Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

"Араларыңызда қордайлықтар бар ма?" Саят Медеуов түрмеде ән салды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде бүгінгі мереке құрметіне белгілі әнші Саят Медеуов өнер көрсетті.

undefined

"Өнер қайраткерімен кездесу алдында мекеме ұжымы мен шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтаған №72 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А. Әлімжанов Қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекенің маңызымен таныстырып, құттықтау сөз сөйледі.
Ішкі істер министрлігінің ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әнші өз репертуарындағы патриоттық әндерді орындап, сотталғандардың ризашылығына бөленді", - деп жазады Polisia.kz.

Рас-өтірігін білмейміз, баяғыда әнші Мәдина Садуақасова бір түрмеде өнер көрсетіп тұрып: "Араларыңызда қызылордалықтар бар ма?" деп сұраған көрінеді. Сол сияқты Саят Медеуов те жазасын өтеушілерден "Араларыңызда қордайлықтар бар ма?" деп сұраған жоқ па екен?

0
0
448

Осы тақырып бойынша