Тікелей эфир

Шетелде білім алу: University of Warwick

Бүгінгі кезекті айдарымыздың кейіпкері Олжас Тұяқбаев. Олжас Ұлыбританиядағы атақты University of Warwick-те Department of Computer Science-та білім алуда. Шетелдегі оқуы жайында нақтырақ сұхбаттан біле аласыздар.


- Өзің туралы айтып өтсең... Университетке қай жылы, қалай түстің?

- Барлық балалық шағым киелі Түркістан қаласында өтті. Сонда туылдым, сондағы Ататүрік мектеп-гимназиясында оқыдым. 2008 жылы мектепті бітіріп, өзімнің армандап жүрген алтын белгімді де ақтап шықтым. Алтын белгіні алуымның өзі үлкен оқиға болды. Өйткені ҰБТ-дан кейін оны алу үшін маған бір балл жетпей қалды. Сол уақытта бір балл деген өте үлкен рөл ойнатындығына көзім жетті. Оны қайта апелляциялық комиссияға беріп жүріп, әйтеуір Астанадан оны қосуға рұқсат берді. Сөйтіп мен Алтын белгі иегері атандым. Одан кейін нағыз студенттік шақ басталды.

Менің ҚБТУ-дың мұнай-газ мамандығы бойынша оқығым келді. Негізі Алтын белгі иегерлері төртінші пәнге қарамай, кез келген мамандыққа түсе алады деген ереже болатын еді ғой, мен бітірген жылы ол ережені алып тастаған екен. Менің төртінші пәнім ағылшын тілі болғандықтан жоспарымдағы екінші университет әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түстім.

ҚазҰУ-ға түскендігіме еш өкінбеймін. Онда 2008-2010 жылдар аралығында оқыдым, керемет достар таптым, сапалы білім алдым, көптеген жақсы-жақсы адамдармен таныстым. Сол жылдар қызығы мен шыжығы мол студенттік өмірімнің бастамасы болды.

Сосын екінші курстың аяғына таман, 2010 жылы Жандос деген досым екеуімізге неге осы «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде оқымасқа деген ой келді. Оған дейін де осы «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқу армандарымның бірі болатын. Ата-анам да мектепті бітіріп жатқан кезімде шәй үстінде: «Балам, мектепті бітіргеннен соң «Болашақ» бағдарламасы арқылы бағыңды сынап көрмейсің бе?» деді. Мен оларға жоқ деп, жауап бермеймін ғой, тырысып көремін, үміттеріңді ақтауға тырысамын дедім. Сөйтіп 2010 жылы Жандос екеуміз Астанаға барып, барлық құжаттарымызды тапсырып, сұхбатты да өткізіп, емтихандарды да тапсырдық. Өттіңдер деген хабар келіп, бір қуандық. Содан студенттік өмірімнің келесі оқу жылы шетелде басталды.

Онда бірақ мүлдем басқа мамандық бойынша оқуға түстім. ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығын оқысам, мұнда мен ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша бардым. Өзім бұрыннан техникалық мамандыққа бейіммін, сондықтан сонда тапсырғанда осы мамандықты таңдадым.

Шетелге барып, Ұлыбританияның Ковентри қаласында орналасқан Warwick деп аталатын жоғарғы оқу орнының бірінші курс студенті атандым.

Бұл оқу орнына түсерден бұрын бір жыл Leamington Spa қаласында Higher Education Foundation Programme бағдарламасы бойынша дайындық курсын өттім. Бұл қала маған өте ұнады. Сондай әдемі, тып-тыныш, нағыз оқитын қала екен.

Дайындық курсында жиырма шақты қазақ студенті оқыдық. Соның көпшілігі әр түрлі мамандық бойынша Warwick университетіне түстік.

- Университетінде қандай қызықты шаралар өтіп тұрады?

