Тікелей эфир

Шетелде білім алу: Oklahoma State University

Бүгін шетелдегі жоғары білім жайындағы тұрақты айдарымыздың кейіпкері Нұрбек Еңсебаев. Нұрбек Америкадағы Oklahoma State University жоғары оқу орнын энергетика мамандығы бойынша тәмамдап, өзінің көрген-білгенімен, алған әсерімен бөлісуге дайын.

- Оклахома Университетіне оқуға қалай түстің?

- Мен ең алдымен Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетіне оқуға түстім, жарты жылдан кейін Болашақ бағдарламасымен төрт жылға Америкаға кеттім.

- Қай мамандықты таңдадың?

- Менің мамандығым - энергетика. Electrical Engineering факультетінде Power Electrical Engineering мамандығын таңдадым.

- Америкадағы оқу жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?

- АҚШ-та оқытатын энергетиканың ТМД елдерінде оқытатын энергетикадан біраз айырмашылығы бар. Батыста бағдарламалау мен микроэлектроникаға аса зор мән беріледі. Сондықтан ол жақтан энергетика мамандығын меңгеріп келгендер программист болып әбден жұмыс істей алады. Ал, мысалы, Мәскеуде энергетика мен электроника арасында осыншама тығыз байланыс жоқ.

- Американың жастары қандай?

- Ол жақтың жастары спортта өте белсенді. Ал оклахомалық студенттерге келетін болсам, олар өте қарапайым және мейірімді. Мысалы, қала сыртындағы супермаркетке жеткізіп салуды өтінсең, ешқашан бетіңді қайтармайды.

- Есіңде қалған жағдайлар болды ма?

- Триатлоннан жарысқа қатысайын деген ойым бар еді. Ол жерде қашықтыққа жүгіру, жүзу және велосипед тебу сияқты үш сайыс болды. Қатысу үшін ақшамды тапсырып қойдым, бірақ өзімде велосипед болған жоқ. Достарыммен бірге күні бойы велосипед іздеп жүрдім, бірақ түк таппадым. Кешке қарай жатақхананың қасынан велосипедшіні кездестіріп, оған триатлонға қатысатынымды айтып едім, ол бірден өз велосипедін ұсынды. Атымды да, телефон нөмірімді де, тіпті мекен-жайымды да сұраған жоқ, тек сәттілік тіледі. Мен оның жатақханадағы бөлме нөмірін ғана сұрап үлгердім.

Жарыс аяқталған соң аталмыш жігітке велосипедін қайтарып беруге барғанымда, алғаш қойған сұрағы "Аяғына дейін жеттің бе?" болды. Өйткені кейбір қатысушылар дистанцияның ортасында жарыстан шығып жатты. Менің мәреге жеткенімді естігенде, ағайынымдай құшақтап, "Жарайсың" деді. Бұдан былай бір-бірімізді кездестірген жоқпыз.

- Тұрғын үй мәселесі қалай шешілді? Жатақханада тұрдың ба?

- Алғашқы екі жыл жатақханада америкалықтармен тұрдым, соңғы курстарда қазақстандықтармен бірге пәтер жалдадық.

- Бос уақытыңда немен айналысқанды жақсы көресің?

- Баскетболды сүйемін, жеті жыл бойы осы спорт түрімен айналыстым. Жатақханада тұрғанымда көршім ковбой болды. Бірде оған сүйікті қызы ойыншық бұқа сыйлады, ал жігіт болса бос уақытында сол ойыншыққа лассо лақтырып, өзіне қарай тартатын. Мен алғашында түсінбейтінмін. Сұрақ қойғанымда көршім жауаптың орнына менен "Ал сен есікке неге баскетбол сақинасын іліп қойдың?" деп сұрады. Мен үшін баскетбол өмірімнің қандай маңызды бөлігі болса, ковбой көршім үшін лассо лақтыру да соншалықты маңызды екен.

