Тікелей эфир

Шетелде білім алу: China University of Petroleum, Beijing

24 жастағы Аслан Жанзаков Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында туылған. Қазірде Бейжіңдегі Қытай университетінде магистрлік дәрежесін алуда. Сондай-ақ Аслан осы жылы Қытайдың 18 мың студент арасынан «Жыл студенті» атанды. Бұл марапатқа қалай ие болғанын және де Қытайда білім ерекшеліктерін Асланның өзінен сұрап көрелік.



— Сәлем, Аслан! Алдымен өзің жайлы қысқаша айтып өтсең?

— Сәлем, Айжан! Менiң толық есiмiм Жанзаков Аслан, 1989 жылы туылдым. Отбасымда менi қосып санағанда төрт адам. Әкем Жаңажол мұнай кен орнында жұмыс жасайды, анам дәрiгер, 19 жастағы қарындасым Алматы университеттерiнiң бiрiнде 2 курс студентi. Қандыағаш қалалық №1 орта қазақ мектебiнде оқыдым. Ең сүйiп оқитын пәндерiм математика, физика және Қазақстан тарихы болды. Тарих пәнi бойынша бiрнеше рет пәндiк олимпиадаларына қатысып, жүлделi орындарға қол жеткiздiм.

— Не себепті мұнай саласын таңдадың? Әрі Қытайға оқуға түсуге не себеп болды?

— Мектептi бiтiрместен бұрын болашақта қандай маман боламын деп көп ойланбадым. Туған жерiм Ақтөбе облысы мұнай және газ шикiзаттарына бай өңiрлердiң бiрi болғандықтан, Мұнай және газ iсi мамандығын оқимын деп бiрден шешiм қабылдадым. Шынымды айтсам, Қытайға мен аяқ-астынан түсiп кеттiм. 11-шi сыныпта оқып жүрген кезiмде досымнан АҚ «АқтөбеМұнайГаз» компаниясының оқу грантына құжат қабылдау басталды дегендi естiдiм, содан асыға құжаттарымды жинап тапсырып жiбердiм. Ол стипендия жайлы бұрын естiп көрмегесiн, көп үмiт күтпедiм және бiраз уақыттан соң ұмытып кеттiм.

— Ол университетке түсу үшін қандай кезеңдерден өттің? (құжат, емтихан, т.б.)
— Бiрыңғай Ұлттық Тестілеудi сәттi тапсырғаннан кейiн жоғарғы оқу орнына құжат тапсыру үшiн Алматы қаласына қарай жол жүремiн деп жолға дайындала бастадым, поезға билет те алып қойдым. Поезға 1-2 күн қалғанда компаниядан үйге телефон соғып сынаққа (физика, математика және ағылшын пәнiнен) шақырды. Поездiң билетiн тапсырып жiберiп, Ақтөбе қаласына жөнелдiм. Сынақтан өткеннен кейiн бетпе-бет әңгiмелесуге шақырды. Бiр-екi күннен соң компанияның адамдары грантты иеленген талапкерлердi жариялады, солай мен Қытайға оқуға келдiм.

— Бакалаврдан кейін магистратураға түсу процесі қалай өтті?

— 2011 жылы оқуымды бiтiрместен бұрын, университеттiң мұғалiмдерi, ҚХР Бiлiм Министрлiгi үздiк оқу бiтiрушi шетел студенттерiне арналған оқу стипендиясы жайлы маған айтып, қалай және қандай құжаттар жинау керек екенiн көрсетiп жiбердi. Қажет құжаттар: негiздемелiк өтiнiш хаты, оқу орнынан анықтама, оқу үлгерiмi табелi, екi профессор мұғалiмнiң ұсыным хаты, медициналық анықтама, және мақтау қағаздары мен сертификаттар (егер болса). Сол жылдың маусым айында қызыл дипломымды алып, Қазақстанға оралып келгеннен екі-үш жетiден кейiн, университеттiң мұғалiмi маған телефон шалып оқу грантын иеленгенiммен құттықтады.