- Осы университетке түскен студенттердің әрқайсысы әр жатақханада тұрғанымен бір кампуста болдық. Бір-бірімізбен көп кездесіп тұрдық. Оған басты себеп - бізде «Қазақ студенттер қоғамдастығы» деген ұйым бар. Ұлыбританиядағы университеттердің көпшілігінде әр ұлттың өзінің қауымдастықтары болады. Олар өзара мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, университеттің ішкі саясатына белсенді қатысып отырады. Біздің «Қазақ студенттер қоғамдастығы» да олардан артта қалмады. Түрлі мерекелік іс-шараларға қатысып, үлкен белсенділік таныттық. Соның бірі - осы жылы наурыз айында «әз-Наурыз» мейрамын атап өттік. Оны еліміздегі «Хабар» телеарнасынан көрсетті.

Наурыз мейрамын «Венский бал» ретінде өткіздік. Оны ұйымдастырудан бұрын түрлі қобалжулар болды. Біз оны «Венский бал» сияқты үлкен деңгейде өткізе аламыз ба, өзімізге алған үлкен жауапкершілікті ақтай аламыз ба деп біраз ойландық. Басында ондай күмәннің болуы заңдылық қой. Бірақ соған қарамастан, бар жігерімізді жинап, дайындықты бастап кеттік. Бір жарым ай көлемінде дайындалдық. Сондағы арнайы кәсіби бишілер бізге салтанатты вальсті үйретті. Екінші мәселе, жүргізушілердің сценариін жазу, үшіншіден демеушілерді табу, төртіншіден қонақтардың тізімін жасап, оларға шақыру қағаздарын жіберу еді. Осының барлығын Warwick университетінің «Қазақ студенттер қоғамдастығы» студенттері жүзеге асырды. Солай бір жарым ай ішінде барлығын 100 пайызға толық дайындап қойдық. 14 наурызда біздің «әз-Наурыз» мейрамын өткізетін күн келді. Бұл мейрамға жүзге жуық қонақ келді. Солардың ішінде Ұлыбританиядағы қазақ елшілігі, «Хабар» телеарнасының журналистері. Бал екі тілде өтті. Қазақ және орыс. Қазақ тілді жүргізуші өзім болдым. Жалпы, бұл іс-шара барлығына үлкен әсер қалдырды. Көпшілігі ұнағандығын айтып, келесі жылы да қайтып өткізілсе деген ниеттерін білдіріп жатты. Оның барлығын есепке ала отырып, келесі жылы да осылай өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Наурыз мейрамын осындай көлемде өткізуді тек келесі жылы ғана емес, жалпы дәстүрге айналдыру қажет екендігін түсіндік. Өйткені ол көпшілік қауымнан қолдау тапты.

Оған дейін де, одан кейін де түрлі іс-шаралар өткіздік. Алайда, шетелде оқып жүрген бірінші курсымда өткізген басты іс-шара осы болды деп есептеймін.

- Қазақстан мен Ұлыбританияның қандай айырмашылықтары бар?

- Ұлыбританиядағы оқып жүрген кезім өмірімде ерекше орын алады. Сонда жүріп, оны Қазақстанмен салыстырып жатасың. Адамдарын, ондағы менталитет пен мұндағы адамдардың түсінігін, ерекшеліктерін. Әрине, араларында үлкен ерекшелік бар. Ұлыбритания дегенімен мыңдаған жылдық тарихы бар ел ғой. Бізден бұрын тәуелсіздігін алған. Сондықтан да даму жағынан біздің елден әлдеқайда алда екендігі анық. Бірақ сонда да, ол елден үйренуге тұрарлық та, тұрмайтын да жерлері бар екен. Ондағы жастар да, кәрілер де біздікілермен салыстырғанда өзгеше. Халық жалпы спортқа бейім. Кәрісің бе, кішкентайсың ба, ешкім оған қарап жатқан жоқ. Бәрі спортпен шұғылданады. Оларға қарап, мен де солардан қалыспайын деп, спортпен бұрыңғыдан да жиі шұғылдана бастадым. Көбінесе олар күндіз сабақ оқып, жұмыс істесе, кешке қарай халық жүгірумен айналысады. Менталитетіне келетін болсам, менің байқауымша, ағылшындар бұрыңғы аристократтардың тұқымы ғой. Олар бір принциппен, ережемен жүруге бағытталған. Белгілі бір ережені бұзуға тырыспайды. Ереже белгіленді ме, халықтың бәрі соған бағынады. Мәселен, көшеде кетіп бара жатқан біздің елдегі адам мен ол жақтағыны салыстыратын болсам, қоқыс тастаудың өзі де бір майда-шүйде нәрсе ғой. Олар оған үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қаланы барынша таза ұстауға тырысады.

