Мазмұнға өту
Абай облысы
32 жазбалар3 тіркелуші

Абай облысы – Қазақстанның шығысында 2022 жылы бұрынғы Семей облысы негізінде құрылған аймақ.

«Бұл мен үшін тарихи кездесу»: Президент Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Бородулиха халқымен жүздесті

Бородулиха ауданына Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауы талқыланды.

0
0
3775

Абай облысында жасанды интеллектті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысының Бесқарағай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

0
0
1901

Абай облысында педагогтерге құрмет көрсетілді

Абай облысында ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, ардагер ұстаздар мен 500-ге жуық педагог қатысты.

Аймақ басшысы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жас ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегіне жоғары баға берді.

0
0
2207

Абай облысында «Заң мен тәртіп» жас ораторлар байқауы өтті

Абай облысында колледж студенттері арасында «Заң мен тәртіп» атты жас ораторлар байқауы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастыру, шешендік өнер арқылы қоғам назарын осы мәселеге аудару болды.

0
0
1529

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай Семей қаласында салтанатты қабылдау шарасы өтті. Қарияларға құрмет көрсетуге арналған жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдің қала-аудандарынан ардагерлер қатысты.

Аймақ басшысы ардагерлерді мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен сіңірген еңбегіне құрмет білдірді.

0
0
897

Семейде «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Жеңімпаздар қатарында еңбек әулеті, жас жұмысшылардың тәлімгерлері, жұмысшы мамандық иелері бар.

Марапаттау рәсімі «Еңбекші жастар» фестивалі аясында өтті. Пленарлық сессия барысында жұмысшы жастардың болашағы және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

0
0
726

Абай облысында отандық қой шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық семинар-кеңес өтті

Бүгін Семейдегі Шәкәрім университетінде «Кооперация тетіктерін енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану және инвестиция тарту негізінде отандық қой шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту» тақырыбында халықаралық семинар-кеңес өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының президенті, ҰҒА академигі Тілектес Есполов және Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктері басқармаларының, шаруа қожалықтарының өкілдері, төрт түлік мал, қой шаруашылығына мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарының жетекші мамандары, отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.

0
0
529

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖАС МҰҒАЛІМ АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ҚОЛДАНАДЫ

Абай облысы Көкпекті ауданының математика пәні мұғалімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрлан Құмаров туған ауылындағы Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектепте қызмет атқарады.

0
0
365

Облыс әкімі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті

3 қыркүйек күні аймақ басшысы Берік Уәли «Асыл Мирас» аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жетекшісі, облыс әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Арайлым Әлімжанова, Абай облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Николай Исаев және Қазақстан журналистер одағының Абай облыстық филиалының төрағасы, Семей қалалық мәслихатының депутаты Хасен Молдабаевты қабылдады.

0
0
387

Абай облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында сенбілік өтті

Семей қаласында санитарлық тазалық айлығы аясында кезекті рет жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қала аумағын абаттандыруға және тазалауға бағытталған бұл шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, білім беру мекемелерінің ұжымдары, сондай-ақ қала тұрғындары белсене қатысты.

0
0
314