Мазмұнға өту

Жаңа

Әлем чемпионатында бақ сынайтын барлық қазақстандық боксшылар жарысты 1/16 финалдан бастайды

Бүгін бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында бақ сынайтын Берік Әбдірахманов (60 кг) пен Мерей Ақшаловтың (64 кг) қарсыластары белгілі болады. 1/16 финалда Берік пуэрто риколық Даниелито де ла Роза мен грузиялық Гиорги Гогатишвили арасындағы 1/32 финалдың жеңімпазымен кездеспек. Ал Мерейдің қарсыласы шотландиялық Жош Тайлор мен тринидадтық Акиел Оутрам арасындағы кездесудің үздігі болмақ. Ертең енді Біржан Жақыпов (49 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) пен Әділбек Ниязымбетовтің (81 кг) қарсыластары анықталады. Бұған дейін жарыстың алғашқы күні Ілияс Сүлейменов (52 кг) пен Антон Пиншоктың (91 кг) 1/16 финалдағы жұптастары белгілі болған еді. Нақтырақ айтқанда, бейсенбі күні Ілияс австриялық Андреу Молонеймен, Антон венгриялық Имре Сцелломен күш сынасатын болады. АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - А…

0
0
1070

Грузия Сочи Олимпиадасына қатысудан бас тартуы мүмкін

Егер 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы қарсаңында ойындарға қатысу елдің намысын таптау секілді көрінетін болса, Грузия ойындардан бас тартуы мүмкін.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Бидзина Иванишвили мәлім етті.

Бұған дейін Грузияның Ұлттық Олимпиада комитеті ел спортшыларының жарыстарға шығатыны жөнінде хабарлаған еді, алайда соңғы күндері елде Грузияның Ресейде өтетін Ойындарға қатысуына қарсылық шаралары белсенді жүргізілуде.

0
0
269

Қазақстан құрамасы Ирландиядан жеңіліс тапты

2014 жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатының еуропалық матчтары аяқталды. Қазақстан құрамасы соңғы ойынын Ирландияда жергілікті командаға қарсы өткізген болатын. Әлдеқашан әлем біріншілігінде доп тебуден күдер үзген қос команда арасындағы ойында біздің жігіттер 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Алайда алғаш болып есепті қазақстандықтар ашты. 13-минутта Дмитрий Шомко Форд қорғаған қақпадан саңылау тапқан болатын. Алайда бірінші таймда ирландықтар есепте алға шығып үлгерді. Алаң иелері сапынан Робби Кин мен Джон О’Ши көзге түсті. Ойынның негізгі бөлігі аяқталуға 12 минут қалғанда алғашқы доптың авторы Шомко өз қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті белгіледі — 3:1. Біздің құрама 10 ойында қанжығасына бес ұпай байлап бесінші орынды қанағат тұтты. Ирландия — Қазақстан 3:1 (2:1) Голдар: Ш…

0
0
310

Пьер Луиджи Пицци: «Аттила» қойылымының репетициясы қызу жүріп жатыр

«Астана Опера» театрының Әлемдік тұсаукесеріне орай төрт кеш өтеді. Басты кеш - 2013 жылдың 21 қазаны - Дж. Вердидің «Аттила» операсының тұсаукесері. Көрермен назарына ұсынылатын опералық спектакльді дайындауға аттары әлемге әйгілі шеберлер шақырылды. Қоюшы режиссері, сценографы, костюм жөніндегі суретшісі - әлемге белгілі итальяндық шебер, Францияның Құрметті Легионы Орденінің иегері Пьер ЛуиджиПицци. Тамаша режиссер бүгінгісі мен жұмысы жайлы, алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Пьер ЛуиджиПицци Астанаға 12 қазанда келді.Бұл маэстроның елордаға осымен екінші сапар шегуі. «Мен Қазақстанға бірнеше ай бұрын «Астана Опера»театрының әртістер жөніндегі директоры Уильям Грациозидің шақыруымен келгенмін,өзінің ынта-жігерімен жаңа өнер шаңырағын бірден ұнатуға мәжбүр еткен театр директоры Төле…

0
0
455

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерді медициналық тексеру жалғасуда

Қазақстан Қарулы Күштерінде тереңдетілген медициналық тексерудің бірінші кезеңі аяқталды. Бұл тексеруден әскери қызметшілердің барлық санаты: аға және кіші буындағы офицерлер, генералдар, келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер өтеді, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Медициналық тексеру жыл сайын өткізілетін рәсім, оның басты мақсаты – әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау. Оның тереңдетілген медициналық тексеру деп аталуы әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы кең түрде тексеріліп, талдау жасалып, флюрография және басқа да дәрігер мамандардың қарауынан өтеді. Жасы үлкен топтағылар үшін электрокардиограммадан өту міндетті болып саналады», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған. «Әскери қызметшілерді медициналық тексеруден өткізу ауруды болдырмауға және о…

0
0
523

Апта ішінде 6 561 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 2 773 қылмыстың беті ашылды.

