Тікелей эфир

Шетелде білім алу: Carl von Ossietzky Universität Oldenburg

Сымбат Айжарықова Жамбыл облысы Шу қаласында орта мектепті аяқтағаннан кейін Қырғызстанның Әлем тiлдер институтының немiс тiлi-аймақтану факультетiне оқуға түседі. Одан кейін арман қуып Еуропаға тіл үйренуге аттанады. Алайда, кішігірім арманы үлкен арманға ұласып, Германияның Ольденбург қаласының Carl von Ossietzky университетінің Educational and Social Sciences факультетінде Special educational foundations and cross-categorical Special Needs Education & Rehabilitation & Psychology мамандығы бойынша бакалаврды, Educational Management мамандығы бойынша магистратураны аяқтайды. Бүгінгі материалда Сымбаттан Германияның оқу жүйесі туралы сұрап, біраз сұхбаттасқан едік.


— Бірінші өзің жайлы айтып берсең. Қандай мамандық бойынша білім алдың?

— Жамбыл облысының Шу ауданында туып өстiм. Оқушы кезiмде аудармашы болуды армандайтынмын. Немiс тiлiн оқыған соңғы сынып болатынбыз. Бiзден кейiнгiлер жаппай ағылшын тiлiн үйренуге көштi. Сондықтан мектеп бiтiргеннен кейiн Қырғызстанда Әлем тiлдер институтының немiс тiлi-аймақтану факультетiне түстiм. Қырғызстанды Шуға әрi жақын, әрi оқу ақысы арзан болғандықтан таңдадық. Құжат тапсыруға келгенде ағылшын тобына түскен адам саны немiс тiлiне қарағанда шамамен 7-8 есе көп болатын. Мамам ағылшын тiлiн үйpен деп үгiттедi, бiрақ ағылшын тiлiне тапсырған талапкер санын көрiп, барғым келмедi.

Университетте жүргенде көп студенттер шетелге түрлi бағдарламалармен 1-2 семестрлiк стипендиялар ұтып, кетiп жататын. Бiздiң факультеттiң басым бөлігі Германияға Au-Pair бағдарламасымен бiр жылға барып келетiн.

Au-Pair бағдарламасының пайдасы: бiрден немiс жанұясына орналасасың. Елдiң мәдениетiмен және менталитетiмен тiкелей танысу мүмкiндiгi туады. Екi жылға келген кейбiр студенттер, өздері сияқты басқа елдерден келген студенттермен бiрге тұрады, бiрақ жергiлiктi халықпен еш араласпайды. Оқып жатқан елдiң халқымен таныса алмай кетедi. Тiл курстарына бару қажеттiлiгiм болмады, бiрден тесттен өттiм және 97% алдым. Оған да Au-Pair бағдарламасымен жұмыс iстеуiм септiгiн тигiздi.

Мен де 2004 жылы осы бағдарламамен кеттiм. Басында бiр жылға тiл үйрену мақсатымен бардым. Оқу жайлы ешқашан жоспар құрмадым. Au-Pair бағдарламасынан кейiн «Voluntary social year» бағдарламасымен бiр жылдай мүгедек жасөспiрiмдер интернатында жұмыс iстедiм. Жұмыс iстеп, екi жылдан кейiн оқуға түстім.

Сымбаттың сол уақытта жеке блогына жазған «Fsj немесе ерікті жұмыс» жазбасымен таныс болыңыз.

— Неге дәл осы университетті таңдадың?

— Бұл университеттi таңдау себебiм, мен тұрған қалаға жақын орналасқан. Құжатты тәуекел деп, тек осы университетке тапсырдым. Бiр айдан кейiн қабылданғанымды хабардар еттi.

— Бұл университетке түсу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?

— Мен оқуға түскеннен берi бiраз өзгерiстер еңгiзiлген. Ол уақытта бiздiң диплом жарамайтын. Тек орта білім аттестаты ретiнде қабылданатын.

