Атырау облысында Жайық өзені көтеріліп, төңірекке тасқын қаупі төніп тұр
Атырау облысының Индер ауданындағы Индербор кентінде Жайықтың су деңгейі көтеріліп жатыр.
Өзеннің бойындағы бөгеттерді нығайтуға қызылордалық мамандар көмекке келген.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты судың деңгейі қатты көтерілуде. Осыған байланысты елді мекенге қауіп төніп тұр. Су тасқынының алдын алу және оны болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдардың қызметкерлері қосымша топырақ қаптау және бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы, 80 адам жұмылдырылды», – дейді Қызылорда облысы ТЖД ТЖЖБ басқармасының бастығы Жандос Досымов.


