой, сіздің ойыңызша бұның мәнісі неде? (90-жылдары туған жастар - потерянное поколение; перестройка, заман қиын болды деген жалпылама әңгімеден басқа)
қиын сұрақ қойдыңыз ғой, Алия :)

Рухани құндылықтар жайлы біздің, яғни қазақ жастарының басқалардан өте арта екеніне сенбеймін . Стив Джобстың айтқаны, белгілі бір табысы бар адамдардың, көбінесе қалалық жастардың алатын заттары белгілі -- пәтер, көлік, белгілі бір киіну стилі, белгілі бір техникалық құралдары қолдануы. Орысша айтқанда, стандартный пакет потребления. Осы тұрғыдан қарағанда, Мәскеудегі жаспен Стамбулдағы жастың айырмашылығы жоқ.

Ал рухани құндылықтарға оралатын болсақ, кеше мен Ленин бабамызға сендім, сенімім ақталмады. Құндылықтарым омыртқасы коммунизм еді, ол да жоқ. Өтірік болып шықты немесе омыртқа болуға жарайтындай құндылық емес екен. Жаңа құндылықтар жүйесін табу үшін маған уақыт керек. Өзіме керек және дұрыс жүйені табамын дегенше, әрине, біраз қателіктер де жасап үлгеремін.
Ал түріктер болса, жалпы алғанда, бір Аллаға мың жыл бұрын сеніп, құндылықтар жүйесін осы уақытқа дейін өзгертпей, сақтап келеді. Әрине, сақталып келген және жүз жылдар бойы өзінің өзектілігін дәлелдеген жүйенің ізбасарлары осы өмірде маған қарағанда аяқтарын нық басады, және қателіктерді де кем жасайды.
"пәтер, көлік, белгілі бір киіну стилі, белгілі бір техникалық құралдарды қолдануы" дәл осылардан өзгешелік таптым)). рухани құндылықтар да осылармен тікелей байланысты. түріктердің қазіргі заман прозасын оқысаңыз, олар да әжептәуір "адасып қалған ұрпақ" сыңайлы (19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басы). әлде олар тек бұрынғы Нишанташи тұрғындары ғана ма)) қалай болса да, патриотизмі қажет деңгейде. жауабыңызға көп рахмет).
19ғ. аяғы мен 205ғ. басындаға адасқандар, әрі кетсе 500-700 жас, Еуропаға барып, либерализм, фашизм сияқты әртүрлі ағымдардың әсеріне қалған жастар. Білімді жас, бірақ бүкіл халықтың 0,001 пайызына да жетпейтін сан :)

рухани құндылықтар мен тұтынатын тауарларға келетін болсақ, имандысы да, имансызы да iPhone мен iPad-ты алады ғой. Айырмашылық тауарды алуда емес, қолдану тәсілінде. Біреуі айпад арқылы ұятсыз бейне материалдарды қараса, біреуі айпад арқылы білім алады немесе Қасиетті Құранды оқиды :)
Ленин ата демекшi, түрiктердiң Ататүркке табынуы құдды бiздiң Ленин атаға сыйынған шақтың аналогы. Мавзолейi бар, әдейi оқушыларды апарып көрсетедi. Атам деп бәрi Құдайға сыйынғандай жазады. Мавзолейдiң iшiнде де сол: Ататүрiктiң киген пижамасы, алған сыйлығы, барған жерлерi, бiлiмге қол жеткiзгенi, әйелзатын азат етуi: барлығы маған таныс келдi. Бiр түрлi фанатизм байқалады. Бiзде де бұрын Мәскеуге оқушыларды автобуспен апарып, мавзолейдегi Ленин көсемiмiздi көрiп қайтатын.
Түркиядағы күрттер әлi күнiге дейiн тойлайды. Наурызды түрктер бiрден күрт мәселесiмен байланыстырады.
наурызда алаңға шығып, бүлік шығарады нақты айтар болсақ))
Қалаларда алаңға шықса, ауылдарында от жағып, би-билеп тойлайды.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 10789
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3437
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 3256
  • 31
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2362
  • 23
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 2053
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1912
  • 34
Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Ханская ставка Жангир-хана в селе Хан Ордасы Бокейординского района Западно-Казахстанской области - это одно из самых интересных исторических мест Казахстана.
theYakov
26 июля 2017 / 5:34
  • 1476
  • 4
Королева пепла. Рекап 2 серии 7 сезона сериала «Игра престолов»

Королева пепла. Рекап 2 серии 7 сезона сериала «Игра престолов»

Всем привет! Продолжаем традиционную серию рекапов, посвящённых, пожалуй, главному сериалу современности - "Игре престолов". Спойлеры обязательны, иначе и быть не может!
Seattle
25 июля 2017 / 16:15
  • 1487
  • 22