  • Диплом
  • Тiлдi жетiк меңгергенiңiздi дәлелдейтiн сертификат

Мен университетке түскен жылы Германияда оқу үшiн ақы төлеудi енгiздi. Семестрге 800 € шамасында. Бiрақ сессияны уақытылы және сәттi аяқтаған Азия және Африканың дамушы елдерiнiң өкiлдерiне жеңiлдiк берiлетiн. Оқу бiткенше сессияны сәттi аяқтауға тырысып, семестр сайын жеңiлдiк алдым. 14 жасқа толмаған баласы бар студенттер де оқу ақысынан босатылған.

Қазiр Германияда бiраз университет ақысыз. Студенттер қарсылық бiлдiрiп, бүкiл Германия бойынша шеруге шықты. Бiздiң университеттiң бас корпусын кепiлдiкке алып, ешкiмдi кiргiзбей қойған. Сабақ тоқтатылып, ректор жеке барып, келiссөздер жүргiздi. Ондайды бiрiншi рет көрiп таң қалдым. «Әркiмге ақысыз бiлiм!», «Бiлiм алуға байдың да, жарлының да қолы жететiн дәуiрде өмiр сүргiмiз келедi!» деген ұрандарды университеттiң әр жерiнен оқитынбыз. Шерудегiлер әркiмнен қолтаңба жинап, бас корпусты басып алып, әр жерге лозунгтар iлсе де, ешқайсысы не оқудан шеттетiлiп, не басына iс ашылған жоқ. Келiссөздерден кейiн, бiраз жеңiлдiктер ұтты. Мысалы: төленген ақшаның қай жаққа кеткенiнен хабардар болу құқығына ие болдық, университеттi жаңартып-жөндеу жұмыстары басталды, компьютер, кiтап және де басқа жаңа құрал-жабдықтарға ие болдық.

— Германияның оқу жүйесі алдыңғы оқу орныңнан немен ерекшеленеді?

— Германияның бiлiм жүйесi күрделi. Кем дегенде 4 түрлi мектеп бар. Бастауыш мектептен кейiн балаларды қабiлетiне қарай әр мектепке бөледi. Кейбiреулерiнiң университетке түсу жолы өте ұзақ болады. Қабiлеттiлерi гимназиядан кейiн бiрден түсiп кете алады. Бiрыңғай тесттен әрқайсысы өтуге мiндеттi.

Жоғарыда атап өткен бағдарламамен жұмыс iстегендердi университетке бірінші кезекте қабылдайды. Сондықтан жастар оқу бiтiргеннен соң бiр жылдай шетелде жұмыс iстеуге ұмтылады. Осыдан 6-7 жыл бұрын «Бакалавр» мен «Магистратураны» енгiздi. Қазiр модульмен оқытады. Университетте әркiм өз жоспарын өзi әзiрлейдi.

— Шетелдік университет біздікінен немен ерекшеленеді?

— Шетелдік университет біздікінен еркiндiгiмен ерекшеленеді. Өзiңе қажет нәрсенi өз еркiңмен оқисың. Сессияда эссе жазатын болсаңыз, я реферат дайындасаңыз, тақырыпты семинарға байланысты таңдауға құқығыңыз бар. Тiптi емтихан түрiн, уақытын да өзiңiз белгiлей аласыз. Сессияны семестрдiң алғашқы апталарында да жауып тастау мүмкiндiгiңiз бар. Емтихан түрi демек: 15-25 бет эссе жазу, 30-90 минутқа дейiн ауызша реферат презентациясы немесе ауызша емтихан. Кейбiр профессорлар алдын ала қанша кiтап қолдану керек екенiн айтады. Және де мұндағы университеттiң жабдықтары ұнайды. Мысалы: кiтапхананың байлығы, кiтапханада интернет арқылы Германия бойынша кiтапқа тапсырыс беру мүмкiндiгi, дүние жүзiндегi үздiк ғылыми дерекқорларға еркiн кiру мүмкiндiктерi, магистратуралық диссертация жазуға арналған кiшкентай, бiр адамдық бөлмелер, өзiңмен алып жүретiн кiлттi кiшкентай жеке шкафтар, cпорттың түр-түрi. Жақсы оқуға университет тарапынан бар жағдай жасалған. Тiптi балалы студенттерге арнайы балабақша да бар.