— Ондағы оқу жүйесі несімен ерекше? Қандай кемшіліктері бар?

— Бакалавр программасының оқу жүйесi жалпы Қазақстанның оқу жүйесiмен бiрдей. Ал магистратура шамалы ерекшелеу, техникалық мамандықтарда оқитын студенттердiң оқу мерзiмi үш жыл, гуманитарлық мамандықтарда оқитындарда — 2 жыл. Оқудың бiрiншi жылы магистратура студенттерi сабақтарға қатысады, сабақтардың мазмұны бакалаврда оқитын сабақтардан бiршама күрделi. Мұғалiмдер сабақ уақытының тек 30-40 пайызында тақырып түсiндiредi, ал сабақтың қалған уақыты студенттер пiкiрталасына немесе презентацияға арналған. Магистратураның 2 және 3 жылы студенттер ғылыми жетекшi профессормен бiрге түрлi ғылыми жобаларға қатысады және магистрлiк диссертациялық жұмысымен айналысады.

— Тіл оқуда қиындық туындаған жоқ па? Қытай тілін қанша уақытта меңгердің?

— Қытай тiлi әлемдегi ең күрделi тiлдердiң бiрi. Шетелдiк студенттер Қытайға келiп мамандықта оқудан бұрын қытай тiлiн оқуы қажет және тiлдiк емтиханды HSK (Hanyu Shuiping Kaoshi, Chinese Proficiency Test) өтулерi мiндетті, бұл емтиханды өтпегендер мамандыққа түсе алмайды. Мен Қытайға келерден бұрын ағылшын тiлiн жақсы меңгерген болатынмын, содан жаңа шетел тiлiн үйрену ондай қиынға түскен жоқ және жасым 17де болғасын зерек болып, мұғалiм айтқан затты тез қағып алып отырдым. Ең қиыны, ол иероглифтердi жаттау едi, күнде-күнде өзiңдi жаттықтырып жаза бермесең, ұмытып қаласың. Қытай тiлi курсында 1 жыл оқыдым, бiрақ бұл қытайлықтармен еркiн сөйлесуге жеткiлiктi емес едi, мамандықта оқып жүрген кезiмде жаңа сөздер үйренуге және қытайлармен көбiрек араласып сөйлесiп жүруге тырысып жүрдiм.

— Жалпы онда күнделікті оқу процесі қалай өтеді?

— Қазiргi менiң оқуым жұмыспен тепе-тең деп санауға болады, бастығым — ғылыми жетекшiм. Офисте өзiмнiң арнайы орным бар, соған дүйсенбiден жұмаға дейін келуiм керек, жұмыс уақыты таңертеңгi 8.00-ден кешкi 5-ке дейiн. Офисте мұғалiм бөлiп берген түрлi тапсырмалармен айналысып отырамын, кей-кездерi сол тапсырмалармен байланысты кiтаптар мен техникалық мақалалар оқу қажет болады, анда-санда лабораторияға барып зерттеу жұмыстарын жасаймыз.



— Өзіңнің ең ерекше мұғалімдерің жайлы айтып берсең?

— Ерекше қадiр тұтатын мұғалiмдер қазiргi ғылыми жетекшiм — Профессор Хан Гуоцин және орта мектептегi сынып жетекшiм Жұмағазина Ильмира Көбейсинқызы. Осы мұғалiмдерге маған берген оқу және өмiрлiк ақыл-кеңестерi үшін үлкен алғыс айтамын.


— Зерттеу тақырыбың қандай? Қазірде қандай жобалар бойынша жұмыс жасап жатырсың?