- Ал отандық білім беру жүйесін британдықпен салыстырсаң?

- Қазақстан мен Ұлыбританияның білім жүйесінде де үлкен айырмашылық бар. Мысалы, қазіргі оқып жатқан университетімді Қазақстанда оқыған ҚазҰУ-мен салыстыратын болсам, шетелге барған кезде бірінші байқағаным, студент сабаққа барады, ал сабақ аяқталғаннан кейін саған лектор үй жұмысына мына тақырыпты оқып кел, мынаны былай жаса деп айтпайды. Ал ҚазҰУ-да сабақ аяқталғаннан соң лектор нені оқу керек, қандай сұрақтарды қамту керек екендігін айтып, түсіндіріп беретін. Онда студенттің оқу жүйесі self-study-де өтеді. Яғни, өзіңді өзің басқарасың, қай кезде қай тапсырманы тапсыру керек екенін өзің жоспарлайсың.

Ал енді студенттерге келетін болсақ, ондағы студенттердің жауапкершілігі өте мол. Оқуды да, көңіл көтеруді де бірдей алып жүре алады. Онда біз бес күн оқып, екі күн демаламыз. Өз басым қанша оқып жүрсем де, кей тапсырмаларды тапсыру уақыты жақындап келе жатқанда, үлгере алмай кетемін. Сонда мен ол жақтын студенттері сияқты қатты көңіл көтеріп жатқан жоқпын, олар қалай екеуіне де уақыт табады деп таң қаламын. Сол жағына келгенде ағылшындар пысықтық танытады екен.

- Ол жақтағы көп баратын орнын?

- Шынымды айтсам, бірінші курс кезінде студенттік шағымның 80 пайызы кампуста өтті. 20 пайызы бір мереке болса, іс-шара болса соған қатысып, содан кейін қазақтар жиналып клубқа, кафеге, басқа қалаларға барып, кішігірім отырыстар ұйымдастырып отыратынбыз. Жалпы өзім қолым босағанада көбіне өзге қалаларға барып келгенді ұнатамын. Сол университетте оқып жүрген жоғарғы курс студенттері бізге: «Әзірше уақыттарың болып тұрған кезде, барынша Ұлыбританияның көптеген жерлерін аралап қайтыңдар. Көріңдер, жаңа адамдармен танысыңдар, зерттеңдер. Ол сендерге эмоциялық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да үлкен күш-қуат береді. Шетелде тек сабақ-сабақ деп жүре берсең, жүре бересің. Сен шетелге тек оқу үшін ғана келген жоқсың, мұнда өзге ортаға, өзге адамдармен, өзге менталитетпен жақын танысуға келдің. Сол жағын да ұмытпаңдар!» дейді.

Достарымызбен жиналғанда Еуропаға, Ұлыбританияның әлі барып көрмеген жерлеріне, футбол матчтарына барып қайтайық дейміз. Осы күнге дейін әлі футбол матчына бармадық, ұят (күліп). Осында келгенде достарым ағылшындардың «Арсенал», «Челси» сынды клубтардың керемет стадинондары бар ғой. Футбол матчтарына барған шығарсыңдар дейді. Жоқ дегенде, бір түрлі болып қалады екенсің, келешекте міндетті түрде барып қайту керек...

