«Аңыз түбі шын, аруақ түбі жын»
Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Құранда басына түскен қиындықтарға сабыр етіп Алланың рахметіне бөленген Әйүп пайғамбардың (ғ.с.) оқиғасы баяндалады. Ол ең әуелі өзінің бар малынан айырылса, сонан соң құлаған үйінің астында қалып әйелінен басқа бүткіл отбасы қырылады. Онымен қоймай өзі де жан баласы жуымайтын алапес ауруына шалдығып тірілей шіри бастайды. (Мұхаммед ғ.с.) Құлымыз Әйүпті (ғ.с.) есіңе ал. Сол уақытта ол Раббысына: «Рас, мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты» деп жалбарынды. Құран Кәрім. Сад 38:41 Бұл аятта Әйүп пайғамбар (ғ.с.) өзінің басына келген бар бақытсыздықтың шайтан арқылы келгенін айтады. Демек, бұл адам баласы ұшырайтын қандай болмасын бәле-жала, ауру-сырқауларға шайтандардың қатысы бар екенін білдіреді. Адам баласы ұшырайтын қандай болмасын бәле-жал…