Мазмұнға өту
Қылмыс пен жаза
127 жазбалар3 тіркелуші

Бишімбаев қай түрмеде жазасын өтейді?

Фото: kaztag.kzӘйелін өлтірді деген айыппен сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу қапасынан шығарылып, ең жоғары қауіпсіздіктегі мекемеге жөнелтілді. Бірақ оның нақты қай түрме екенін Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер (ҚАЖК) хабарлаған жоқ.Десе де, жақында ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібеков Бишімбаев жазасын Ақмола облысында, елордаға жақын жерде өтейтінін айтқан еді. Журналистер бұл Аршалы кенті маңындағы түрме деп топшылап отыр. Өйткені Степногордағы ең жоғары қауіпсіздіктегі колониядан гөрі Астанаға жақынырағы сол.Жәнібеков ол кезде экс-министрдің жазасын өтей жүріп немен айналысатынын да айтып берген болатын. Оның сөзінше, бұрынғы шенеунік ағаш және металл өңдеу бағытында жұмысқа орналаса алады.«Бұл бос жұмыс орнының болуына байланысты ғо…

0
0
346

Түрмеде жүріп те терроризмді насихаттауды тоқтатпаған

Өткен айда лаңкестік сипаттағы қылмыс жасады деген айыппен еліміздің 3 азаматы бас бостандықтарынан айырылған. Бұл туралы бүгін ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.Фото: astanatv.kzСотталғандардың бірі - елорда тұрғыны тіпті терроризмді тергеу қапасында отырып та насихаттапты. Сөйтіп, 11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты камераластарына лаңкестік идеологиясын таратуға тырысқаны үшін оның жаза мерзіміне тағы 6 жылды қосып берді. Ол содан төрт ай бұрын ғана 20 жылға сотталған екен. Бұған астаналықтың билікті басып алуға, лаңкестік топ құруға және оны басқаруға, лаңкестік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адам тартуға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілікті шақыруы себеп болған. Сондай-ақ 3, 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі м…

0
0
379

Ақтауда инкассатор 10 млн теңге ұрлап, артынан өзін атып тастады

Полиция дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақтаудағы Halyk Bank ғимаратында инкассатордың 10 млн теңге ұрлап, артынан жертөлеге тығылып, басын табелдік қарумен атып салғаны туралы ақпарат кеше әлеуметтік желіде тараған еді. Бүгін соны қаланың полиция басқармасындағылар растады.  

«Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция басқармасы ұрлық және өз-өзін өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді», – дейді олар.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

lada.kz

0
0
353

Өткен жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Қырғызстанда ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У-ды» ұстап, ол Алматы қаласы ПД уақытша ұстау қапасына қамалды.Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінген.Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.«У» осы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «У» азаматы Қырғыз Республикасының шекарас…

0
0
659

Комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім бермеуді ұсынды

Қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің Президенттен кешірім беруді сұрағаны туралы осы айдың басында айтылған еді.Фотоколлаж: khabar.kzБүгін Кешірім жасау жөніндегі комиссияның бұл мәселені қарап, Мәсімовтің өтінішін қанағаттандырмағаны белгілі болды. Бұл туралы комиссия басшысы, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Facebook-тегі парақшасында жазды.Ол бұның Президентке ұсыныс қана екенін айтты. Ары қарай Мемлекет басшысының өзі шешеді.Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған еді. 2023 жылы сәуірдің аяғында Астана соты оны мемлекетке сатқындық жасағаны, билікті күшпен басып алуға талпынғаны, билік пен қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.  Сондай-ақ Мәсімовке қатысты тағы Қылм…

0
0
436

Таразда балабақша басшысы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оның тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айырыла отырып,  4 жылға бас бостандығынан айырылды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Жамбыл облысының прокурату…

0
0
287

Түркістан облысында лаңкестікті насихаттады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады.

Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
340

"Мен заңсыз сотталдым". Байжанов апелляциялық сотта өзінің кінәсі жоқ екенін айтты

Бүгін Қуандық Бишімбаевпен қатар оның қылмысын жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановқа да қатысты апелляциялық сот өткізіліп жатыр.

Ол сөзін тағы да қағазға қарап оқып берді. Байжанов өзінің кінәлі еместігін айтып, "әділ сотқа деген сенімін қайтарып беруге көмектесуді" сұрады.

Сотта оның жұбайы Айнұр да сөйледі. Ол кішкентай үш баланың әкесін ақтауды өтінді. Бұл отбасының ниесилері, ипотекасы бар екен. Балаларының біріне екі рет ота жасалыпты. Және отағасы олардың жалғыз асыраушысы болып тұр.

0
0
459

Еліміздің бірнеше өңірінде қылмыстық топтардың жолы кесілді

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр.

17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Топ мүшелерінің “қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді.

Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде.

Polisia.kz

0
0
373

СҚО-да ұсталған күдікті полиция қызметкеріне тап берді (видео)

СҚО-да алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады.Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Есіл ауданының тұрғынынан  діни алауыздықты қоздыру белгілері бар жариялаған материал анықталды. Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу әрекеттері барысында мән-жайды анықтау үшін аудан орталығының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатымен ер адамнан iPhone14 телефонын беруді сұрады. Бірақ жергілікті тұрғын олардың заңды талабын елемей, құрылғыны сындырмақ болды. Полицейлер оның әрекетін тоқтатты, бірақ ер адам қызметкерлердің бірінің бетіне соққы жасады. "Күдікті ұсталды. Оған қатысты алауыздықты қоздыру және билік өкіліне күш көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу ж…

0
0
345