— Жарты жыл бұрын ғылыми жетекшiммен ақылдаса отырып болашақта потенциалы үлкен газ өндiру бағытымен байланысты жобаны зерттеуге шешiм қабылдағанмын. Магистрлiк диссертациялық жобамның аты — «Теңiз газ ұңғымаларының түбiнен сұйықтықты көбiк көмегiмен айдап шығару». Жақында Қытайдың мемлекеттiк мұнай компаниясы CNOOC (China National Offshore Oil Corporation) бiздiң ғылыми-зерттеу тобымызға бiр үлкен жоба бөлдi. Ол жобаның басты мақсаты Қытайдың Бохай шығанағында бiрнеше мұнай және газ ұңғымалары мiне екi-үш жылдан берi түптерiне сұйықтық жиналудың себебiнен тоқтап тұр. Ендi сол ұңғымаларды қалай қайта қалыпты iске келтiруге болады деген үлкен сұрақ туындады. Соңғы бiр-екi ай тек осы жобамен шұғылданудамын. Келер жылы, Алла бұйырса, егер магистрлiк диссертациямды сәттi қорғасам, Қазақстанның алып теңiз мұнай және газ кен орны Қашағанның игеруiне өз үлесiмдi қосамын деген үмiттемiн.

— Жалпы шетелде оқитын студенттер біраз қиындықтарға тап болып жатады. Сен үшін Қытайда оқу мен тұрудың қандай қиын тұстары болды?

— Ең бiрiншi жылы әлемнiң ең үлкен қалаларының бiрi Бейжiңге келгенiмде ең үлкен қиындық — үйдi сағыну болды. Себебi, мен кiшкене қалашықта туып өскем, бұрын алыс жерге жалғыз өзiм шығып көрмегем, қоршаған ортада тым көп адам болғанға және Қытайдың тамағына үйренбегем. Әлбетте, екi-үш ай өте келе, өзiммен қатар жаңа достар тауып, жаңа студенттiк өмiрге сүңгiп кеттiм.

— Жатақханада тұрасың ба? Ай сайынғы стипендияң өмір сүруге жеткілікті бола ма?

— Иә, университетiмiздiң шетел студенттерi жатақханасында тұрамын. Қытай Бiлiм Министрлiгiнiң оқу гранты оқу пұлын (шамамен жылына 750 000 теңге), жатақханада тұру пұлын, жыл сайын қажет кiтап-материалдарды сатып алуынан босатады. Университет маған ай сайын стипендия берiп тұрады (шамамен 40 000 теңге). Ұзақ уақыт бойы Бейжiңде тұрып жатқан соң, мен әлдеқашан қарапайым Бейжiңдiктiң өмiрiне үйрендiм, университеттiң стипендиясы өзiме жетедi.

— «Жыл студенті» атану үшін белсенді де болу керек екен, университеттің қандай қоғамдық жұмысына қатыстың?

— Жақсы оқумен қатар көптеген қоғамдық және спорттық шараларға қатыстым. Студенттiк Мұнай Инженерлерi Қоғамының мүшесiмiн, бiрнеше рет университетiмiзде болған форумдар мен бiлiм сайыстарын ұйымдастыру жұмыстарына қатысқанмын. Жыл сайын университет ұйымдастыратын футбол және баскетбол сайыстарында бiрнеше рет Мұнай және газ iсi департаментi командасы құрамында топ жарғанмын.

— 18 мың студенттің арасынан дараланып шығуың ненің арқасында деп ойлайсың?

— Қытай Мұнай Университетi «Жыл студентi» атағы оқу үлгерімі бойынша жоғары көрсеткішке жеткен, қоғамдық және спорттық шараларға белсене қатысқан және үздік ғылыми зерттеу жұмыстарын жасаған студенттерге жыл сайын берiледi. Менiң ойымша, осы құрметтi атақты алуымның басты себебi, бұйырса, осы қыркүйек айында АҚШ Нью-Орлеан қаласында өтетiн жас ғалымдар конференциясында ғылыми жобамды қорғау мүмкiндiгiн иеленуiм.




— Қытай жастары қандай? Қазақ жастарынан қандай айырмашылықтары бар?