— Ал біздің студенттер мен шетелдік студенттерде қандай айырмашылықтар бар? Жалпы сол жақтың жастары, студенттері жайлы айтып берсең.

— Мұндағы студенттерден жан-жақты iзденiс байқалады. Профессорлармен пiкiрталасып, тiптi қатесiн түзеп, сын айтып, ойын еркiн жеткiзе бiледi. Кiтап оқу ерекшелiкке жатпайды, мұнда студент болсын, болмасын кiтап оқитын адамдар көп. Кейбiр студенттердiң жасы менiң атамнан әлдеқайда үлкен. Бiрақ бiлiмге құштарлық, бiлiмге деген үлкен құрметiн байқауға болады.

— Университетіңдегі ұстаздарың жайында айтап берсең...

— Ұстаздарым өте қарапайым кiсiлер болатын. Бiр жолы группалас қызбен бiрге кiрдiк, профессор Ердели жылы жүздi қарсы алды. Ол қыздың жанұясы бар, сабаққа үлгере алмағанын айтып, шағымданды. Профессор түсiнiкпен қарап, қиыншылықтарың болса немесе жәй сөйлескiңiз келсе, тартынбаңыз, келiп тұрыңыз дедi. Мүмкiн өзi де ана болғандықтан ба, курстасыма түсiнiстікпен қарап, жаны ашығанын байқатты. Бiздiң университет кiшкентай қалашықта орналасқан, студент саны да үлкен қалаларға қaрағанда аз, содан да болар, мұғалiмдер әркiмнiң жағдайына қарауға тырысатын.

Көбi бiрiншi семинарда өзiмен сiз емес, сен деп сөйлесуге рұқсат бередi. Сабақ өткiзу тәсiлдерi де әр түрлi. Бiреуi презентация дайындап келсе, екiншiсi жазда семинарды ауладағы жасыл жерде, малдас құрып отырып өткiзетiн. Сабаққа кеш кел, келiп алып тамақ жеп, шәй iшiп, айпадтен фейсбукте отыр, профессор оған аса мән бермейдi. Тек семестр соңында тақырыпты түсiнiп, емтиханнан өтсең болды. Өзiн зорлап сыйлатпайды және де сабақты зейiн салып тыңдау — сыйластықтың кепiлi деп санамайды.

— Германияға барғанда ол жақтағылар алғашында қалай қарсы алды? Қандай қиындықтар болды?

— Мұнда шетелдiктер көп, осында туып өскенi бар, көшiп келгенi де бар. Сондықтан адамға аса зер салып қарамайды. Солтүстiк теңiзiне жақын болғандықтан екi күннiң бiрi жаңбыр жауатын. Басында күн қашан шығады деп күтiп жүретiнмiн, бiр ай күн шықпаған соң үмiтiмдi үздiм, жаңбырлы күндерге де үйрендiм.

— Тұрғын үй мәселесі қалай болды?

— Екi түрлi жатақханада тұрдым. Бiрiнде секцияда үш адам, ас үй ортақ болатын. Ал екiншiсiнде бiр коридорда 10 адамға жуық тұратын. Ортақ ас үй мен теледидар көретiн бөлме болатын. Жатақханалар сол Ольденбург қаласында орналасқан. Көршiлерiм дүниенiң түпкiр-түпкiрiнен келген студенттер. Жатақханаға орта есеппен айына 150-200 € төледiм, интернет қосулы.

— Ол жақта студенттерге қандай жеңілдіктер бар екен?