 Бұрын жасалған 730 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 26 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 145 қылмыскер ұсталып, 2 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 26 қылмыс анықталды, оның ішінде 10 сату фактісі. 40 келіге жуық есірткі заты тәркіленіп алынды.    http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/Информация%20для%20СМИ%20о%20деятельнос54

0
0
293

Новое семейное реалити-шоу «Ән шаңырақ»!

Семейный просмотр телешоу, пожалуй, одно из самых приятных занятий, за которыми можно провести вечер. К сожалению, отечественные каналы редко радуют своих зрителей свежими, инновационными передачами... Но не «31 канал». Вот уже двадцать лет мы являемся телевизионными трендсеттерами, законодателями моды в сфере отдыха и развлечений нового формата. Зная, что семьи – главная целевая аудитория и ценность нашего телеканала, мы запускаем новое реалити-шоу «Ән шаңырақ»! В пятницу вечером, в самое лучшее время, семьи со всей страны будут состязаться в песенном искусстве. В финал пройдут самые артистичные и талантливые конкурсанты. Компетентное жюри выберет две семьи, чьи творческие способности окажутся наилучшими; свой выбор смогут сделать и телезрители. К финалу победителей отборочного тура буду…

2
0
587

Құрбан Айт құтты болсын!

Құрбан айт құтты болсын! Бүгінгі дұға-тілектеріңіз періштенің құлағына шалынып, қабыл болсын! Шалған құрбандықтарыңыз өздеріңізге шапағат боп оралсын! Шаңырақтарыңызға бақ-береке, шаттық, қуаныш тілейміз!

Қазтюб ұжымының атынан еліміз аман, жеріміз бүтін, тіліміз таза болғанын тілейміз!

0
0
2373

СЕНІ іздеген МЕН...

«Қыз Жібек» кинокартинасын тағы да көрдім бүгін. Жатып алып, әттең мен де Жібектей ақылына көркі сай бойжеткен болсам...Төлегендей сымбатты жігітті кездестірсем...Ол маған ғашық болып қалса...Сосын ол маған сөз салса... Кенет телефонның шырылы аспаннан жерге түсірді мені. Телефонның арғы жағынан өзін түсірілім тобының өкілі деп таныстырып ертең «Сен және Мен» фильмінің алғашқы көрсетілімі болатынын және соған келіп, көруімді өтінді. Келісе салдым. Мақұл деп. Телефонды қоя сап: «тағы бір шала шарпы түсірілген фильм шығар, көпшілік қауымға арналған фильм түсіремін деп арт-хаусқа ауытқып кеткен тағы бір режиссердің дүниесі шығар» деген ой келді бірден. Киноны көретін де кез келді. Демеушілер ұсынған тіскебасардан ауыз тидік те кинозалға еніп кеттік. Фильм аяқталды. Бірден айтам, фильм жақсы…

1
4
1133

Көккөл – Лох Несс аңызының айнасы ма?

«Көлден тұншыға шыққан мақұлықтың үні, жаңғыра сай саланы кезіп барып әрең басылады. О тоба, Шотландиядағы ғажайып Несси көз алдымнан жүгіріп, жо-жоқ ұшып, бәлкім елес боп зулай өткен болар...». Бұл жолдар Меркілік қарапайым ұстаз Анатолий Печерскийдің қойын дәптеріне түртіліп, кейін Сапарбай Парманқұловтың «Жұмбақ сарқырама» кітабында жарыққа шыққан әңгімеден үзінді. Кітапты оқып-ап түрлі қиял ойлар естен кетер емес. Па шіркін, ғылымға беймәлім аждаһа шынымен-ақ Меркінің тау-тасы мен өзен-көлдерін жағалап, талай шопанның иманын алды ма екен? Әлде көлдің тұңғиығында жатып-ап, адамзаттың қаперінен аулақ болуды ойлады ма? Қайткен күнде де оның ақырған дауысы талай жанның жадында сақталғаны мәлім. Мың естігеннен бір көрген артық. Араға жыл салып міне бүгін Әулие көлді көрудің сәті түсті. – К…

7
6
7234