Мазмұнға өту
Оқи қалар оқиғалар
63 жазбалар3 тіркелуші

ҰҚК тікұшағы Қазақстан-Қытай шекарасында өте жайсыз қонды

Оқиға сәрсенбі күні Достық бекетіне жақын маңда, Қытай аумағында болған.

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікұшағы Қазақстан-Қытай шекарасында қиын жағдайға ұшырап, жайсыз қонды.

Құдай сақтап, адамдар дін аман. Яғни экипаж мүшелері зардап шекпепті. Бірақ тікұшақ оқиға орнынан әкетілмеген.

t.me/orda_kz

0
0
503

Алматы облысында құдық үшін қазылған шұңқырға жылқы түсіп кетті

ТЖМ құтқарушылары құдыққа құлаған жылқыны шығарып алды.

Алматы облысындағы Қарасай ауданының Исаев ауылында тереңдігі 1,5 метр құдыққа жылқы құлаған.

Көмекке келген Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жануарды альпинистік жабдықтың көмегімен шығарды. Жылқыға зақым келген жоқ.

https://t.me/qr_tjm

0
0
308

Шымкентте зейнеткер өмір бойы жинаған ақшасынан айырылып қала жаздады

“Өмір бойы жинаған қаражатым еді”. Шымкентте киберполиция зейнеткердің ірі көлемдегі қаражатын алаяқтан сақтап қалды.Шымкенттік “CyberPol” қызметкерлеріне 73 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Өзінің айтуынша, оған белгісіз біреулер телефон шалып, өздерін құқық қорғау органының өкілі ретінде таныстырып, банк шотындағы күдікті операциялар туралы хабарлаған. Ал тексеру жүргізу үшін ер адам телефонына белгілі қосымшаны орнатып, SMS-кодты хабарлауы тиіс екенін айтқан. Бірақ телефон соғушылардан сезіктенген зейнеткер тәртіп сақшыларына жүгінуді жөн көреді.Полицейлер бұл алаяқтардың бөтеннің ақшасын онлайн жолмен жымқыру түрі екенін жеткізіп, бірден банкке хабарласып, шот бойынша барлық операцияларды бұғаттады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтың 15,5 миллион теңгесін сақтап қалу…

0
0
291

Қырықтағы азамат Каспийге батып кете жаздады

Ақтауда ТЖМ қызметкерлері 40 жастағы ер адамды құтқарды.

Қаланың құтқарушылары шомылу кезінде ағыспен батып бара жатқан 1984 жылы туған ер адамды жағаға шығарды. Ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

0
0
416

Семейде алапат өрт болды

Абай облысының орталығында аммиак селитрасы мен консерві содасы сақталған қойма отқа оранды.

undefined

Қызыл жалын шамамен 1000 шаршы метрді шарпыған. Ал қойманың жалпы ауданы 4500 шаршы метр болады.

Өрт толығымен сөндірілді. ТЖМ хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

0
0
720

Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті

undefined

Оқыс оқиға Самара-Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 794-шақырымында болған.

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында дәрі-дәрмекпен тиелген жүк көлігі өртенді.

"Құтқарушылар күшімен 1991 жылы туған көлік жүргізушісі құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде өртті жойды. Өрттің себебі анықталуда", - деп жазды ҚР ТЖМ.

0
0
1790

Таразда автокөлік дәу шұңқырға түсіп кетті

Таразда автокөлік күн жарықта жолдың тура ортасындағы жылу трассасының шұңқырына түсіп кетті.

Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың маңында ешқандай ескерту белгісі болмаған. Оған құлаған көлікте жүргізушімен бірге балалар отырыпты. Жолаушылар мен жүргізуші жарақат алды.

Оқиға орнын видеоға түсіріп тұрған әйел: "Мына көліктің артынан біз де келе жаттық. Біз де түсіп кете жаздадық. Осы көлік сақтап қалды" дейді.

Полиция жылу жүйесіне жөндеу жүргізіп жатқан мердігер компанияға қатысты қылмыстық іс қозғады.

0
0
338

Саусақтан шықпай қалған сақина

Құтқарушылар айел адамның саусағынан шықпай қалған сақинаны алып тастауға көмектесті. Ерекше жағдай Жетісу облысында болған.

Жүзік қыздың саусағын қысып қалып, оны өзгелердің көмегінсіз шешу мүмкін болмапты.

Жедел құтқару жасағының қызметкерлері қызды жарақаттамай, арнайы сым кескіштермен кесіп, саусақты тез арада сақинадан босатты.

https://t.me/qr_tjm

0
0
618

Астанада ыс тиген мысық құтқарылды

Елордадағы көпқабатты тұрғын үйде пәтер өртенген. Онда мысық қалып қойыпты.

Құтқарушылар Жаслан Жәкенов пен Денис Чайковский ыс тиіп есінен танған мысықты пәтерден алып шықты. Сөйтіп, оны тыныс алу аппаратының көмегімен дем беру арқылы аман алып қалды.

0
0
426

Алматыда қонақ үй отқа оранды

Оқиға Алатау ауданында болған.

Қонақ үйдегі өрт бүгін таң алагеуімде тұтанды.

"Шақырылған сәттен бастап 45 минут ішінде өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда. ТЖМ күштерімен өрт таңғы сағат 07:00-де толықтай жойылды", - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

0
0
469
Оқи қалар оқиғалар - Yvision.kz