Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Біз әлсіз ұрпақпыз ба?

Әжемнің әкесі соғысқа аттанып, хабарсыз кеткен. Соңғы рет тұтқынға түскені туралы ғана ақпарат келген екен...Соғыс біткеннен кейін екі-үш жылдан кейін ол оралыпты. Қалай аман қалғаны, елге қалай оралғаны туралы сұрамаппыз әжемізден.”Әкеміз келе жатқанын біреулер сүйіншілеп үйге келіп жатты. Анамыз абдырап сыртқа шығып кеткенде, үйдегі сіңіліміз екеуіміз қайнаған сүттің бетіне тұрып қалған қою қаспақты ұрланып жеп-жеп алдық” дейді... Балалық шығар, түрі-түсін ұмытып үлгерген әкесінен гөрі қаспақтың қуанышы мықтырақ болды дейді...

Елге келген соң әрбіреуі бір келіп қудалаған, тұтқында болдың, тыңшысың, бандысың деп айыптап тергеуге алған соң шыдамай алдарындағы 5-6 малды айдап, үй-ішімен айдалаға көшіп кеткен екен. Өлгенше сол қырда қалыпты жарықтық...Соғыстың қан ортасынан оралып келіп, бір марапат, бір медаль алмапты...

Негізі, бұндай оқиғалар көп қой... Психикалық соққы алып, соғыстан келген жарымжан болып кеткендер, аяқ-қолы жоқ көшеде қайыр сұрап кеткендер...

Басымызға соғыс бермей-ақ қойсын. Дәл қазіргі буынның рухы әлсіздеу сияқты. Көтере алмауымыз мүмкін.

Аз-кем дағдарыста қайтерімізді білмей абдырап қалдық. Су келе жатыр деп жөңкіле көштік.

Мемлекет маған не істеп жатыр деп санасып жүретін, үнемі өзіне бір жағдай жасамаса теріс айналып шыға келетін, мемлекеттің де, отанның да қадірі кеткен замманың әлсіз буынымыз.

Тіпті, басымызға күн туса “Демократия, менің құқым бар” деп басқа жаққа тайып тұруымыз да әбден мүмкін. Жалпы, біз сияқты бозөкпелер соғыс тақсіреті туралы не түсінеді дейсің?!


Бақытгүл Сармекованың жазбасы

0
0
460

Осы тақырып бойынша