Жалпы, Ұлыбритания керемет жер. Әсіресе табиғаты. Оларда ағаштар, талдар өте көп. Біздің елімізде ағаштардың жапырақтары көбінесе жасыл түстес ғана кездеседі ғой. Ал онда жасылмен қоса қызыл, сары, қызыл-сары түсті жапырақтар көп. Бір күні сонда қып-қызыл жапырақты ағаштың жанында суретке түскен болатынмын. Осындағы достарым көріп таң қалып жатыр.

Сонымен қатар, мұнда негізінен ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Көбіне қой, сиыр өсіреді. Қойларының өзі бір ерекше. Миринос қойы сияқты жүндері қалың, ерекше аппақ. Құдды үй жануары мысық, ит сияқты тап-таза.

Университетің туралы тағы не айтып бере аласың?

- Warwick университеті небары 1965 жылы ғана ашылған. Университет үшін ол көп уақыт емес. Соған қарамастан, Ұлыбританияның ең үздік 10 университетінің қатарынан биыл 5-ші орынға ілікті. Бұл осындай жас университет үшін үлкен жетістік. Warwick-ті американдық әнші Стинг, Бен Аффлек сынды біраз Голливуд жұлдыздары бітіріп шыққан екен. Барлығының аты есімде жоқ. Алайда танымал адамдар, Нобель сыйлығының иегерлері университетте көп. Олардың барлығы университет үшін үлкен мақтаныш.

- Көбіне елімізден барған студенттер қай мамандықта оқиды?

- Статистика бойынша мұнда қазақ студенттері көбіне экономика, қаржы саласы бойынша оқуға барады екен. Ал менің оқып жүрген Computer Science мамандығы бойынша бүгінде төрт қазақ студенті оқып жүрміз. Computer Science оңай мамандық емес екендігін мойындау қажет. Басында ойлағанмын, Computer Science ақпараттық технология аса бір ауыртпалық түсірмейтін шығар деп. Бірақ олай болып шықпады. Бірінші жыл болғандықтан ба, оқуымды басында шынайы қабылдамадым. Сосын оқу жылының соңына қарай «әттен-ай» дедім. Елге қайтарда сондағы достарыммен келесі жылы күні-түні кітапханада отырамыз, көп сабақ оқимыз деп келістік. Енді сол уәдеде тұру керек.

- Кітапхана демекші, ондағы кітапханалар қандай?

- Warwick университетінің кітап қоры 1 миллион. Онда технология өте жақсы дамыған. Кітапханаға кіргенде арнайы карточкамен кіріп, каталогтан керек кітабыңды еш қиындықсыз тауып аласың. Ұлыбританияның адамдары негізі өте мейірімді. Әрдайым көмек көрсетуге дайын тұрады. Егер бір кітапты таба алмай жатсаң, табуға көмектеседі.

Көбісі автоматтандырылған болғаннан соң кітапты бір аптаға аласың, егер қайтару кезі жақындап келе жатса, оны интернет арқылы уақытын соза саласың. Кітапты өткізу керек болса, оны кітапханашыға емес, арнайы автоматтандырылған қорапқа салып жіберсең, кітапты өз орнына апарып қояды. Ал Қазақстанда, менің білуімше, кітапхананың өзіне келу керек.

- Алғашында қандай қиындықтар болды?

- Фейсбук, Вконтакте деген әлеуметтік желілер арқылы алғаш рет келе жатқан студенттер «Қандай қиындықтар бар? Қай жерден үй іздеу керек?» деген сынды сұрақтар қояды. Аса ешқандай қиындық жоқ. Алайда, менінше, мұнда келген студентке ең бірінші қиындық – тіл. Келерге дейін тілді орташа білмесең, өте қиын болады. Сол себепті, шетелде оқығың келсе, келерден бұрын тілді Қазақстанда дамытып алу керексің, болмаса, мұнда міндетті түрде тілдік курстардан өту қажет.

