Мазмұнға өту

Жаңа

Шымкент: жеңісті жақындатқандарға пәтер кілті берілді

Бүгін 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл жеңіс оңай келген жоқ. Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыс халқымыз үшін ең қасіретті кезең болып тарихта қалады.Отанын қорғап, аждаһаның аузынан қайтқан ата-апаларымыздың теңдессіз ерлігі, отаншылдық нәріне суарылған биік парасаты, асқақ адами болмысы бізге мәңгілік өнеге, өмірлік мектеп, ізгілік пен адамгершілік этолоны болып қала береді.Жылдар жылжып, сол сұрапыл кезеңнен алыстаған сайын, бейбіт күн сыйлаған соғыс ардагерлеріне деген құрметіміздің еселене түсері анық. Өйткені, зымыраған уақытпен бірге аңызға айналып бара жатқан соғыстың ақиқатын айтатын ардагерлерімздің де қатары тым сиреп барады.Бүгін Шымкенттіктер де Жеңіс күнін атап өту үшін «Даңқ мемориалына» жиналды. Қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, есімдері қашалып жазылған ескерткіш…

0
0
539

Шымкентте кофе мен сүт өнімдері жанып кетті

Шымкенттегі кофеханалардың бірінде өрт болды.

undefined

От бұл мекеменің қойма бөлмесінде тұтанған. Онда кофе мен сүт өнімдері болыпты.

"Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
432

Соғыс ардагері туралы жазба

ӘКЕЖеңіс күні! Бұл күн мыңдардың көз жасын тыйып, миллиондарға қуаныш сыйлаған күн! Сол Жеңісті жақындатуға менің ƏКЕМ - Сəрсен Әбдіқайымұлы да үлес қосты. 1942 жылы әкемді армияға шақырады. Бір айдай Алматыда дайындап, соғысқа әкетеді. Алдымен Смоленскіде соғысып, одан соң Ржев қаласына ауыстырады. Сол жерде жүргенде әкем қатты ауырады. Тамағына бір түйін пайда болып, ас іше алмай қалады. Қайтадан Смоленскіге әскери госпитальға жібереді. Ем қонбайды. Медконсилиум жасаған екі-үш дәрігер әкеме сұрақ қояды:- Әкең бар ма?- Жоқ. Кулактармен байланысы бар деп Сібірге жер аударылған.- Шешең бар ма?- Жоқ. Мені босану үстінде қайтыс болған.- Жасың нешеде?- Жиырмада. Осы сұрақтардан соң, дәрігерлер өзара қатты дауыс көтеріп дауласады. Бір дәрігер ашуланып шығып кетеді, бір дәрігер қағаз толтыруға…

0
0
582

Халық қазақ тілін қорлаған ForteBank-ті басқаларымен қосып орнына қоя ала ма?

Әлде банк басшылары әлі де «бұл халық бізге не істей алады?» деген оймен алаңсыз отыр ма?Әлеуметтік желінің құдіреті ғой. Соңғы бірнеше күнде ForteBank төңірегінде дау өршіді. Оған осы қаржы ұйымының жұмыс берушілер мен іздеушілердің хабарландыруын жариялайтын сайтқа бір вакансия туралы жазып, онда «Қазақ тілі міндетті емес» («Казахский язык – не обьязательно») деп қойғаны себеп. Дәл осы бір ауыз сөз халықтың шамына қатты тиді. Расымен бұл сөздің қазақ тілін әрі елдің негізін құраушы білдей бір ұлтты қорлап тұрғаны анық.Банк өкілдері оның себебін айтты (әлде солай дей салды ма?). Олардың уәжі бойынша, әлгі бос жұмыс орны туралы хабарландыру сайтқа жасанды интеллект басқаратын робот рекрутер арқылы автоматты түрде жіберілген көрінеді. Сөйтіп тым ақылды болғанымен, сезімге түк жоқ робот қат…

0
0
567

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз.Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз.Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз!Бейбітшіліктің…

0
0
490

Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК-тің шағын форматтағы жиынына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) шағын форматта өткен отырысына қатысты.

undefined

ЖЕЭК саммитіне Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев келді.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi

0
0
461

Құлжа тас жолында бүгін болған сұмдық жол апатының мән-жайы айтылды

Қайғылы оқиға Алматы-Көкпек-Көктал жолының 41-шақырымында болды.  
Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетеді. Сөйтіп, Nissan Cefiro-мен бетпе-бет соқтығысқан. Бұл көлік қатты соққының әсерімен барып жол жиегінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5-ті соғады.

Жол апаты салдарынан Nissan Cefiro-ның жүргізушісі, Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар белгіленді.

Көптеген көлік жүргізушілері осы Құлжа тас жолының өте қауіпті екенін айтады. Ал полиция жұртты абайлап жүруге шақырып отыр.      

0
0
745

Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің үйін сатудан басқа амалы қалмағанын айтып жылады

Бұған әншінің ол үйді енді күтіп ұстауға жағдайы жетпейтіні себеп екен.  Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова 2005 қаза тапқан күйеуі Заманбек Нұрқаділовтен кешірім сұрап, одан қалған үйді енді сатпасқа амал жоқ екенін мәлім етті.  «Мен шаршадым. Сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де үкімет сенің дүниеңді алып кетпейтін болса, туған-туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Мен сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын жүз мың теңге керек сіздің үйіңізді сақтау үшін. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған жоқпыз. Зәке, сен соны ойламапсың ғой. Айына мен 20 жыл бойы екі үйге 200 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ ж…

0
0
979

Түркістан облысында оқушы толы болған шағын автобус өртеніп кетті

Түркістан облысындағы «Шымкент-Самара» автожолында "Газель" өртенді.

undefined

16 оқушы мен бір жүргізуші болған шағын автобусты қызыл жалын толығымен шарпыған. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатыпты.

Құдай сақтап, "Газельде" болғандардың бәрі одан түсіп үлгерген.

"Шақырылған сәттен бастап өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оттың тұтану себебі анықталуда", - деп жазады t.me/qr_tjm.

0
0
498

Атырауда тура Отан қорғаушылар күнінде әскери бөлімнен жауынгер қашып кетті

Ол өзін қуғандарға қарсылық білдіріп, оқ атқан.

undefined

Мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні жауынгер 41433 әскери бөлімінен қару мен оқ-дәрілерді алып қашып кетті.  

Ұстауға талпынған кезде ол оқ атқан. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлердің «Арлан» арнайы бөлмшесі мен ҰҚК-ні көмекке шақыруына тура келген.

Ақмола облысынан осы жылы 18 сәуірде шақырылған бұл жауынгер өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 оқ-дәрі алып кетіпті.

Қашқын ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

t.me/guwonline

0
0
393