Қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігін көрсететін инфографика
Carbon Visuals британиялық дизайн-бюросы қоршаған ортаны қорғау бойынша инфографика жасады. Ол әр компанияның қоршаған орта алдындағы жауапкершілгін көрсетеді. Инфографика University of Colorado at Boulder (UCB) қызметкері Ричард Хидтің (Richard Heede) зерттеуі негізінде жасалды. Зерттеу «1854 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта жанармай, цемент өндірушілердің көмірқышқыл газы мен метан қалдықтарын ауаға тастауы» тақырыбына арналған. Хид жүргізген талдауда, дәл қазіргі кезде әлем бойынша жанғыш материалдар өндірудің 63%-ы 90 ірі компанияға тиесілі. Оларға 50 жеке компания, 31 мемлекеттің қатысуымен басқарылатын компания және 9 мемлекеттік корпорациялар жатады. Жетекші мұнай өндіруші компанияларға американдық Chevron мен Exxon Mobil, Сауд Арабиясынан SaudiAramcо, британдық BP және ресейлік…