— Қытай мен қазақ жастарының арасында бірқатар айырмашылық бар. Олар да біз секілді бір бағытта дамиды: балабақша, мектеп, университет және т.б. Яғни, болашақта көздеген мақсаты, жоспарлары бір. Жақсы білім алу, қатардан қалмай жақсы қызметке орналасу, отбасын құру, балалы-шағалы болу дегендей.
Қытай жастары бізге қарағанда тынымсыз. Олардың көпшілігі бос уақыттарын тиімді пайдалануды жақсы біледі. Қолдары қалт етсе болды, спортпен шұғылданып, саябаққа барып серуендеп, тауға шығып, әр түрлі спорт секцияларына қатысу сияқты пайдалы шаруалармен айналысуға құмар. Біздің жастар секілді теледидардан көз алмай немесе қазіргі заманның «ауруы» болып саналатын «агент», «В контакте», «Мой мир» деген интернеттің әлеуметтік жүйелерін қызықтайтындардың саны аздау.



— Оқуыңды бітіргеннен кейін қандай жоспарларың бар? Жалпы өзіңді болашақта қандай мамандық иесі ретінде көресің?

— Сырт елде біраз жыл болдым. Алла бұйырса, оқуымды бiтiргеннен кейiн елге оралып, шетелде жинаған тәжірибемді өз елімнің игілігіне жаратсам деймін. Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсiбiн жаңа жоғары технологиялық сатыға көтеруге ат салысатын жоспарым бар.

— Оқудан бос уақытта немен айналысасың?

— Бос уақытымда тарихи киноларды қарауды және кампустың спорт алаңында достарыммен футбол ойнауды ұнатамын.

— Сүйікті кітаптарың туралы айтып берсең?

— Осы жақында бiр өте қызық кiтапты оқып бiтiргенмiн, аты «The Prize: The Epic Quest for Oil, Money & Power», авторы Даниель Ергин. Әлемде мұнай және газ өндiру қашан және қай жерде басталғанын, екi дүниежүзiлiк соғысында мұнайдың маңызды рөлi, Каспий өңiрiнiң кен орындарын Нобель ағайындылары қалай игере бастағанын және т.б қызықты деректердi жақсы суреттеп берген. 1992 жылы осы кiтап АҚШ жазушыларының арасында даңқы ең жоғары Пулитцер сыйымен марапатталған.

— Қазіргі таңда басты арманың қандай?

— Қазiргi арманым келер жылы оқуымды аяқтап, елге қайту.

— Шетелге оқуға түскісі келетін (әсіресе Қытайға) талапкерлер үшін қандай кеңес айтар едің?

— Ең бастысы, еңбекқорлықты үйренуі керек. Азаннан кешке дейін аянбай еңбек ету — өте мықты қасиет, әсiресе қытай тiлiн оқу барысында. Бос уақыт болған кезде шама келгенше Қытайлармен араласып, олардың мәдениетi мен ұлттық дәстүрлерiн меңгерiп алған жөн болады.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Фото: Асланның жеке архивінен


«Шетелде білім алу» айдарында жарияланған басқа материалдар:

Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Robert Gordon University

University of Warwick

Gazi Üniversitesi

University of Windsor

Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті

Université de Basse Normandie

Carl von Ossietzky Universität Oldenburg

Universität Greifswald

Шетелде ғылыми тәжірибеден өту: University of L'Aquila

Шетелде ғылыми тәжірибеден өту: Humboldt-Universität zu Berlin

Шетелде білім алу: İstanbul Üniversitesi


Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

Алия Arsik
1 шілде 2013, 12:22
8623

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 10379
  • 33
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4450
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2993
  • 72
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2088
  • 73
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1677
  • 53
Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Если честно, для нас формат заведения был в диковинку - раньше нам доводилось есть бургеры в сетевых ресторанах фаст-фуда или же в заведениях, где кроме бургеров подают еще много разных блюд.
zhanuska_checkedboe
19 сент. 2017 / 15:12
  • 1433
  • 16
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
24 сент. 2017 / 17:58
  • 1323
  • 9
Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Смысл бюджета в том, чтобы знать, куда ты, блин, потратил бабки. В том, чтобы в конце месяца, ты сел, почитал свои записи и понял, какой ты придурок. И принял уже наконец здравое решение, что куда идет.
Lesch
24 сент. 2017 / 21:03
  • 1281
  • 45