— Студенттерге арналған жеңiлдiктер: бассейн, кино, театр, көлiкке арналған семестрбилетi (бүкiл Төменгi Саксонияны, Бремен және Гамбургке дейiн қамтиды), орталық кiтапхана үшiн жеңiлдiктер бар. Алғаш оқуға түскенде университет әр студентке қала және оқу жайында мағлұматқа толы мұқаба бередi. Қаланың бар мұражайлары, көрмелерi мен театрларына бiр рет ақысыз кiруге билет те сыйлық ретiнде мұқаба iшiнде.

— Білім алу, әрі тұрғын үй мәселесі қаншалықты қымбат?

— Бiр айға орта есеппен 670 €, яғни жылына 8 040 € есепшотыңызда болуын талап етедi. Стипендият болмасаңыз, студенттiк визаны ол ақшасыз ашпайды. Стипендиямен келсең, әрине, оңай. Жұмыс iстеуге мәжбүр емессiң. Мен өз бетiммен келгендiктен, оқумен жұмысты бiрге алып жүруден басқа лаж қалмады. Студенттерге арналған жұмыс табу қиын емес. Мен оқуымның басынан аяғына дейiн бiр жерде жұмыс iстедiм. Мүгедек адамдарға қарадым. Бiр жағынан Германиядағы студенттiк күндерiме қаражат болды, екiншiден тәжiрибе ретiнде қарадым.

— Қазір немен айналысасың?

— Қазiр бiрiншi оқыған мамандығым бойынша социал-психиатрлiк мекемеде жұмыс iстеп, тәжiрибе жинап жатырмын. Жұмысты оңай және тез таптым. Әрiптестерiм өте елгезек, әрқашан көмектесуге дайын ақпейiлдi адамдар.

— Болашаққа қандай жоспарларың бар?

— Болашаққа анық жоспарлар құрып үлгермедiм. Екiншi, яғни магистратурада оқыған мамандығымнан да (Educational management) тәжiрибе жинағым келедi. Оқуымды «Болашақ» сияқты мемлекеттiк бағдарлама қаржыландырмағандықтан, жақсы жұмыс табылса, қалаған уақытымда қайта аламын.

Сұхбаттасқан: Айнұр Ракишева


«Шетелде білім алу» айдарында жарияланған басқа материалдар:

Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Robert Gordon University

University of Warwick

Gazi Üniversitesi

University of Windsor

Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті

Université de Basse Normandie

Universität Greifswald

Алия Arsik
25 ақпан 2013, 12:59
8385

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Жақсы оқуға университет тарапынан бар жағдай жасалған. Тiптi балалы студенттерге арнайы балабақша да бар.// деген жері қатты қуантарлық жағдай екен, бізде ажь жұмыскерлер балаларын тастар жер таппай жүред... :(
Симон күчт сұхбат жан/жақты, вордпрестегі блогыңды сағындым мен)))))
Менде Германияда болып қайттым, Goethe-Institut арқылы орта білім алдым және неміс тілі мен ағылшын тілін меңгердім. Магистратураны Германияда оқимын деп ойлап жүрмін (Rheinische Friedrich-Wilhelms-Universität Bonn). Өте тамаша жер. Таныстарда бар. Бірақ Германияда Қазақстан сияқты "связь", "ақша" т.б. деген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 11923
  • 177
Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Я в тогдашней Алма-Ате родился, вырос. В школу начал ходить пешком. Весь центр опползал. Все эти знаковые места помню как ещё не знаковые места. Никаких этих ностальгических страданий у меня нет.
Aidan_Karibzhanov
21 авг. 2017 / 16:25
  • 5170
  • 33
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3478
  • 52
Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Его отцом был Мырзагул, матерью Жания, оба глубоко верующие. По рассказам, Бекет-Ата обладал богатырской силой, что в том числе помогало выбивать мечети в крепких скалах.
theYakov
21 авг. 2017 / 17:21
  • 2651
  • 3
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2381
  • 4
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2543
  • 67
«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

Я всегда теряюсь, когда слышу этот вопрос, потому что я так и не сумел выразить причину одной фразой. Давайте рассмотрим популярные варианты, и я объясню, что именно мне в них не нравится.
convoluted
21 авг. 2017 / 12:29
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2173
  • 1