Мазмұнға өту

Жаңа

Бектенов диқандардан тыңайтқыш жетіспейтіні туралы шағымдар келіп жатқанын айтты

Өңір әкімдіктері тыңайтқыштарды және жеңілдікпен дизель отынын жеткізуді жеделдетуі қажет. Бұл жайында Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.Оның айтуынша, дәл осы тыңайтқыш мәселесіне қатысты шағым көп екен."Диқандар тарапынан отандық зауыттарда тыңайтқыштар жетіспейді деген шағым түсіп жатқанын айта кеткім келеді. Сондықтан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сұранысқа ие тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Фитосанитариялық жағдайға ерекше назар аударған жөн", - деді Үкімет басшысы.Сондай-ақ Бектенов шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы биылға тура келіп тұрғанына тоқталды. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмы…

0
0
401

Елімізде АЭС құрылысы туралы референдум қашан өтеді?

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевқа Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың елімізде атом электр станциясының (АЭС) құрылысы жөніндегі референдумның осы жылдың аяғында өтуі мүмкін дегеніне қатысты сұрақ қойылды. Фото: gov.kzСәтқалиев болса, бұл тұрғыда нақты жауап берген жоқ. Ол тек тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.«Бұл жерде процедура бар. Жұртшылықпен тікелей байланыстамыз. Біз аймақтарға барамыз. Онда барлық мәселелер бойынша кең көлемдегі түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Референдумды тездету туралы министрліктерден де, қоғамдық бірлестіктерден де ешқандай сұраным болған жоқ. Сондықтан біз заңға сәйкес жұмыс істеп жатырмыз», – деді Энергетика министрі.Ол сондай-ақ ақпарат құралдарында осы референдумға қатысты мәлімдемесінің бұрмаланып беріліп жатқанына тоқталды.«Бұқар…

0
0
437

Іле Алатауында 3,5 мың метрге жуық шыңға шыққан қыздың халі нашарлап қалды

Іле Алатауында жағдайы нашарлаған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке барған.

undefined

9 мамырда 4 турист Шымбұлақ шыңына (3450 м) шыққан. Жоғарыға жеткен соң бір қыздың халі нашарлап, өздігінен түсе алмай қалады.

"Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық құрам жіберілді. Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды төменге алып түсті", - деп хабарлайды t.me/qr_tjm.

Сөйтіп, туристер Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылған.

0
0
570

Alma TV өкілдері кеше не жағдай болғанын түсіндірді

Кеше түске жақын Alma TV-дағы ғаламтор желісі таратылымында ақау болған еді. Соны компания өкілдері түсіндіріп берді.

undefined

Олардың айтуынша, сұмдық бір кибершабуыл болыпты.

"2024 жылғы 09 мамырда сағат 12:02-де интернет-хабар таратуда үзілістер байқалғанын (аналогтық, цифрлық, спутниктік теледидар қызметтері штаттық режимде жұмыс істеп тұрды) назарларыңызға жеткіземіз.
Қызмет провайдерінен алынған мәліметтерге сәйкес, сәтсіздікке көпдеңгейлі кибершабуыл себеп болды.
Компания мамандары жедел әрекет етіп, сервистің жұмысын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдады.
Қазіргі уақытта қызмет толық қалпына келтірілді және штаттық режимде жұмыс істейді", - делінген Alma TV хабарламасында.

0
0
395

Атырау облысында Жайық өзені көтеріліп, төңірекке тасқын қаупі төніп тұр

Атырау облысының Индер ауданындағы Индербор кентінде Жайықтың су деңгейі көтеріліп жатыр.

undefined

Өзеннің бойындағы бөгеттерді нығайтуға қызылордалық мамандар көмекке келген.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты судың деңгейі қатты көтерілуде. Осыған байланысты елді мекенге қауіп төніп тұр. Су тасқынының алдын алу және оны болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдардың қызметкерлері қосымша топырақ қаптау және бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы, 80 адам жұмылдырылды», – дейді Қызылорда облысы ТЖД ТЖЖБ басқармасының бастығы Жандос Досымов.

undefined

undefined

0
0
492

Түркістан облысындағы тауда ер адамның жүрегі тоқтап қалды

Төлеби ауданындағы таулы аймақта орналасқан Қасқасу ауылы аумағына демалуға барған 51 жастағы ер адам қайтыс болды.

undefined

Фото: alashaqparat.kz

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасындағы жолдастары жедел жәрдем шақырғанымен дәрігерлер жетемін дегенше науқастың жүрегі тоқтап қалыпты. 

"Жедел жәрдем келгенге дейінгі биологиялық өлім болды. Өлім себебі белгісіз", - дейді басқармадағылар.

0
0
401

Нұрлан Ұранхаев: «Елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты»

Абай өңірінде бүгінгі Жеңіс күні облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың құттықтауынан басталды. Ол әкімдіктің ресми сайтында таңғы сағат 8-ден өте жарияланды.   «Қымбатты ардагерлер!Құрметті жерлестер!Халқымыз үшін қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!Бүгін — жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы мереке. Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп, жеріне қорған болған азаматтарды әрқашан ерекше құрмет көрсете білген.Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз – Отан үшін от кешкен батырларға кенде емес. Сол себепті елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты», – делінген әкімнің құттықтауында.Нұрлан Ұранхаев бүгінгі халқымыздың есімдері тарихтың бетінде мәңгі қалған аға буын алдында шексіз қарыздар екені…

0
0
1738

"Араларыңызда қордайлықтар бар ма?" Саят Медеуов түрмеде ән салды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде бүгінгі мереке құрметіне белгілі әнші Саят Медеуов өнер көрсетті."Өнер қайраткерімен кездесу алдында мекеме ұжымы мен шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтаған №72 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А. Әлімжанов Қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекенің маңызымен таныстырып, құттықтау сөз сөйледі.Ішкі істер министрлігінің ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әнші өз репертуарындағы патриоттық әндерді орындап, сотталғандардың ризашылығына бөленді", - деп жазады Polisia.kz. Рас-өтірігін білмейміз, баяғыда әнші Мәдина Садуақасова бір түрмеде өнер көрсетіп тұрып: "А…

0
0
504

Біз әлсіз ұрпақпыз ба?

Әжемнің әкесі соғысқа аттанып, хабарсыз кеткен. Соңғы рет тұтқынға түскені туралы ғана ақпарат келген екен...Соғыс біткеннен кейін екі-үш жылдан кейін ол оралыпты. Қалай аман қалғаны, елге қалай оралғаны туралы сұрамаппыз әжемізден.”Әкеміз келе жатқанын біреулер сүйіншілеп үйге келіп жатты. Анамыз абдырап сыртқа шығып кеткенде, үйдегі сіңіліміз екеуіміз қайнаған сүттің бетіне тұрып қалған қою қаспақты ұрланып жеп-жеп алдық” дейді... Балалық шығар, түрі-түсін ұмытып үлгерген әкесінен гөрі қаспақтың қуанышы мықтырақ болды дейді...Елге келген соң әрбіреуі бір келіп қудалаған, тұтқында болдың, тыңшысың, бандысың деп айыптап тергеуге алған соң шыдамай алдарындағы 5-6 малды айдап, үй-ішімен айдалаға көшіп кеткен екен. Өлгенше сол қырда қалыпты жарықтық...Соғыстың қан ортасынан оралып келіп, бір…

0
0
503