- Спорттан тыс басқа да сайыстарда өзіңді сынап көрдің бе?

- Иә, екінші курста Miss & Mister International сайысына қатысып, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ән орындадым. Келесі жылы тағы өз бағымды сынағым келді, француз және испан тілдеріндегі әндерді таңдадым. Бұл конкурс тек студенттер арасынан үздіктерді анықтау ғана емес, халықаралық қарым-қатынас пен достықты нығайту үшін ұйымдастырылған деп есептеймін. Өз басым Mister International атанбасам да, көп жаңа дос таптым.

- Сүйікті кітаптарың қандай?

- Маған ең мықты әсер қалдырғандарынан Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен терін", Михаил Шолоховтың "Тихий Донын" және Джеймс Крюстің "Тим Тайлерін (немесе Күлкісін жоғалтқан бала)" атағым келеді.

- Шетелге, әсіресе Америкаға оқуға түскісі келетін жастарға қандай кеңес берер едің?

- Техникалық мамандықты таңдаудан бұрын, бағдарламалау мен электрониканың тым болмағанда негіздерін меңгеріп алған жөн. Мамандық таңдаудағы ең дұрыс шешім - өзіңізге ұнайтынын таңдау. Сонда ғана үйден алыста өткізген бірнеше жыл қас-қағымда өтіп кетеді және студенттік өмірден тек жақсы естеліктер қалдырады.

Cұхбаттасқан: Айжан Байтанова

Фото Нұрбек Еңсебаевтің жеке архивынан


«Шетелде білім алу» айдарында жарияланған басқа материалдар:

China University of Petroleum, Beijing

Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Robert Gordon University

University of Warwick

Gazi Üniversitesi

University of Windsor

Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті

Université de Basse Normandie

Carl von Ossietzky Universität Oldenburg

Universität Greifswald

Шетелде ғылыми тәжірибеден өту: University of L'Aquila

Шетелде ғылыми тәжірибеден өту: Humboldt-Universität zu Berlin

Шетелде білім алу: İstanbul Üniversitesi

Institute of French Petroleum (IFP) School

Шетелде білім алу: Multimedia University of Malaysia


Алия Arsik
19 қыркүйек 2013, 16:07
3201

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

Истерический вой, поднявшийся в российских СМИ по поводу перевода казахского языка на латиницу, блогер и публицист из Казани Римзиль Валеев оценил довольно-таки точно, на наш взгляд.
openqazaqstan
18 апр. 2017 / 16:47
  • 32371
  • 239
Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Откуда я знаю, спросите вы? Да очень просто. Голые мужики в сауне могут врать только про баб. Про машины и планы переездов – только по-чесноку. Чего уж скрывать, если все остальное напоказ.
Lesch
17 апр. 2017 / 23:30
  • 6169
  • 23
«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

Пресс-служба ALTEL и Tele2 предоставила ответы на наши вопросы по поводу сервисов, навязываемых ALTEL при наборе кодов проверки баланса от других операторов.
openqazaqstan
17 апр. 2017 / 15:26
  • 4630
  • 20
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3145
  • 10
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2323
  • 17
Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Наводнение в Атбасаре, размытые дороги, подтопленные сёла по всему Центральному и Северному Казахстану... Что происходит?
openqazaqstan
19 апр. 2017 / 15:20
  • 2299
  • 14
Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Когда я пришла в первый раз на работу, слышала как доносятся крики из разных кабинетов. Крики это были не детей, а учителей, которые не могут сдержаться, когда уже все силы иссякли...
teacher1210
19 апр. 2017 / 7:56
  • 2429
  • 61
Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Если хотите жить как все казахстанцы, а казахстанцы в среднем живут очень бедно, то можете продолжать так же жить прежней жизнью, но если вы хотите жить лучше, чем вчера, надо заняться...
noyanovmyras
17 апр. 2017 / 17:02
  • 4679
  • 27