Мазмұнға өту

Жаңа

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейіне көне жапон тапаншасы табысталды

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музей қоры ерекше жәдігермен толықты.

undefined

Жапонның Намбу тапаншасы Жаңаарқа ауданында үй ауласынан ұра қазу барысында табылды. Газетке оралған қару жер қойнында 100 жыл көмулі жатқан.

14 типті Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған. Оны император әскерінің офицерлері 1937 жылы Қытайға қарсы соғыста, сондай-ақ 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданған.

Құнды экспонатты музейге Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Бауыржан Қалыбеков табыстады.

Polisia.kz

0
0
515

Ресейде өзенге құлаған автобустағы адамдарды құтқаруға Қазақстан тумасы қатысқан (видео)

Санкт-Петербургте ішінде 20 адамы бар автобус көпірден құлап, суға батты.Ресей басылымдары сол автобустағы адамдарды құтқаруға алғаш болып ұмтылған азаматтарды атады. Олар – дағыстандықтар Идрис Гаджиев, Шахбан Жабраилов, Мухаммад Гасанов, қырғызстандық өзбек Илхом Эргашев, қазақ Ерхан Аханов (төмендегі фотода) және Владимир есімді бозбала. Ерхан өз автокөлігінің тросын арқан ретінде қолданыпты. Суда қалқып тұрған автобусқа сол арқанмен дағыстандықтардың бірі түскен.Ерхан Аханов «Ойым тек адамдарды құтқару болды. Онда біреудің әкесі не шешесі, біреудің баласы бар ғой. Қолдан келгенше жәрдем бердік. Менің ойымша, бұл жерде өзін еркек немесе адам санайтын кез келген азамат тоқтап, көмектесер еді», – дейді Ерхан.  Айта кетейік, кеше Санкт-Петербургте автобус Мойка өзеніне құлап, со…

0
0
498

Атырау облысының екі ауданында әлі де тасқын қаупі бар

Қорғаныс бөгеттері көп мөлшердегі суды төртінші күн бойы ұстап тұр.
undefined
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда.

Өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды.

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі деректері бойынша ағымдағы жылғы 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша:
Атырау - 533 см. Тәулігіне + 5 см.
Индербор ауданы 1026 см. Тәулігіне +12 см.
Махамбет ауданы 939 см. Тәулігіне +15 см.
Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су деңгейі шектік белгіден асып түсті. Су тасқыны жағдайы ҚР ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.

t.me/qr_tjm

0
0
547

Халық саны 20 095 963 адамға жетті

Елімізде халық саны 20 095 963 адамға жетті.

undefined
Фото: egemen.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша:

Қала тұрғындары – 12 513 014 адам;

Ауыл тұрғындары – 7 582 949 адам.

Ерлер саны – 9 815 465;

Әйелдер саны – 10 280 498.

Айта кетейік, еліміздің 20 миллионыншы 5 тұрғыны тұрғыны 2023 жылдың 14 қарашасында Ұлытау , Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген еді. Олардың үшеуі - ұл, екеуі - қыз.

0
0
495

Елімізде «әйелдер вагонына» деген сұраныс артып жатыр

Жыл басынан бері онда жол жүру қызметін 70 мыңға жуық жолаушы пайдаланған.Фото: railways.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық. Яғни 2023 жылдың осы мерзімінде «әйелдер вагонының» қызметіне 34 мыңнан астам жолаушы жүгінген. Қазір «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызының құрамында бар:-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер ж…

0
0
491

Ақтөбе облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мұғалімдер мен депутат қаза тапты

Қайғылы оқиға 9 мамырда Самара-Шымкент тас жолының Ырғызға жақындап қалған тұсында болған.
undefined
ВАЗ жеңіл көлігі бір бағытта келе жатқан МАН жүк көлігінің артынан соғады. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 3 адам қаза тапқан.
Көлікті Ырғыз мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген 45 жастағы мұғалім жүргізіпті. Ол ауруханаға түскен соң қаза тапқан. Оның әйелі оқиға орнында көз жұмды. Әйел де сол мектепте бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген. Олардың артында мектеп жасындағы 3 бала қалды. Көз жұмған үшінші жолаушы Ырғыз ауданы мәслихатының 28 жастағы депутаты, ауданның ветеринар дәрігері болған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

t.me/qaz365kz

0
0
590

Жаңадан құрылған Алатау қаласының әкімі тағайындалды

Президент Әкімшілігінің және Алатау қалалық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен Әркен Өтенов Алатау қаласының әкімі  болып тағайындалды.Әркен Хамитұлы 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2006 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2010 жылы Карнеги Меллон университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі) бітірген. Халықаралық қатынастар маманы, мемлекеттік саясат және басқару ғылымының магистрі.Еңбек жолын 2006 жылы «Казинвестбанк» АҚ корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері болып бастаған.Әр жылдары елдің банк саласында қызмет атқарған. Одан кейін Президент Әкімшілігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қызмет атқарған.2019 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін Президент Әкімшілігінің Сыртқы…

0
0
533

БАӘ-дегі елшілік кеңесшісінің әйелінің шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Карина Мамаш күйеуінен жиі таяқ жейтінін айтып шағымданған еді.  

undefined

Фото: @yyedilov

Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Сараптамалар белгіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», – дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш жақында балаларымен бірге елге жеткізілген болатын. Бұған еліміздің Сыртқы істер министрлігі септігін тигізді.

Карина Мамаш өзін жиі ұрып-соғып, азаптаған күйеуімен ажырасып, дүние-мүлкін бөлісіп, одан алимент өндіріп алғысы келіп отыр. Әрине, ол балаларын да өзімен қалдырмақ ойда.  

0
0
455

Әзербайжан мен Арменияның СІМ басшылары келіссөз өткізу үшін Алматыға келді

Әзербайжан мен Арменияның Сыртқы істер министрлері Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян келіссөз жүргізу үшін Алматыдағы Достық үйіне келді.

undefined

"Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоянды Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу қарсы алды. Олар кейінірек ақпарат құралдарына арнап мәлімдеме жасайды. Дәл осы ғимаратта 1991 жылы Алматы декларациясына қол қойылған", - деп жазады t.me/sputnikKZ.
Біз бұрын Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөз үшін өз алаңын ұсынуға әзір екенін, бірақ Астана оларға араағайындық жасамайтынын хабарлағанбыз.

1
0
519

Игорь Вранчев Ерлан Ғазымжановтың адвокаты болған ба?

undefined

Вранчевтің бұрын Ғазымжановты қорғағанын білесіздер ме?

Қызық-ә, бірнеше жыл бұрын Бишімбаевтың қорғаушысы адвокаттық лицензиясынан айырылайын деп жатқанда, оған дәл Нүкеновтер отбасының адвокаты қорғаушы болған.

Толығырақ айтсақ, Ғазымжанов 2019 жылы сотта аялаяқтық үшін айыпталған Ерлан Алшынбаевты қорғайды. Ал Алшынбаев ақырында 6 жылға сотталып кетеді.

Сол кезде Ғазымжанов фейсбуктегі парақшасына судьяның прокурорға дауыс көтере сөйлеген видеосын жариялап жіберген. Бұдан кейін оның үстінен шағым беріледі. Осының кесірінен лицензиясынан айырылуы мүмкін еді. Сонда Вранчев оның адвокаты болған.

Ақыры 2020 жылы Ғазымжанов екеуі сотта жеңіп, оны лицензиясынан айырмау туралы шешім шығарылады. Енді олар қарама-қарсы екі тараптың жағында отыр.

Сырым Итқұловтың жазбасы (орысшадан аударылған)

1
0
588