Тамақтарына келетін болсақ, шынымды айтсам, бұл елдің тамақтары өзіме аса ұнаған жоқ. Ағылшындардың жейтін тамақтары көбіне картоп, күріш, макарон, спагеттилер. Басында соған үйрене алмай жүрдім, аса тойымды емес болып көрінді. Жатақханада тұрғаннан соң балалармен өзіміздің жеп үйреніп қалған тамақтарды жасап жеп тұрдық. Анда-санда қазақ қыздары манты, палау, бешбармақ жасап шақырып тұрады.

- Ұлыбританияда қайда тұрасың?

- Тұрғын үйге келетін болсақ, Ұлыбританияда тұрғын үй бағасы Қазақстанмен салыстырғанда қымбат. Мысалы, студент болғаннан соң бізге айына белгілі бір степендия береді. Соның негізгі бөлігі осы тұрғын үйге/жатақханаға кетеді.

Мұнда бірінші курста жатақханада тұрасың. Ал екінші курста өзің жеке тұрғын үйге шығуға міндеттісің. Үшінші курста жатақханаға қайтып келсең де болады. Не өз үйіңде тұра берсең де өз еркін. Жатақхана тап-таза. Күнде тазалаушылар келіп, бөлмені тазалап тұрады. Бір жақсысы, біздегідей түнгі он бір болды, есік жабылады деп айқайлап, ұрсып жүретін вахтерша апайлардың болмағаны ерекше ұнады (күліп). Жатақханада вахтерша сияқты докторантурада не магистратуда оқитын бір студент болады. Бірақ ол өзі студент болғандықтан бізге вахтерша апайлар сияқты қатты қысым көрсете бермейді. Сонымен қатар, аптасына 7 күн, 24 сағат жатақханаға емін-еркін кіріп шығып жүре бересің. Егер бөлмеңе туысқандарың, не достарыңды алып келетін болсаң, әкеле бер. Тек алдын-ала оны вахтерша сияқты тьютер деген адамға айтып қоюың керек. Бірақ шындығында біз олай жасамаймыз. Досымыз келетін болса келеді, кіріп-шығып жүре береді. Олар оны тексермейді де, бірақ заң бойынша солай болу керек.

- Ол жақта студенттерге қандай жеңілдіктер бар?

- Университеттің өзінің стипендиялық бағдарламалары бар. Егер оқу жылын өте жақсы деген бағаға аяқтасаң, оқу ақысы 50 пайыз жеңілдетіледі. Ай сайын саған 1000 фунт көлемінде стипендия беріп тұрады. Сонымен қатар, қателеспесем, жатақхана бағасын да арзандатады. Жалпы тек оқу жағынан ғана емес, спорт жағынан, өнер жағынан белсенділік танытып, түрлі байқауларға, жарыстарға қатысып жүрсең, университет ол студенке жеңілдіктер ұсынады.

- Ең мықты профессорың туралы айтып берсең?

- Менің математика пәнінен сабақ берген Стив Расс деген профессорым. Үйге аттанар кезде кітапханада соңғы кітаптарымды өткізіп жатқан болатынмын. Ол кісіні сол жерден кездестіріп қалдым. Сонда Қазақстаннан сатып алған сувенирлерім болатын. Сол кісінің қал-жағдайын сұрап, бір жыл бойы бізге берген біліміне рахметімді айтып бір сувенирді ұсындым. Ол рахметін айтып, биыл зейнетке шығайын деп жатқандығын айтты. Негізі университетте ол кісіні «легенда» деп атайды. Не үшін олай атайтындықтарын, шынымды айтсам, білмедім, мүмкін біз оқуға түскенге дейін бір оқиғалары болған шығар. Бірақ бұл университетте маған үлкен әсер еткен осы кісі болды.

- Қазіргі уақытта немен айналысып жүрсің?

- Әзірге ештеңемен айналысып жүрген жоқпын. Бірақ келесі жылы екінші курсты аяқтағаннан соң іс-тәжірибеден өтеміз. 1-2 ай көлемінде не бүкіл жаз бойы өз мамандығына қатысты компанияларға түйіндеме өткізесің. Ол жақта қажетті құжаттарыңды өткізіп, емтихандарынан өтіп жатсаң, олар өздеріне қабылдайды. Іс-тәжірибеде айлық ретінде кәдімгідей ақша беріп тұрады. Тіпті кейбір компаниялар іс-тәжірибеден өтушіні тұрғын үй және тамағымен қамтамасыз етеді.

Сол екінші курста өзімнің Computer Science мамандығым бойынша іс-тәжірибеден өту үшін құжаттарымды тапсырып, жаз мезгілінің 1-2 айын сол Ұлыбританияда өткізсем деген ойым бар. Ол жақта бұндай іс-тәжірибелерден өту, келешекте Қазақстанда жұмысқа тұрарда үлкен көмек береді.

- Өзіңнің бір оқу күнің туралы айтып берсең?

- Негізі өзім ұйықтағанды жақсы көретін адаммын. Сабаққа кешігіп баратын кездерім де көп болғандығын жасырмаймын. Ондағы дәрістер ашық. Кез келген факультеттің студенті келіп, қатысып кете алады. Мәселен, экономикада оқитын студент менің Computer Science мамандығыма қатысты лекцияға қатысып, өзіне қажетті ақпаратты ала алады. Сонымен қатар, онда кімнің келіп-кетіп жатқандығын тізім бойынша тексермейді. Келгің келсе кел, келгің келмесе, келме бәрі өзіңе байланысты.

Менің бір күнім қалай өтеді? Сабақ таңертең сағат онда басталатын болса, сол уақытқа таяу сабаққа барамын. Арасында бос уақытымыз болып жатса, кампуста неше түрлі кафелер бар. Сол уақытта сонда тамақтанып аламыз. Одан кейін өзіме қажетті өзге сабақтарды да үйренуге болады. Мен Computer Science-ты оқып жатсам, бос уақытымда қосымша экономиканы, не өзге тілдерді оқуға болады. Мектеп кезінен француз тілі жаныма жақын. Осында келгенде француз тілін таңдауға болады дегендіктен, осы курсқа жазылдым.

Сабақ уақытында семинар өте аз болады. Осы жылы тек математика пәнінен ғана семинар болды. Ал қалған пәндер лекция мен лаборатория. Лабораторияда лекциядан алған біліміңді қорытындылап берілген тапсырмаларын орындайсың. Басқа департаменттерді білмеймін, біздің факультетімізде лектор мен студенттер арасында интерактивтілік сәл төмендеу болғандай. Әлде студенттердің өзінің белсенді болмағандығынан ба, білмедім. Әйтеуір сол жағы ұнамады. Мысалы, Қазақстанда кәдімгідей сұрақтар қойып, пікір алмасып жатамыз ғой. Ал онда ағылшын студенттері бәрін біледі ме, әлде профессордан ұялады ма... Қазақстандық университеттегідей интерактивті өтіп жатқан сабақты байқамадым. Мүмкін ол тек біздің факультетте шығар...

- Ол жақтағы оқу жүйесі жайында айтып өтсең...

- Бізде үш семестр бар. Әрқайсысы он аптадан. Он апта беске бөлінеді. Соның үш аптасын лекциямен өткізесің де, қалған екі аптасын лабораторияға арнайсың. Егер түсінбей жатсаң, не сұрақтарың болса, лектордан сұрайсың, ол көмектесіп, бағыт-бағдар көрсетіп жатады. Ал былай семинар болып жататын кездер көп болмайды.

- Оқу әрі тұру қымбат па? Жылына орта шамамен қанша қаржы кетеді?

- Иә, онда оқу ақысы қымбат. Мен оқып жатқан университеттегі мамандығымның оқу ақысы 16 мың доллар. Ол тек оқу, ал тұратын жайын бар, жүріс-тұрысың бар, киім-кешегің бар, орташа есеппен алғанда бір оқу жылына (9 айға) 20 мың доллар, оған қосымша оқу ақысы барлығы 50 мың доллардай кетеді. Бірақ үнемдеу керек. Шетелде жүріп үнемдеуді үйреніп жүрмін. Бұл жақсы қасиет.

- Ұлыбританиядағы өмірің саған не берді?

- Ұлыбритания маған біріншіден жақсы достар берді. Ағылшындардың, ондағы өзге ұлттардың менталитеттеріне қарап, бойымдағы керек емес қасиеттерді алып тасаған да шығармын дей ойлаймын. Сабақ жағынан жақсы білім алдым, алайда алдында айтқанымдай, ондағы студенттерге интерактивтілік жетіспейді. Онда әр студенттің жеке жеткешісі болды. Оған түрлі мәселе бойынша жолығып, соның жауабын табуға болады. Мен өз жетекшіме осы сұрақпен жолыққанда ол: «Иә, дұрыс айтасың. Бірақ бұл жерде оқу self-study жүйесімен өтетін болғандықтан, әрбір студент өзі ізденеді, оқығысы келсе оқиды, оқығысы келмесе жоқ» деп жауап берді. Амал жоқ, сол жүйеге көнуіме тура келді. Жаңа мемлекет, жаңа орта болғандықтан, солай жүруге тырысасың.

Сонымен қатар, ең бастысы табиғатты аялауға, оны сыйлауға, таза ұстауға үйретті. Онда бәрі тап-таза, ауасы керемет. Тіпті машиналардың өзі, Лондон сияқты үлкен қалаларында болмаса, біздікіндей көп емес. Адамдардың көбі велосипедпен жүреді.

- Бітіргеннен кейін қандай жоспарларың бар? Сонда қалғың келеді ме?

- Қалғым да келеді, бірақ қайту керек. Өйткені халықаралық бағдарламалар акционерлік қоғам мен менің арамда болған келісім-шарт бойынша мемлекетке қайтып келуге міндеттімін және Қазақстан территориясында кем дегенде 5 жыл жұмыс істеу қажетпін. Жұмыс мемлекеттік пе, әлде жеке меншік кәсіпте ме, ол өзіңе байланысты. Одан кейін өзің білесің.

Жұмыс табу деген ол баршамыз үшін үлкен мәселе. Әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Келген соң жоспарым бойынша өзімнің ақпараттық технология мамандығым бойынша Астана, не Алматыда орналасқан бір компанияда жұмыс істегім келеді. Ол енді болашақтың еншісінде.

Сұхбаттасқан Айнұр Ракишева

Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Алия Arsik
6 қараша 2012, 1:49
12587

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Олжас зерек жігіт сынды. Бір-ақ, сөз: "қалғым келеді" дегені ұнамады, если честно
ого, Тұяқбаев, нестеп жүрсің "Екпінде"? Сен бітіріп келдің? :)
"Ұлыбритания дегенімен мыңдаған жылдық тарихы бар ел ғой. Бізден бұрын тәуелсіздігін алған"... Ресейдің қоластында құлдықта болды деп естігем :)
Автор,
"Department of Computer Science мамандығы бойынша" деген жерде қате кеткен сияқты. department деген мамандық емес.
Department дегенді "департамент" деп қазақшалап жазған бір түрлі естіледі екен :))) Факультет(кафедра) деп аудармасын жаза беру керек еді меніңше. Кейбіреулер түсінбей қала ма?
Меніңше оның не мағына беретіндігін түсінбейтін оқырманымыз жоқ деп ойлаймын )

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 39771
  • 20
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8595
  • 7
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 6214
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 6532
  • 63
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2921
  • 10
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2582
  • 6
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2466
  • 22
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2159
  • 31